Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Рамазан Бимашұлы Сүлейменов 1931 жылы 17 ақпанда Целиноград (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген. 1956 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, 1959 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы, тарих, археология және этнология инcтитутының аспирантурасын аяқтап, өмірінің соңына дейін осы институтта ғылыми қызмет атқарды. 1974 жылдан институттың Қазақстан мәдениеті тарихы бөлімінің, 1979 жылдан Шығыстану бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 

Рамазан Бимашұлы Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеп, бұл салада атқарған жемісті еңбегі үшін Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері болды (1973). Рамазан Сүлейменов Азия мен Африка халықтары достастығының қазақ бөлімшесінің вице-президенті, Шығыстанушылардың Бүкілодақтық ассоциациясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

 

1984 – 1988 жылдарда Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының директоры, 1987 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болды.

Қазақстан тарихына қатысты қытай деректерін жинастырып, құжаттар жинағын даярлауға жетекшілік еткен. Оның редакциясымен “Цин империясы мен Қазақстан”, “XVII–XVIII ғ. Орталық Азиядағы халықаралық қатынас”, “XVII ғасырдың 2-жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Цин империясы мен қазақ хандықтары” атты құжаттар жинағы жарық көрді. XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихына қатысты ғылыми еңбектер жазып, сонымен қатар, Ш.Уәлиханов, С.Асфендияров, Т.Жүргенов, т.б. көрнекті өкілдер жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтің есімі ҚР БҒМ-нің Шығыстану институтына берілген. Алматы қаласында оның есімімен аталатын көше бар.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтың туғанына – 90 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.

                                                      

                                                     

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37