Құрметті пайдаланушылар!
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы
«Web of Science» мәліметтер базасын қолдануға мүмкіндік жасайды.
– "Web of Science" МБ (қысқаша WoS, бұрынғы атауы ISI Web of Knowledge) - бұл ғылыми мерзімді басылымдардағы мақалалар мен патенттердің реферативтік базасын біріктіретін, соның ішінде мақалалардың өзара цитаталану базасын қамтитын іздеу платформасы. WoS индекстеу арқылы білімнің барлық салалары бойынша ақпараттарды ұсынады:
12 000-нан астам журналдар,
120 000 түрлі конференция материалдары,
4 400-ден астам сайттар.
Әлемдегі ғылыми зерттеулердің тиімділігін бағалау міндеттерінің басым көпшілігі WoS деректері негізінде шешіледі. Scopus мәліметтер базасы WoS базасынан тезірек көтерілсе де, соңғысы өз мұрағатының ауқымдылығы мен көлеміне, журналдар таңдаудағымұқияттылығы нәтижесінде журнал индекстерінің беделіне ие болады.
WoS-та библиографиялық мазмұнның барлық қажетті элементтері бар, мысалы, автор туралы мәліметтер, құжат пен дереккөздердің атауы, авторлардың рефераттары және басқалары. Осылайша, WoS дерекқорында сіз осы авторды және оның жарияланымын кім, қашан және қайда пайдаланғанын оңай таба аласыз.
Электрондық ресурстар залы
e-mail:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы