1.Жалпы ережелер
жемқорлық себептерін анықтау және кейіннен жою бойынша (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу);
5. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу,
жолын кесу және ашу бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес).
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ережелері Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне қолданылады.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты мен міндеттері
1.Сыбайлас жемқорлықты жоққа шығаратын және лауазымдық міндеттерін атқару кезінде адалдық пен сатқындық жасамау қағидаттарын қамтамасыз ететін Кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты болып табылады.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;
3) Кәсіпорын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай-ақ Кәсіпорынның қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу.
1.Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келесі негізгі шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
1) Кәсіпорын қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру жолдары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық және өзге де актілерінің нормаларын қызметкерлерге түсіндіру;
- Кәсіпорында және өзге де мемлекеттік органдарда анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Кәсіпорын қызметкерлерінің назарына жеткізу;
- Кәсіпорын қызметкерлерімен түсіндіру әңгімелерін өткізу.
2) Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне, оның ішінде бос лауазымға орналасушы үміткерлергебіліктілік талаптарын қою;
3) кадр жұмысы практикасына лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін ұзақ, мінсіз және тиімді орындауы, оны жоғары лауазымға тағайындау немесе оны көтермелеу кезінде міндетті түрде ескерілуге тиіс ережені енгізу;
4) Кәсіпорын қызметкерлеріне, сондай-ақ үшінші тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әдістермен алаяқтық, теріс пайдалану және басқа да заңсыз іс-әрекеттер жасауға қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы хабарлау құқығын қамтамасыз ету.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Кәсіпорынның біртұтас саясатын жүргізу;
- мемлекеттік органдармен, сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ азаматтармен және азаматтық қоғам институттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның өзара іс-қимыл тетігін құру;
- Кәсіпорын қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға тартуға, олардың санасында сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әкімшілік және өзге де шараларды қабылдау;
- қызмет көрсету кезінде адалдықты, ашықтықты, адал бәсекелестікті және объективтілікті қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қызметкерлері Кәсіпорынның өзге қызметкері, сондай-ақ үшінші тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіру фактілері туындаған және/немесе Кәсіпорын қызметкерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға көндіруге қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы ақпараты бар жағдайда Кәсіпорын басшылығына дереу хабарлауға міндетті.
Мұндай іс-әрекеттерді жасау туралы өтініштер тергеп-тексеріледі және қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдарды жауапкершілікке тартуды және хабардар етуді қоса алғанда, өзінің қисынды аяқталуына дейін жеткізілетін болады.
5.Мүдделер қақтығысын алдын алужәне реттеу тәртібі
1. Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:
1) мүдделер қақтығысы туындауының кез келген мүмкіндігіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
2) туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте өзінің тікелей басшысына хабарлауға;
3) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде өзге де шаралар қабылдауға.
2.Мүдделер қақтығысының алдын алу немесе оны реттеу мүдделер қақтығысының тарабы болып табылатын Кәсіпорын қызметкерінің лауазымдық немесе қызметтік жағдайын, оны белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгенге дейін өзгертуден тұруы мүмкін.
6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
1.Кәсіпорын қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы