https://www.elana.kz/keskekti-zhyrdyng-sojy-mahambetten.../ Алаштың хас батыры Махамбет Өтемісұлы туралы қандай қолжазбалар бар? Осы тақырыпта жазылған мақаламызды Елана сайты жариялап отыр.
Бірлік қылсаң, Алашым,
Ілгері қарай басасың.
Қол ұстасып ұмтылсаң,
Қатар жұрттан асасың.
Атағын мәңгі қалдырып,
Жасасын Алаш, жасасын!
Нұржан Наушабаевтың "Алашордаға" атты өлеңі.
Нұржан Наушабаев мұралары туралы мақаламыздың толық нұсқасы:
Ал, хакім Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңі 1865 жылы екі егейдің кездесіп, дәмдес, рухтас, пікірлес болғаннан кейін туған шығарма деген де пікірлер бар. «Әй, Біржан, сенен асып әнші тумас» деген Абайға: «Менен асып әнші туса туар, бірақ сендей ән түсінер тыңдаушы тумас-ау» депті бұлбұл Біржан.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Жазбамыздың толық нұсқасы осы жалғанымда:
Өлсем де атым қалар кейінгіге,
Жазылған жырым мынау өлсін неге.
Жас өсіп, жарлы адам байымай ма,
Аларсың екі жасты естеріңе.
Ей, достар, орындалды арыздарың,
Алдыңда қанмен берген жас жандарын.
Өкініш ертедегі бір оқиға,
Шығару баспа арқылы – қарыздарың!
Есім Байболовтан қалған мұралар жайлы Орталық ғылыми кітапхана Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкері - Әділет Ахметұлының мақаласы Massaget.kz порталында
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/64606/"color: #333399;">
https://www.elana.kz/nauryz-turaly-qolzhazbalar-ne-dejdi/
Оқырмандардың қызығушылығын туғызған жазбамыздың толық мақала нұсқасын жариялап отырмыз. Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған материалдарда наурызға қатысты не айтылды екен?! Осы мақалаға үңілуге болады. Ұлыстың ұлы күні ұлы жаңалықтарға толы болсын!
2021 жылдың 8-ақпан күні Алматыдағы Ғылым ордасының концерт залында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған позиялық әсем сазды кеш өтті. Заңғар ақынның өмірге келген күнінің қарсаңында өткен айтулы шараны ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхананың «Жас мамандар кеңесі» ұйымдастырған болатын.
Ақын шығармашылығына арналған бұл кештің оқырмандарға берген әсері мол болды. Кешке ақын-жазушылар, әнші-күйші өнерпаздар, ғылыми институттардың қызметкерлерімен қоса кітапхана оқырмандары, студенттер қатысты. Кешті Әділет Ахметұлы жүргізді. Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын Бауыржан Жақып пен «Ғылым ордасы» РМК директорының орынбасары Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы құттықтау сөз және алып ақын туралы естеліктер айтып кеш шымылдығын ашты. Қазақтың белгілі әнші-күйшілері Еркін Шүкімән мен Аршын Кәсімбайұлы ән-күйден шашу шашса, ақиық ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, сағынышқа толы сазды лирикалары оқылды. Орталық ғылыми кітапхананың жастары оқыған ақынның «Алтай-Атырау» поэмасын жұрт сүйіне тыңдады.
Мұқағали Мақатевтің Орталық ғылыми кітапханада бар жүздеген мұраларынан көрме қойылды. Ақын шығармашылығын өрнектеген бейнебаяндар көрермендерге ұсынылды.
Керім кештің соңында Орталық ғылыми кітапхананың меңгерушісі Қарлығаш Ескендірқызы той салтанатын асырған өнерпаздарға және құрметті қонақтарға алғыс хат табыстады.
Ғаламды жайлаған індетке байланысты кең отырып тамашалайтын рухани кештерді сағынып қалған жырсүйер әлеумет дән риза көңілмен тарасты.
Sample gallery images
kon_1.jpg
kon_2.jpg
kon_3.jpg
kon_4.jpg
kon_5.jpg
kon_6.jpg
kon_11.jpg
kon_9.jpg
kon_8.jpg
kon_7.jpg
Атақты Қазтуған жыраудың қазыналары тіпті де көп болуы мүмкін. "Халық арнасының" "Тұлғалар тағылымы" бағдарламасында ақын, әріптесіміз Әділет Ахметұлы осы тақырыпта сөз қозғайды. Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған жыраулар мұраларына негізделіп, толағай ой өрбіткен бұл сұқпатта бабалар қазынасы жөніндегі көптеген құнды деректердің беті ашылады. Сұқпатты көріп, пікір білдіріп, қолдау көрсетіңіз. Өзге де көрермендердің көруі үшін, бөлісіп қойыңыздар.
"Халық арнасының" Салтанат Ізтілеуова ханым жүргізетін "Тұлғалар тағылымы" бағдарламасына қонақта болып, Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған Қазтуған жырауға қатысты мұралар туралы сұхбат бердік.
Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған хакім Абай мұралары туралы жазған Сымбат Игілікқызының мақаласы "Жас Алашта".
https://zhasalash.kz/.../sirek-qordagy-abaj-muralary...
Кітапхана қорында Абай Құнанбаевқа қатысты құнды қолжазбалармен қатар, осы кезге дейін шығып келе жатқан жинақтары да сақталған. Әлемге танылған Абайды қанша ұлықтасақ та артықтық етпес. Абай – мәңгі, ұрпағымен бірге жасай бермек!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы