Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Қазақтың ұлы махаббат символына айналған "Еңлік-Кебек" туралы дүйім жұрт біледі. Шәкәрім Құдайбердіұлы жырлаған "Жолсыз жаза" дастаны осы қос ғашыққа ескерткіш болып қалғаны белгілі. Еңлік пен Кебектің трагедиясынан кейін, екеуінен туған сәби шырылдап Ақшоқыда қалады. Сол баланың тағдыры не болды екен деген сұраққа тарихи мұралар анық жауап береді.

Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында Ер Кебектің баласы Ермек батыр туралы тоғыз қолжазба сақталған. Бұл дегеніңіз құбылыс жағдай.

 

Аталған қорда Шәкәрім қажының "Еңлік-Кебек", "Қалқаман-Мамыр" дастандарына қатысты 20-дан астам қолжазба бар екенін туралы бұдан бұрын жазбамызда айтқанбыз.

https://qazdauiri.kz/archives/23722

Және теле-арнада сұхбатта баян еткенбіз.

https://youtu.be/SyyVPXf34K4

Ал Ермек батыр туралы тоғыз қолжазбаның ішінде Садық Қасимановтың "Ер Кебектің баласы – Ермек батыр" поэмасы мен Нұғыман Жиреншин қорға тапсырған, Кебектің жақын туысқаны Теңізбай молла жазыпты делінген "Бала Ермек" атты қолжазбаның шоқтығы биік деуге болады.

Бір ғана дастанның араб, латын, кирилл – үш жазумен жазылған онға жуық нұсқасы өзара зер салып салыстыруды, індете зерттеуді қажет етеді.

Көрмедім әке-шешем, түстеріңді,

Естідім арттарыңнан істеріңді.

Жолыңда екеуіңнің жаным құрбан,

Аяман жан-тәніммен күштерімді.

Арман жоқ, әке-шеше, сертке жеттің,

Баласы тегін қалмас ер Кебектің.

Егерде қыз боп тұусам өкінер ең,

Артыңа бізді тастап тұқым септің.

Жырдың Теңізбай нұсқасынан екі шумақ келтірдік. Бұл нұсқада арғын мен найман елінің біраз адамдарының есімі, жер-су атаулары кездеседі. Ермек батыр әке-шеше кегін алып мұратына жетеді. Ермекті даладан тауып алған нағашы атасы 140 жасқа келген. Батыр дұшпандарымен он күн шайқасқан. 2400 жылқыны барымталап, 84 кісіні байлап алған, т.б. әсірелеп, ұлғайтудың көне заман батырлар жырына тән үлгілері де кездеседі.

Ал жырдың төмендегі шумақпен басталатын Садық ақсақал нұсқасын Орталық ғылыми кітапханада ұзақ жыл қызмет істеген Есім Байболұлы ең кемелді нұсқа деп танып, өзі де бұл туралы мақала жазып кетіпті.

Ойласаң талай қилы заман өткен,

Не түрлі жақсы-жаман сонда кеткен.

Қымсетсе, қырылспақ, мейірім жоқ,

Нашарды құл қылыпты қолы жеткен.

Еріккен, есер өскен ақсүйектер,

Тағдырын адамзаттың ермек еткен.

Садық ақсақал нұсқасында Ермек батырдың нағашы атасы бағып алғаннан кейінгі өмірі кең көлемде суреттеліп, әке-шеше кегін алуы, кейін Айжан атты қызға Ермек ғашық болып, оны алып қашуы, алайда екеуінің жазадан құтылып, бақытты өмір сүруі баяндалады.

Мүмкін, ұлы махаббатқа ескерткіш болған "Еңлік-Кебектен" қалған асыл тұяқ Ермек батыр мен Айжаннан тараған ұрпақтар арамызда бар шығар?

Қазақтың рухани қазынасы жиналған кітапханаға ат басын жиі бұрып, ата-бабалар мұрасын оқып, рухани жақтан еңсесі биік ел болайық!

                                            

                                                      

 

 

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37