(Шағатай тілінде жазылған жүздеген кітап бар)
Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер Әлішер Науаидың көптеген мұрасы елімізде бар. Әсіресе Орталық ғылыми кітапханада шығыс пен түгел түрікке ортақ Әлішердің көптеген шығармалары сақталған. Айталық, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында шағатай тілінде жазылған 2 дана қолжазба мен 12 дана көне кітап Әлішер Науайға тиеселі. 1800 жылдан бері баспа істері дамыған Орталық Азия елдерінің ең қымбатты қазыналарының бірі санғалған Әлішер шайырдың мұралары Өткен ғасырдың орта шеніне дейін шағатай (араб графикасы) тілінде сан қайтара басылған екен. Орталық ғылыми кітапханада сақталған шағатайша 120 кітаптың 12-сі осы ғұламаға тән жадыгер болып отыр. Ал, Ташкенде баспаның қолжазба үлгісінде жазылған нұсқаларының да көрер көз бен көңіл тоғайтар мұра екені даусыз (суреттері төменде). Оқырмандардың есінде болса, өткен бір жазбамызда кітапханамыздың қорында 320-дан астам осман тілінде (Түркия) жазылған кітаптар барын айтқанбыз.
Бір қызығы, өткен ғасыр басында, орта шенінде Әлішер еңбектерін қазақшаға аударушылар яки нәзирашылар көп болған көрінеді. Ана тілімізде сөйлеген Әлішер еңбектерінен көлемі 100 беттен асатын 4-5 қолжазба сақталған. Н.Жылқайдаров аударды деген мәліметпен қазынаға қосылған қолжазба мұралар араб және латын қарпінде сақталыпты. Әлішердің туындылары Қазақстанда «Таңдамалы өлеңдері»,1948; «Стихотворения и поэмы»,1965; «Асарлар». 15 томдық,1963 - 68; «Ғазалдар», 1968 қатарлы кітаптарда жарияланса, ал, кейінгі жылдары ақын Несіпбек Айтұлының аудармасымен «Ескендір қорғаны» (ғазалдар. романдар) қазақ әдебиеті айдынында жүр.
Бір қызығы, ұлы Абайды да тәнті еткен түркі ғұламасының шығармалары қазақтан гөрі орыс тіліне көбірек аударылған екен. Орталық ғылыми кітапхананың орыс тілді қорында 1940-1990 жылдар арасында жарық көрген 35 басылымы бар. Ал, тәелсіздіктен кейін әлемнің Әлішерін қазақ қауымына жеткізу ісі баяулаған сыңайлы. Бірлі-жарым қаламгерлердің өз қызығушылығы арқылы аударған шығармалары болмаса, мемлекеттік деңгейде ғұлама мұраларын елімізде қанат жайдыру ісі тым баяу болғаны байқалады.
Әлішердің ақылияларынан бірнешеуін оқырманға ұсыналық:
Не керек жатқан байлық судай тасып,
Тұрмасаң қалың жұртқа қарайласып.
Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.
Ақ жолында кім үйретсе бір әріп
Болмас оның қызметін қайтарып.
Тәрбиенің бірінші шарты балаға жақсы есім таңдау.
Ғашықтың жолы ауыр жол, Билетпей бейіл соқпа қол.
Жаланың жыланнан да зәрі уытты,
Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.
Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де сыйлы, гүл өзінің жапырағымен сыйлы.
Саулық тілесең — көп жеме.
Егер сен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын қалтақбасты адам деуші болма.
Өз халқының қамын жеп,
Қайрат қылмас кісіні,-
Атамаңыз адам деп,
Ұқсаса да мүсіні.
Адамзатқа осындай жауһар мұра қалдырған Әлішер Науаи кім? Оған жауап төменде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы