Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Ы.Алтынсаринның мұраларына қатысты оншақты қолжазба және алты көне кітап бар.

«Кел, балалар оқылық!» өлеңінің толық нұсқасы 308 жолдан тұрады. Ал, қазірге дейін ең толық деп танылған нұсқаның өзі 100 жолдан аспайды.

1880-1890 жылдары Ыбырай Алтынсариның кітаптары Қазан қаласында өте көп таралыммен, жиі басылып тұрған. «Кел балалар, оқылық», «Мәктубат = مكتوبات : Қазақ тіліндегі хрестоматия», «Шәрәйт-ул-Ислам (Мұсылманшылықтың тұтқасы) = شرايط الاسلام» қатарлы кітаптардың осыдан 140 жыл бұрын бір емес, бірнеше рет қайталай басылғанын, кітап қазақ даласында қолдан-қолға көшіріліп тарап кеткенін біреу білсе біреу білмейді. Ы.Алтынсаринның өлеңдері мен Міржақып Дулатұлының өлеңдері (Тұнық бұлақ) ауысқан. Ал Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы» Ы. Алтынсаринның өлеңдері деп, кітаптарға басылып тарап кеткені туралы естіп пе едіңіз?!

 Тұңғыш педагог, ұлы ғалым қысқа ғана ғұмырында жазған кітаптары және ел арасында Ыбырай Алтынсаринның өлеңі деп таралған қолжазбалардың бірсыпырасы қорда сқтаулы. Ы.Алтынсаринның шығармалары тіпті де көп болуы мүмкін.

Осы аталған қызықты әрі маңызды мәліметтерді біз Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған сап асылдың сынығындай жазба мұралар негізінде айтып отырмыз. Ыбырай Балғожаұлының өмірі туралы бүгінгі жұрт жүрген сан түрлі пікірлерден бөлек, ауыл қарттарының өз ауызынан жазып алған деректердің сыры қандай? Ғалымнан қалған осыншама мол мұраның ғылымда толыққанды игерілмеуі, ұрпақтар санасына мықтап орнамауына тарихи себептердің ықпалы қандай болды? Жалпы алғанда, алаштың Аймаңдай Ыбырайы тереңірек зерттелуі керек.

Орысқа болып қамқоршы,

Мұсылманның ауылынан

Қызыр, Ілияс шегінген,

Пайғамбар көшіп дүниеден.

Арыстаным кеткен соң,

Ісілам туы сөгілген.

Алладан жәрдем болмаса,

Бәнде ғарып неғылсын.

Осы күнгі ерлердің

Қол-аяғы байлаулы,

Арбадағы мәстектей

Тертенің басын кемірген.

Зорлыққа қазақ үйреніп,

Ұра берсең үшбұу күн,

Борсықтай боп семірген....

Қолжазбалардың бірінде осы өлеңді және басқа да жыр жолдарын Ыбырай Алтынсары баласының өлеңі, еш жерде жарияланбаған өлеңдері деп көрсетеді. Қазынасы мол бабалардың аманаттарын арқалаған ұрпақтар жүгінің салмағы ауыр.

                         

 

                                               

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37