20 қазан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Орталық ғылыми кітапханасы» мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай шығармашылығы әлемдік әдебиет пен мәдениет аясында» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференциясын өткізді.
Конференцияға еліміздегі абайтанушы ғалымдардан сырт, Түркия, Ресей және Өзбекстан әдебиетшілері қатысты. Екі жарым сағатқа созылған ғылыми талқы жиналысында ұлы Абайдың бұған дейін ашылмай келген қырлары туралы тұшымды баяндамалар жасалды. «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы сөз тізгінін ұстаған бұл шарада әлем таныған Абай төңірегінде тың тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, Өзбек елінен қатысып отырған профессор Юлдашев Қазақбай «Абай: ойшыл, ақын, сопы»; Түркия Республикасынан байланысқа шыққан Doc.Dr.Cemile Kinaci ханым «Абай және жастар»; У.Алиев атындағы Қарашай-Черкес мемлекеттік университетінен Сүйінова Нәсіпхан Хусинқызы «ХХ ғасырдағы ноғай әдебиеті және Қадрия поэзиясы» атты баяндамаларымен алыстағы туыстас түркі жұртының ыстық сәлемдерін жеткізді. Ал Шығыс Қазақстаннан Аязбаева Гүлмира Мұратқызы мен Кашаку Гүлжан «Сирек басылымдардағы Абай» және «Абай мен Михаэлистің достығы» атты баяндамаларын жасады.
Орталық ғылыми кітапханасы Ғылыми-библиография бөлімінің бастығы Игиликова Сымбат Игиликқызы «Орталық ғылыми кітапхана қорындағы Абай Құнанбайұлының шығармалары» атты баяндамасында жұртқа Абай туралы қыруар материалдардың тізбесін көрсетті. Осы кітапхананың Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің қызметкері Әділет Ахметұлы «Қолжазбалардағы Шәкәрім мұраларының сыры» атты тақырыпта тыңнан түрен салды.
«Абай шығармаларындағы Риа мәселесі» атты тақырыпта баяндама жасаған М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Қыдыр Төрәлі Еділбайұлының «Абай шығармаларындағы Риа мәселесі»тыңғылықты зерттеулері тыңдарман қауымның алқауына бөленді. Серікқазы Сыбанбайұлы жақында ғана жарық көрген ұжымдық еңбек – Абайдың академиялық толық жинағы туралы айта келіп, келелі кеңесті қортындылады.
Өткен ғасыр басында ұлттың рухын сілкіндірген осы үш кітап болды. Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар қорында осы қасиетті үш кітаптың да алғашқы басылым нұсқалары бар. Ендеше, біз бүгін қымбатты оқырманға осы үш кітап жөнінде айтамыз!
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Шын мәнінде бүгін біз ұлт көшбасшысы Міржақып Дулатұлының осы жалғыз шумақ өлеңінен басқа білеріміз аз. Әсілінде бұл бір шумақ өлең қайраткер ақынның «Оян қазақ» (1911, Уфа) атты кітабының титулына жазылған аңдатпа ғана еді. Яғни бұл шумақ ақынның ұлттық рухқа толы ұшан-теңіз шығармаларының бір тамшысы ғана. Ал, Міржақып Дулатұлы «Оян қазақты» шығарғаннан кейін ілгерінді-кейінді «Жатпа қазақ», «Тұр қазақ» атты екі кітап шығып, қазақ рухына серпіліс береді. Бұл үш кітап туралы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақова былай дейді:
«ХХ ғасырдың басында жарық көрген Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» (Орынбор, 1909), Байбатыр Ержанұлының «Тұр, қазақ!» (Қазан, 1914) және Әбілқасым Арғынидің «Жатпа, қазақ!» (Ташкент, 1917) кітаптарының жуырда қайта басылып шығуы – елеулі рухани оқиға.
100 жыл бұрын ұйқыда жатқан қазақ рухын тірілтуге тырысқан Міржақып Дулатұлының «Оян, қазағының» әсерімен «Тұр, қазақ!», «Жатпа, қазақ!» кітаптарының жазылуы тегін емес еді. Олардың құрылымы, көтерер тақырыбы мен ішкі мазмұны «Оян, қазақтың» жалғасындай болып қабылданады. Көркемдік деңгейлері түрлі болғанымен, Байбатыр Ержанұлы мен Әбілқасым Арғынидің сөз саптауы, жазу мәнері мен ой орамдарындағы айшықтардың басты концепті бір еді. Ол – қазақтың санасын ояту. Кітаптың кіріспесінде айтылғандай, парсы әдебиетінің классигі Жәләләддин Руми «Ұйқыда жатқан халықты ояту үшін бір адамның ояу болуы жеткілікті» деген екен. Өз заманынан озық туған ұландар елінің қамын жеп, қараңғы зұлматтан жарық нұрға алып шығуды көздеген. Қолдарына қару емес, қалам ұстап, халықтың санасына сәуле себуге тырысқан. Міржақып, Байбатыр һәм Әбілқасым да надандық шеңгеліндегі жұртын «оян», «тұр», «жатпа» деп ұрандатып, оятуды қалады. Үш ақын да қоғамда қордаланып қалған ел, жер, дін, білім мәселелерін көтерді, жыр жолдарымен жарқын болашаққа үндеді. Бүгінгідей жаһандану заманында өзінің ұлттық қайнарлары мен құндылықтарына тереңірек үңілген бүгінгі ұрпақтың өткенге қайырылып көз тастауына бұл үш кітаптың да септесетіні анық».
Иә, аталып отырған үш кітап – әр қазақ үшін құнды жадыгер саналады. Оянайық, жатпайық, ойланайық!
Кітаптың түпнұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыз. Ал бұл кітаптардың қазіргі басылымын және М.Дулатұлы сияқты ұлт көшбасшыларының томдарын кітапханаға келіп пайдалана аласыз!
«Жатпа Қазақ»
http://nblib.library.kz/.../Omar%20Argyni.../1.html...
«Тұр Қазақ»
http://nblib.library.kz/.../Erjanov%20Baibatr.../1.html...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай шығармашылығы әлемдік әдебиет пен мәдениет аясында» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция өткізеді. Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей (Қарашай-Шеркес Республикасы) мемлекеттерінің ғалымдары қатысады.
Өткізілетін орны, уақыты: 2020 жылдың 20 қазаны, сағат 15.00. ZOOM платформасы
Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақалалар 20 қазанға дейін қабылданады.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы
Байланыс телефондары: 8(727) 2-61-02-39; 8(727) 2-61-02-49.
Электронды пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Кітапхана – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Ол оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Олар бүгінде заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы, атаулы күндер мен белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерей тойларына арнап тақырыптық көрмелер ұйымдастырушы, оқырманның талап-тілегіне сай кеңес беруші, халық мүлкіне өмір бойы қамқор болып өтетін мамандық иелері. Осы атаулы күнге орай, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының библиографиялық көрсеткіштерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың гранттық жобаларынан шыққан ғылыми еңбектер, «Ұлы тұлғалар» сериясы мен «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» сериясы, кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері туралы еңбектер, Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиялық көрсеткіштері қойылды.
2020 жылы 15-қазан күні ҚР БҒМ ҒК Ғылым ордасы
Орталық ғылыми кітапханасында
Кітапханалар күніне орай
«Өз кітабыңды таңда» атты акция ұйымдастырылады.
КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ!
Мекен жайымыз:
Алматы қаласы
Шевченко көшесі, 28 (Қонаев көшесінің қиылысы)
Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапханасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК
ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 14 қазанындаКітапхана күніне орай сағат
10.00-де «ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Жандосов Ораз Қиқымұлы» атты жинақтың офлайн-онлайн тұсаукесер рәсімін өткізеді.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының кітап қорында 6 миллионға жуық құжат бар, оның ішінде сирек басылымдар мен қолжазбалар ерекше орын алады. Аса рухани, материалдық құндылыққа ие бұл кітаптардың тарихи, ғылыми, мәдени мағынасы аса зор. Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері қордағы материалдарды сақтап, насихаттауда игілікті істер атқаруда. Солардың бірі «Ұлы тұлғалар» сериямен белгілі тұлғалардың еңбектерін жинақ ретінде шығарылуы.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры Ораз Жандосовтың «ЖАНДОСОВ ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ. Құраст.: С.О.Смағұлова, Р.Е.Оразов. Жауапты ред.: Қ.Е.Қаймақбаева. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2020. – 224 б., сур. [«Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық серия] жинағына оның ХХ ғасырдың 20-30 жылдары мерзімді баспасөз беттеріне жарық көрген, бірақ жинақтарға енгізілмеген 25-тей мақалалары, туындылары мен оның қызметіне қатысты құжаттық материалдар, естеліктер және ғылыми мақалалар топтастырылып отыр.
Тұсаукесер рәсіміне белгілі ғалымдарды, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының ұрпақтары, тұлғатану саласының мамандары, баспасөз қызметкерлері қатыспақ.
Отан тарихына, тұлғатану саласына қызығушылық танытушы оқырмандарды онлайн тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.
Өткізілетін орны (офлайн): Мәжіліс залы, 3-ші қабат.
Онлайн: ZOOM платформасы, Идентификатор нөмірі: 896 4755 9100, Құпия сөз: 690097
Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/89647559100?pwd=R0IzYXlHdkpPc05FK3NwanJMb1NsUT09
Уақыты: 2020 жыл 14 қазан сағ. 10.00
Мекен жайы: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28
Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:
Қаймақбаева Қарлығаш +7 (727) 272-83-41
Смагулова Светлана +77783315060
Игиликова Сымбат +7 (727) 261-02-39
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мұнарадай бойы бар,
Кәлласы үлкен түйеден.
Аяқ-қолы шынардай,
Беті қара күйеден.
Қозғалған төбе секілді,
Құлаған тауды сүйеген.
Түйеден үлкен басы бар,
Алпыс бес кез шашы бар.
Дорбасының ішінде
Сексен бес қадақ тасы бар.
Он бір батпан шойынды,
Оң иініне байлады.
Он екі батпан шойынды
Шекемтас қып ойнады. ...
Бұл Асқарбай бай батыр, балуандарын ертіп, Қалмақтың Орман ханына барғанда арыс майданына шыққан қалмақ балуан Бөрібектің бейнесінен үзінді.
Құрметті оқырман, бүгін сіз Оңтүстікте өткен атақты қиссагер Байшопанұлы Жылқыбайдың "Асқарбай - Сарыбек", "Зияда- Шаһмұрат" атты екі дастанының қолжазбасымен таныс боласыз.
Қолжазбаны жазып, 1956 жылы қорға тапсырған Амантайұлы Қысыраубек. Келтірілген екі дастан да бүгінге дейін кітап болып шыққан шығармалар арасында көп кездесе бермейді. Аталған қолжазба сонысымен де құнды болып отыр. Қаратаудың атақты жыршысы Нысанбайұлы Нұрәлі ақынға өнер жағынан ұстаз болған Жылқыбай ақынның тарихи жырларынан бірнеше қолжазба сақтаулы. Ақынның мұраларын жинаушының жазуы көркем, жырлардың бас-аяғы толық әрі жырдың тұтас тұлғасында қазақтың көне сөздері, діни терминдер, аймақтық тіл ерекшеліктері сақталған. Шығарма осы қасиеттерімен руханиятымызда өте құнды болып отыр.
Осылай деп айтқан соң,
Ақ мылтықты қолға алды.
Аққұс сынды тұлпарды
Атайын деп оңланды.
Мылтыққа білте басады,
Бөрікөз судай тасады.
Аққұс аттай тұлпардың
Қанын жерге шашады.
Қой боғындай қорғасын,
Ажал болып жабысты.
Аққұс атты өлтірді,
Жібермеді намысты. ...
Асқарбай байдың атақты тұлпарын қалмақтар қызғаныштан өлтірген сәтін осылай суреттесе, Асқарбайдың ұлы Сарыбек дүниеге келгеннен кейінгі бейнесін былай сомдайды:
Бір жасына келгенде,
Біл тасындай жайнады.
Екі жасқа келгенде,
Ер қаруын сайлады.
Үш жасына келгенде,
Ұшқан құстай ойнады.
Төрт жасына келгенде,
Төрге билік айлады.
Бес жасына келгенде,
Беліне қылыш байлады.
Сарыбек келді алтыға,
Таулар күйіп, тас жанар,
Сарыбектің зарпына...
Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі ұсынады.
Аса қызықты тағы бір мәлімет: «Қара ноғай, Сары ноғай қоныстан ауғанда Қазтуғанның айтқаны» деп аталатын қолжазбада, Қазтуған, Асанқайғы, Ер Абат, Шерқұтты би (текстте хан деп айтылады) арасындағы сөз тартыс тікелей осы ұлы тұлғалар аузынан беріледі. Және бұл жыр осыған дейінгі басылым көрген тарихи жырларда кездесе бермейді. Ғалым Сәлімұлы қолжазбасында кезіккен кейбір сұлу тіркестер де бұған дейінгі жарияланған жырларда жоқ. Ал бұрынғы жарияланған нұсқаларда бар тармақтарының өзі Қазтуған мен Мұрат Мөңке жырларында ішінара ғана ұшырасады.
Өткен ғасыр басында Османлыдан (Түркия) шыққан оқулықтар қандай?
Осман түрікшесімен басылған аса көп сандағы кітаптардың Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар қорында сақтаулы екенін біреу білсе, біреу білмес.
Қымбатты оқырман, біз бүгін сізге Осман мемлекетінің кітап қорымызда сақталған неше жүздеген кітаптарының ішінен арнайы екі кітапты таныстырамыз:
1. Хусейн Хифизидің «Истифадели Дірсләр» (Пайдалы сабақтар) атты кітабі. Кітап 1324-ші жылы (1906) Стамбулда «Шерекате Мартебие» баспасында шыққан. Түрік тілінде (осман), араб шрифтімен жазылған оқу құралы. 135 бет.
2. Хасан Марзуқтың «Жынларла Мухабере» (жындармен тілдесу) кітабі. 1328-ші жылы (1910) Стамбулда «Нажим Истиқбаль» баспаханасында басылып шыққан. Түрік тілінде (осыман) жазылған. Бұл кітап адам жанымен, әруақтармен сөйлесу жайында. Психология, спиритизм (үстелді, шыны-аяқ табақтарды айналдырып салдырлатып, өлген адамдардың рухтарымен тілдесу) жайында мәліметтер береді. 256 бет.
Аталған екі кітап туралы шағын ой қорытсақ, ХХ ғасырдың басы жершарындағы ұлттардың дерліктей ояну ғасыры болды. Жаңаша ойда оқулықтар, дін мен ғылымның түйткілдерін шешуге талпынған кітаптар жазылды.
Бірінші кітапқа қарап отырып, өткен ғасыр басында ұлттық дүниетаным негізінде жазылған, ұлт ұстазымыз Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралдары» еске түссе, екінші кітапқа қарап, күні бүгінге дейін жұмбағы шешілмеген рух әлемі туралы Түркия жазармандары бұдан 110 жыл бұрын арнайы кітаптар жазғанын көреміз.
Құпияға толы шексіз ғаламның сыры – кітапта. Кітапханаға көбірек ат басын бұрып тұрыңыз!
Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі дайындады.
1910 жылы Қазан қаласының «Урнэк» баспасынан басылып шыққан Құрбанғали Халидовтың «Тауарих хамса» атты кітабын қарап шықтым. Орталық ғылыми кітапханасында бұл еңбектің түпнұсқа түрі де аудармасы да бар. Егер оқимын десеңіздер Сирек кітаптар, қолжазбалар бөліміне келіп қарасаңыздар болады. “Тауарих Хамса” 1992 ж. қазақ тілінде жарық көрді. Ғылыми түсініктемесін Б.Көмеков жазып, шығыстанушы А.Жолдасов пен этнограф Б.Төтенай аудармасын жасады делінеді. Кітаптың "Қарқаралы дуаны" деген бөлімде қазақ елінің 19 ғ-дағы әдет-ғұрып туралы аса құнды этнографиялық мәліметтер берілген. “Тауарих Хамса” Шығыстың тарихы мен этнографиясы, мәдениеті мен әдебиеті жөнінде құнды еңбек болып есептелетіні рас, алайда автордың субъективтік пікірлері де жоқ емес (мысалы, кейбір діни қорытындылары, қымыз сияқты түркі терминдерін арабтың хамаз сөзінен болар деп болжам жасағаны, т.б.) Сондай-ақ, «Қазақ» атауына байланысты 10-нан астам дерек келтірілген екен, сіздермен бөлісуді жөн санадым. «Қазақ» атауына байланысты халық арасында көптеген пікірталастар бар екені белгілі.
Бірінші дерек «қазақ» «қашақтан» алынған сөз. Шыңғыс хан әулетінен ханзадаларының бірі атасының орнын алғанда оған қарсы таққа таласқан туысқандарының бірі өз адамдарымен қашып, тау-тас, сай-салада жайылып жүріп өткен-кеткендерді тонап-талап өмір кешкен. Мақсатсыз, бассыз жүрген топты білетіндер «қашақ» деген. Келе – келе «ш» дыбысы «з» дыбысына ауысып, қазақққа айналған деседі. Бұл дерек «Ғияс-әль-Луғаттан» алынса керек.
