«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ. 1915 жыл/Құраст.: С.О. Смағұлова, Г.М. Абикова. – Алматы:
«Елтаным баспасы», 2017. – 528 б ет.
ISBN 978-601-7849-30-6
«Қазақ» ұлттық баспасөзі 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлыныңбасшылығымен Орынбор қаласында шығып тұрды. Қазақ ұлт зиялылары мен қазақоқығандарын айналасына топтастырған бұл газет қазақтың жан жарасына айналған жер,тіл, дін, оқу жəне т ағы басқа мəс елелерді көтеретін басылымға айна лды.
Бұл жинаққа газеттің 1915 жылы жарық көрген 93-163 нөмірлері түгелдей арабəліпбиінен қазіргі жазу үлгісіне көшіріліп енгізілді. Мақалаларда сол жылғы ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігі, ішкі жəне саяси жағдайы, экономикалық-əлеуметтік, мəдени,оқу-ағарту, дін мəселелері, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дəстүрі, жоралғылары, тарихы жан-жақты қамтылған.
Кітап ұлт, мемлекет жəне Отан тарихымен қызығушы барша оқырман қауымғаарналған.
УДК 070
ББК 76.02
ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ*
1. Жоба тақырыбы атауы «ҚАЗАҚ» газеті – 1915 жыл
2. Жоба рефераты (абстракт)
Өзектілігі. 2017 жылы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толмақ. Төл ұлттық мемлекеттігіміздің бастауы болған осы ғасырлық тойға орай Алаш қозғалысы мен көрнекті Алаш зиялыларына қатысты барша дерек, ақпараттар жарық көрмек. Осындай баға жетпес мәдени-әдеби, тарихи және тілдік мұра – Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары тоқтаусыз шығып тұрған «Қазақ» газеті. «ХХ ғасыр басындағы ұлттық энциклопедия» деген атауға ие болған жәдігердің академиялық басылымын жасау – кезек күттірмес шара. Өйткені газеттің барлық саны Қазақстанның басты-басты кітапханаларының өзінде толық сақталмаған. (Толыққа жетеқабыл нұсқасы С-Петербургтегі Салтыков-Щедрин кітапханасының Химкадағы бөлімшесінде ғана бар). Барының өзі әбден жырымдалып, тозып біткен. Қолы қарау кейбір оқырмандар ерекше құнды жәдігердің талай бетін кесіп алып кеткен. Келер ұрпаққа мәңгілікке қалдырар басты мұрамыздың бірі ретінде оның факсимильдік және электрондық нұсқасын жасау – «Қазақстаника» библиографиялық қорына қосылған зор үлес болса, ал оны толықтай қазіргі жазу үлгісіне көшіру, яғни араб қаріпті ескерткіш мұраны көпшілікке қол жетімді ету – қазақ қоғамдық және гуманитарлық ғылымын жаңа бір саты, деңгейге көтеруге жәрдемдесер еді.
Жоғарыда айтылған мәселелер ұсынылып отырған жобаның ғылыми және практикалық маңыздылығын дәлелдейді. Практикалық маңыздылығы сонда мұрағат және өзге деректік материалдар негізінде жасалған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты ҚР мемлекеттік және үкіметтік ұйымдардың қызметінде қолдануға болады.
Ғылыми және практикалық маңызы.Жалпыұлттық «Қазақ» газеті бірегей жәдігер болғандықтан оның ғылыми айналысқа түсуі тарихшы, филолог, саясат, экономист т.б. мамандар үшін таптырмас қазына.
3. Жоба мақсаты мен міндеттері
Қазақстан тарихына қатысты деректерді, оның ішінде 1915 жылғы Ресей мен Қазақ даласындағы қоғамдық-саяси жағдайды нақтылау, Алаш арыстарының бұған дейін ғылыми айналысқа түспей келе жатқан жазба еңбектерін жариялап, олардың саяси көзқарасы мен отаршылдыққа қарсы күрес жолындағы өсу эволюциясын айқындау. Қазақ жұртына 1915 жыл бірінші дүниежүзілік соғыстың ең бір қызу да қиын жылы ретінде өте ауыр тиді. Инфляция өршіп, баға шарықтап кетті. Елде соғыс жағдайы жарияланып, сөз бостандығына шектеу қойылды: әскери цензура енгізілді. Қазақтың материалдық ресурстарын молынан жұтқан соғыс енді адами капиталға ауыз салды: қазақтан әскер алу мәселесі көтерілді. Осы алғышарттар 1916 және 1917 жылдары қазақ даласын жайлаған бас көтерулер мен көтеріліске алып келген болатын.
Міндеті. Бас шығарушылары А.Байтұрсынов пен М.Дулатов болған және Алаш көсемі Ә.Бөкейхан белсене араласқан «Қазақ» газетінің 1915 жылғы №№101-163 сандарын толықтай қазіргі жазу үлгісімен жариялай отырып, еңбек соңында бірнеше мақсатты «Көрсеткіштер» мен ғылыми түсініктер жазылады. Әр санның библиографиясы, «Есімдер» және «Географиялық атаулар» көрсеткіші, «Мағынасы күңгірт сөздерге» түсініктеме жасалады. Кітап соңында қазіргі таңда ең өзекті болып отырған шаруа – «Бүркеншік есімдер» көрсеткіші жасалады.
Жобаның міндеті мен мақсаты жинақы және нақты, Жоба тақырыбына сәйкес келуі керек.
4. Кілттік сөздер ГАЗЕТ, ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ, ТІЛ, ӘДЕБИЕТ, САЯСАТ, СТИЛЬ, БАСПАСӨЗ, МАҚАЛА, РЕДАКТОР, ФЕЛЬЕТОН, БИБЛИОГРАФИЯ,
ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
1. Жоба тақырыбының аты: Шағатай және түрік тілдеріндегі кітаптардың сипатталған библиографиялық каталогы. «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхана қоры бойынша. ХІХ ғ. - ХХ ғ. басы
2. Жоба рефераты (абстракт)
Ғылыми кітапханада түркітілдес халықтардың тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерінің көптеген литографиялық басылымы сақтаулы.
«Шағатай және түрік тілдеріндегі кітаптардың сипатталған библиографиялық каталогы. «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхана қоры бойынша. ХІХ ғ. - ХХ ғ. басы» жобасының өзектілігі – алғаш рет шағатай және түрік тілдеріндегі кітаптар толық көлемде оқылып зерттелетін болады; қазақ тілінде сипаттамасы жазылған каталог шығарылады және ол «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхананың WEB- сайтына шығатын болады.
Шағатай және түрік тілдеріндегі кітаптардың электронды базасының жасалуы оқырманға кітапхананың сирек қорын пайдалануға тиімді болады.
Каталогтың басылып шығуы тарих, түркі халықтарының мәдениетіне қатысты көптеген, я тіптен белгісіз, я дереккөздерден әлсіз анық сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Каталог ғалымдарға, шығыстанушыларға, кітаптану мамандарына, сондай-ақ, тарихи өткенге, кітап тарихы мен жазба мәдениетке қызығатын ауқымды қоғамдық ортаға қызықты болады.
3. Жобаның мақсаты мен міндеттері
— құнды тарихи құжаттарды зерттеу және сақтау;
— мамандардың ауқымды ортасы үшін шағатай және түрік тілдеріндегі сирек кітаптар қорын ашып көрсету;
— ұлттық өзін-өзі тану міндеттерінің қазіргі шарттарын шешетін тарих, мәдениет және әдебиет бойынша кешенді, пәнаралық зерттеулер негізінде бұрынғы және қазіргі тәжірибе арасындағы сабақтастық байланысын іске асыру;
— шағатай және түрік тілдеріндегі сирек кітаптардың аннотацияланған библиографиялық каталогты дайындау және басып шығару;
— материалдардың көлемін анықтау;
— дереккөздерді зерттеу және сараптау;
— түпнұсқа тілде оқу және қазақ тіліне атауын аудару;
— құжаттарды сұрыптау және оларды ғылыми жүйелеу;
— Библиографиялық сипаттаманы жазу;
— материалдардың тілдік принціпі бойынша және алфавиттік тәртіппен орналастыру;
— ғылыми мәліметі қоса берілген сипаттаманы жазу;
— аннотация жазу;
— Көрсеткіштің қосымша аппараттарын құрастыру;
— Жоба тақырыбы бойынша жазылған ғылыми мақалаларды баспасөз бетінде жариялау;
— Каталогты графикалық безендіру, тақырып бойынша суреттермен, карта және т.б. жабдықтау және сканердің көмегімен сандық қалыпқа ауыстыру;
— Каталогтың электрондық нұсқасын жасау
4. Кілт сөздер: БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КАТАЛОГ, ТАРИХНАМА, БИБЛИОГРАФИЯ, ШЫҒЫС КІТАБІ, ӘДЕБИЕТ, ҒЫЛЫМ, МӘДЕНИЕТ