Menu

«Жез таңдай, бұлбұл көмей» деген атқа лайық бірегей талант иесі – Біржан салдың алпысқа жуық әні бүгінгі қазақтың қазынасында. Өз заманының сегіз қырлы, бір сырлы азаматы өнерде өзінен бұрынғы даулескер күйшілерді, ағлескер ақындарды, дүлдүл әншілерді өнеге тұтса, өзінен кейін Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырды. Бүгінгі таңда, қазақтың жазба мұралары көп жиналған орталықтардағы рухани қазыналарға қарап отырып, өткен ғасырларда қазақ қауымы қайсы өнерпазын жанындай жақсы көргенін шамалауға болады. Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған бір ғана Біржан салға қатысты 33 қолжазбаның болуы осы сөзімізді дәлелдейді.

 

Біржан сал – белгілі тұрғыдан алғанда артына қалған мұралары халық жүрегінен орын алған, көп зерттелген бақытты тұлға деуге болады. Дегенмен, өз тізгіні өз қолынан кеткен қазақ жұртында өткен ғасырда бабадан қалған бай мұраның бәрін түгендеуге мүмкіндігі болған жоқ. Солай болған күннің өзінде де, Абай, Ыбырай, Шоқан, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім, т.б. егей тұлғалардың еңбектерін көз қарашығындай аялаған халқымыз саптаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған заманда да Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты алаш көшін бастаған ғалымдарға ел арасында сақталған жұрт жадысы мен жазба дүниелерінде хатталған мұраларды табыстап беріп отырғаны байқалады. Бұл әрине қуанарлық жай. Сол бір ыждағаттылықтың арқасында қолжазбалар қорында аты аталған тұлғалардан өзге мыңдаған жайсаңдарымыздың мұралары халық қазынасына қайта қосылды. Ал, бүгінгі зиялы қауым қорларда сары майдай сақталған сары тысты жазбаларды – түпнұсқа деректерді зерделей беруі керек.

Орталық ғылыми кітапханада сал Біржанның сарқыты ретінде жұрт арасынан жиналған 33 дәптер қолжазба бар. Бұл дегеніңіз бір тұлға жөнінен алғанда аса ірі көрсеткіш. Сонымен бірге, Жүсіпбек хожа Шайхулисламұғлы Қазан қаласында баспадан шығарған «Біржан сал менен ақын Сараның айтысқаны = برجان سال مينين اقىن صارانك ايتوصقانى.» атты кітабы ілгерінді-кейінді 1896, 1900, 1901, 1902, 1912 жылдары төрт рет басылып шыққан нұсқасы түгелдей бар. Ал, осы айтыстың 1927 жылы Қызылордадағы Қазақ мемлекет баспасынан шыққан нұсқасы да көне кітаптар қоржыны арқылы бүгінгі руханиятымызға қызмет атқарып тұр.

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,

Білдірмей серілік пен жүріп едім.

Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,

Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.

Ағаш үй от жаққаным қобылы пеш,

Құдай-ау, ғапу етіп күнәмді кеш.

Теміртас, Асыл, Ақық - екі қарғам,

Байлаулы арқандағы қолымды шеш.

Өзінің тағдыры мен трагедиялы ғұмыры сол ғасырдағы қазақтың тағдырындай болған ақынның осы бір туындысы да тағдырлы ұлы шығарма еді. Қолжазбалар қорындағы бір материалда ақын осы аянышты халін 1890 жылы Теңгебай атты досына айтқаны деп баяндалады. Бұл деректі айтып беруші сол Теңгебайдың ұлы Рахымжан деген кісі. Рахымжан әкесіне еріп барғанда 12-13 жастағы бала екен.

Бабалар мұрасы түгенделуі, зерделенуі керек.

Бұл мақаланың толық нұсқасы осында жарияланады.

"Теміртас" әнінің марқұм, академик Өмірзақ Айтабйұлы орындаған (дыбыс жазу арқылы) нұсқасы төменде:

https://www.youtube.com/watch?v=EE-RDq64hXY

                                          

                                

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33