Екінші деректе «Қазақ» атауы қайсақтан өзгерген, «қайсақ» моңғол-қалмақ тілінде мемлекет шетін күзетуші мағынасында айтылған деген дерек береді. Бұл сөзді Сәйід Ғалин Ресей тарихынан көргенін баяндайды. Қытайлар қазақ халқын қазіргі тілінде де қайсақ, хаса, хайсау, хасақ деп атайды. Бірақ айтуларында бүгінде де қазақ атауы тұр. Қытайлар хайсақ дегені тілі келмегендіктен, сондай-ақ олардың ішінде «кизак» деп те атайтындар ұшырасады.
Үшінші деректе, «Қазақ» «Хазлахтан» шыққан деп көрсетеді. Ескендір Зұлқарнайын тосқауыл жасап, Әжүж, Мәжүж (тайпа аттары) іште қалып, түркілер сыртта қалып, өз халқынан бөлініп қалғаны үшін «тәрік» аталып, одан «түрік» болған. Тәрк – тастау, қалдыру деген мағына беретін араб сөзі. Содан бұлар уақыт өткен сайын көбейіп, бір тармағы хазлах атанады. Кейін келе «х» әрпінің орнына «қ» пайдаланылып, «л» әрпі түсіп, соңғы нәтижесі «қазақ» болып, қалыптасқан делінген.
Осы секілді он шақты мысал келтіріп өткен автор.
Шоқан Уалиханов өз еңбектерінің бірінде “қазақ” сөзін әскери термин ретінде қолднанылып “ержүрек, батыл” деген мәнді білдіргенін баяндайды.
Белгілі ғалым В.В.Радлов “қазақ” деген атауды: “тәуелсіз, еркін, ерікті адам” деп мағыналаған.
Алты миллионға жуық кітап қоры қалай жинақталды? Әрине теңізге құйған өзендер секілді кітаптардың жан жақтан келіп бір арнаға тоғысуынан.
Құрметті оқырман Орталық ғылыми кітапханаға бүгін төмендегідей жаңа кітаптар келді. Дандай Ысқақұлының "Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы" ," Мағжан - поэзия падишасы" атты еңбектері; Серік Ақсұңқарұлының "Уа, Ақсораң" жинағы; Әбіл Қонысбайдың "Жадымдағы жазбалар " кітабы; Оразақ Смағұлов пен Айнагүл Смағұлова жазған " Қазақ халқы және ата тегі" кітабы; Думан Рамазанның "Пешене" атты драматургиялық еңбегі; Қуандық Шамахайұлының " Шөлейт жақта" атты еңбегі; Болат Үсенбаевтың " Күрең күз" жинағы; Жолтай Жұмат-Әлмашұлының "Қазаққа айттым, қайтемін..." жазбалар жинағы; Марфуға Бектемірованың таңдамалы шығармалары Т1, Т2; Қалекен Смайылдың "Аралбай батыр Таңсұлу ана" өлең роман, поэмалары; Нұрлытай Үркімбайдың "Мен...сырласамын" кітабы және Бақыт Сарбасұлы құрастырған "Қазақтың Қалдарбегі" қатарлы қазіргі заманның құнды жазбалары өз оқырмандарына дайын.
Кітапхана есігі сіздерге ашық!
Күні кеше, Орталық ғылыми кітапханасына Қадырғали Жалайыр еңбегін зерттеуші, тарихшы Құлтай Нұрқалбайұлы Талдықорған қаласынан арнайы келді. Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш және Ғылыми-библиографиялық бөлімнің бастығы Игиликова Сымбат, тарих ғылымдарының докторы, профессор Светлана Смагулова Құлтай ағамызбен көрсеткіштің мұқабасы, мазмұны, дерекқоры туралы ақылдасып, баспаға даярлық барысымен танысты. Құлтай Нұрқалбайұлы 2015 жылы Талдықорған қаласынан жарық көрген өзінің еңбектерін тапсырды. Биылғы жылдың жоспарында бұл көрсеткішті басып шығарамыз деген мақсат бар. Бұл библиографиялық көрсеткішті жасаудағы негізгі мақсат - ортағасырлық ғұлама, дарынды, дара тарихшы ғалымның кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен қайталанбайтын бағалы асыл мұраларын зерттеу, зерделеу, жазу ұрпаққа насихаттау.
Орталық ғылыми кітапхана 9-қыркүйектен бастап
оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Жұмыс уақыты: 09:00 -19:00 дейін
Сенбі күні: 10:00-18:00 дейін
2020 жылдың 14 ақпанында «М.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың Москваның «Молодая гвардия» баспасынан «Жизнь замечательных людей» сериясымен шыққан «Құнанбай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Құнанбай қазақтың бас ақыны, ойшылы Абайдың әкесі ғана емес, ХІХ ғасырдағы қазақ даласында әділдігімен ерекшеленген би, аға сұлтан, аса ірі тұлға.
Аталған үлкен іс-шараға қоғам қайраткерлері, институт ғалымдары, Жоғары оқу орнының қызметкерлері, Қазақстан Жазушылар одағының Председателі Ұлықбек Есдәулетов, «Құнанбай»фильмінің режиссері және оның бейнесін сомдаушы Досқан Жолжақсынов және Абай ұрпақтары қатысты.
2020 жылдың 12 ақпанында «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Тұран» университетінің ректоры, профессор Алшанов Рахман Алшанұлының «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты екі тілде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Аталған іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттары мен музей қызметкерлері және жас ғалымдар қатысты. Кітап авторы Орталық ғылыми кітапхана қорына бірнеше кітабын тарту етті.
Басылым маңызды деректер беретін «Авеста», «Энума Элиш» сияқты еңбектердің алатын орны мен экологиялық жағдайдың қиындауы және оның себептері туралы білгісі келетін оқырмандарға арналған.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.
Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.
2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланғаннан кейін еліміздің қозғаушы күші, болашағы жастардың ұйымдастыруымен жыл бойы Қазақстаннның барлық оқу орындары мен ұйымдарында көптеген жиындар өткізілді
2019 жылдың 28 қарашасында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері: жастарды патриоттық тәрбиелеудің ғылыми-теориялық және зерттеу мәтініндегі практикалық қырлары» атты жас тарихшы ғалымдардың VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана «Ғылым ордасы» РМК «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден жастар саясатына арналған құжаттар, ғылым мен білім саласындағы жастардың әр түрлі жиындарда жасаған ғылыми баяндамалары, жетістіктері мен олардың қоғамдағы ролі туралы баяндайтын материалдар ұсынылды.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты, конференция бағдарламасы бойынша баяндамалар жасалды.
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы- ғалым, «Қазақ тілі» қоғамының құрметті Президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына биыл 95 жыл толып отыр.
2019 жылдың 3 желтоқсанында Ш. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен Тарих ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА корреспондент мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Федорович Дахшлейгердің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан тарих ғылымының дамуына Г. Д. Дахшлейгердің қосқан үлесі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Толығырақ: Григорий Федорович Дахшлейгердің туғанына – 100 жыл
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдулиннің туылғанына 95 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде ғалымның ғылыми еңбектері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер қойылды.
2019 жылдың 15 қарашасында жоңғар қалмақтарына қарсы күресте аты аңызға айналған батыр, қолбасы, әулие-абыз баба Әлмерек Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру және Ұлы Даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2019 жыл 28 қазан сағат 10.00-да Мұсабек Байзақұлының туылғанына 170 жыл және Орталық ғылыми кітапхана Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған «Молда Мұсаның әдеби мұрасы және Сирек қордағы ұлттық құндылықтар»атты халықаралық конференция өткізеді.
1914 ж. 10 қазанда Қарағанды облысы Ульянов ауданында дүниеге келген.
1934-1939 жж. Алматы қ. Қазақ тау-кен металлургиялық институты геологиялық-барлау факультетінің студенті.
Фонд Центральной научной библиотеки РГП «Ғылым ордасы» пополнился электронными версиями научного юридического журнала «Право и государство», переданными Университетом КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева.
ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты «Информатика және қолданбалы математика» атты IV Халықаралық ғылыми конференция өтуде.
Еліміздің тарихында Алматының алар орны айрықша. Қаланың ерте замандардан қазіргі дәуірге дейінгі бастан өткерген бай тарихы бар. Біз мұны мақтан тұтамыз. Алматы XX ғасырдың басында Қазақ КСР-нің астанасы болып, республиканың барлық саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналды. Алматыда ұзақ жылдар бойы мемлекеттік басқару мекемелері орналасып, Қазақстан тағдырына қатысты маңызды шешімдер – «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» мен «Тәуелсіздік туралы заң» қабылданды. Еліміздің тәуелсіздігін таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері де осы қалаға келді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы