Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-00-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Құрметті оқырмандар!

РМК "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасының жұмыс кестесіне

енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз.

Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн

(дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды

қабылдайды.

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты,

кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық

құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты

сақтауларыңызды өтінеміз.

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

АҚПАРАТ ХАТ

         «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының «Жас мамандар кеңесі» 2021 жылдың 8 ақпанында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына орай сағат 15.00-де «МАХАМБЕТТІҢ САРҚЫТЫ» атты поэзиялық-сазды кеш өткізеді.

Іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну. М. Мақатаевтың поэзиясы оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады.

Кеш қонақтары: Қазақстан Жазушылар одағының ақын-жазушылары,Құрманғазы атындағы Ұлттық консероваториясының өнерпаздары, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері.

Айтулы кеште белгілі дәстүрлі әнші, өнер жұлдызы Еркін Шүкімән, айтыскер ақын, әнші Бағдат Дүйсен, күйші Аршын Кәсімбайұлы және т.б өнерпаздардың өнерін тамашалап, ақынның «Атырау-Алтай» поэмасынан үзіндіні Орталық ғылыми кітапхананың жастарының орындауына тыңдай аласыздар.

 

Ескерту: Кеш қонақтарынан санитарлық талаптарды сақтап, бетперде тағып, арақашықтық сақтауды өтінеміз.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29.

Өтетін орны: «Ғылым ордасы» РМК Концерт залы

Уақыты: сағ. 15.00

Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:

+7 (727) 261-02-70

+7 (727) 261-02-39

 

 

 

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 31 желтоқсан күні - тазалық күніне байланысты оқырман қабылдамайды.

3-11 қаңтар аралығында техникалық қызметтер жүргізілуіне байланысты телефондар жұмыс істемейді. Электронды пошта арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз!

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

«Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі Орталық ғылыми кітапханамен бірлесе 2020 жылдың 7 желтоқсанында сағат 15.00-де Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанатын  өткізеді.

Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, саяхатшы, Ресей Императорлар әскерінің Генералдар штабының офицері. Оның зерттеулері Лондондағы Орыс Императорларының География қоғамының еңбегінде жарияланған. Еуропалықтар үшін беймәлім болып келген Қытай аймағындағы Шоқанның ашқан жаңалықтары сол кездің өзінде-ақ ғалымдардың жоғары бағасына ие болды. Ғалымның артына қалдырған тарих, этнография, құқық, фольклор, география, филология салалары бойынша жазған еңбектері ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына.

Көрмеде Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған Шоқан Уәлихановтың қолжазбаларының фотокөшірмесі, сондай-ақ, ол туралы жазылған кітаптар мен басылымдар насихатталады.

Жылжымалы көрмені 2020 жылдың 7-11 желтоқсан аралығында тамашалай аласыздар.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28 үй, «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі, 1 қабат.

Өтетін уақыты: 7 желтоқсан 2020 ж. сағат 15.00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: Тел.:. +7 (727) 300-32-25; 300-50-71.

 

30 қараша күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы «Жас мамандар» кеңесінің ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған, ақын Әділет Ахметұлының «Алтын Орда аманаты» атты шығармашылық кешін өткізеді.

Шығармашылық кештің мақсаты:

Ә.Ахметұлының шығармашылығымен танысу;

Алтын Орданың 750 жылдығына орай, Әділет Ахметұлы нәзиралық жолмен аударған «Жұмжұма сұлтан» атты кітаптың тұсаукесерін өткізіп, жаңа кітапты оқырмандармен бөлісу.

Өткізілу форматы: офлайн-онлайн

Басталуы: 30.11.2020 жыл, сағат 15.00

Өткізілетін орны: Орталық ғылыми кітапханасы Конф. зал, 3-қабат

Онлайн Zoom платформасындағы Идентификаторы: 340 626 1884

Тіркелу коды: 30312029

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы

Байланыс телефондары: 8(727) 2-61-02-39; 8(727) 2-61-02-70.

Еліміздің іші-сыртындағы жырсүйер қауымның шығармашылық кешке онлайн түрде қатысуын қуана қарсы аламыз!

 

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2020ж. 22 қазаннан 22 желтоқсанға дейін Taylor & Francis мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Taylor & Francis (Ұлыбритания) –1852 жылы Уильям Фрэнсис пен Ричард Тейлордың басшылығымен құрылған халықаралық кітап баспасы.Taylor & Francis Online – Routledge шығаратын әлемдегі ең ірі әлеуметтік және гуманитарлық журналдар бағдарламасын; Taylor & Francisжәне cogentoa ұсынған алдыңғы қатарлы теориялық және қолданбалы ғылыми, технологиялық және медициналық контентті, ашық қолжетімділіктің кең ауқымды журналдар жинағын қоса алғанда, 2600-ден астам журналдарды біріктіреді.

Taylor & Francis журналдары – жаратылыстану, қолданбалы, қоғамдық және гуманитарлық-ғылыми бағыттардың кең көлемін қамтиды.Сонымен ресурсқа химия, физика, биология, жер туралы ғылымдар, медицина, инженерлік және компьютерлік ғылымдар, математика, статистика және информатика, сондай-ақ экономика және менеджмент, әлеуметтану, білім, құқық, филология, өнертану, психология және т. б. ғылым салалары бойынша басылымдар енгізілген.

Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі

Электрондық ресурстар залы

Тел. 261-02-49

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай шығармашылығы әлемдік әдебиет пен мәдениет аясында» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференция өткізеді. Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей (Қарашай-Шеркес Республикасы) мемлекеттерінің ғалымдары қатысады.

Өткізілетін орны, уақыты: 2020 жылдың 20 қазаны, сағат 15.00. ZOOM платформасы

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақалалар 20 қазанға дейін қабылданады.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша  түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы

Байланыс телефондары: 8(727) 2-61-02-39; 8(727) 2-61-02-49.

Электронды пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

2020 жылы 15-қазан күні ҚР БҒМ ҒК Ғылым ордасы

Орталық ғылыми кітапханасында

Кітапханалар күніне орай

«Өз кітабыңды таңда» атты акция ұйымдастырылады.

КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ!

Мекен жайымыз:

Алматы қаласы

Шевченко көшесі, 28 (Қонаев көшесінің қиылысы)

Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапханасы

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2020 жылдың 14 қазанындаКітапхана күніне орай сағат

10.00-де «ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Жандосов Ораз Қиқымұлы» атты жинақтың офлайн-онлайн тұсаукесер рәсімін өткізеді.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының кітап қорында 6 миллионға жуық құжат бар, оның ішінде сирек басылымдар мен қолжазбалар ерекше орын алады. Аса рухани, материалдық құндылыққа ие бұл кітаптардың тарихи, ғылыми, мәдени мағынасы аса зор. Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері қордағы материалдарды сақтап, насихаттауда игілікті істер атқаруда. Солардың бірі «Ұлы тұлғалар» сериямен белгілі тұлғалардың еңбектерін жинақ ретінде шығарылуы.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры Ораз Жандосовтың «ЖАНДОСОВ ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ. Құраст.: С.О.Смағұлова, Р.Е.Оразов. Жауапты ред.: Қ.Е.Қаймақбаева. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2020. – 224 б., сур. [«Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық серия] жинағына оның ХХ ғасырдың 20-30 жылдары мерзімді баспасөз беттеріне жарық көрген, бірақ жинақтарға енгізілмеген 25-тей мақалалары, туындылары мен оның қызметіне қатысты құжаттық материалдар, естеліктер және ғылыми мақалалар топтастырылып отыр.

Тұсаукесер рәсіміне белгілі ғалымдарды, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының ұрпақтары, тұлғатану саласының мамандары, баспасөз қызметкерлері қатыспақ.

Отан тарихына, тұлғатану саласына қызығушылық танытушы оқырмандарды онлайн тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.

Өткізілетін орны (офлайн): Мәжіліс залы, 3-ші қабат.

Онлайн: ZOOM платформасы, Идентификатор нөмірі: 896 4755 9100, Құпия сөз: 690097

Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/89647559100?pwd=R0IzYXlHdkpPc05FK3NwanJMb1NsUT09

Уақыты: 2020 жыл 14 қазан сағ. 10.00

Мекен жайы: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28

Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:

Қаймақбаева Қарлығаш +7 (727) 272-83-41

Смагулова Светлана +77783315060

Игиликова Сымбат +7 (727) 261-02-39

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы арқылы Web of Science (Clarivate Analytics) платформасының ақпараттық-талдау ресурстарын қашықтықтан пайдалануға қол жеткізу үшін, Web of Science платформасына бірінші Орталық ғылыми кітапханада орналасқан компьютерден тіркелу қажет.

Қашықтан пайдалануға ниет білдірушілерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Алматы қ., Шевченко к-сі, 28.

Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі

Электрондық ресурстар залы

Тел. 261-02-49

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ



 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