Menu

Ақан серінің Мәшһүр Жүсіппен айтысы туралы естіп пе едіңіз?

Тағдырдың тартуымен ілгерінді-кейінді алған жарларының екеуінің де аты-жөні Бәтима болғанын білесіз бе?

«Балқадиша» - ғашықтық тақырыптағы шығарма емес.

Ақанның айтыскер ақын болғанын, аз дегенде он ақынмен айтысқанын білесіз бе?

Ақанның дін туралы білетінің аса молдығын көрсететін туындылары бар.

«Ақан айтыпты» деген әзілге толы, анайы мазмұндағы қағытпа қалжыңдар мен қысқа өлеңдер көп...

Өткен апталардағы жазбамызда «Сал Біржаннан қалған сарқыт көп» деген тақырыппен, қазақтың Біржанына қатысты 33 қолжазбаның қорда бар екені туралы жазған едік. Асылдың сынығындай жауһар мұралар туралы ақпаратты оқығанда оқырманның таңданбасқа шарасы қалмады. Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында өткен тарихты түгендеп, рухани қазынамызды зерттеп, кешегі бабалардан қалған баламасыз байлықты ұрпақтар жүрегіне сіңіргісі келетін ізденушіге неше түмен дәптер қолжазбалар мен жүз мыңға жуық сирек кітаптар рух беріп, шабыттандырып, ғылым жолындағы парасаттың биігіне көтерері даусыз. Осыған дейінгі жазбаларымызда әр апта сайын бүгінгі жұртымыздың жадынан өше бастаған тарихи деректерді ақпарат әлеміне көтеріп келе жатырмыз. Көзі шалып қалған көкірегі кең оқырмандардан, зиялы қауымнан талай жылы лепес алдық. Ендеше, елдің өз тізгіні өзінде болмаған өткен жүзжылдықтан бұрынғы ғасырларда өмір сүрген егей ерлер мен ерен тұлғалардың тағдыры қалай болды екен, оны білу – сіз бен бізге кесілмес шөре. Ал мұндай қымбатты ақпаратқа қол жеткізу үшін біздің аңдатпа жазбаларымызға сәт сайын назар аударып отырсаңыз, жоғымыз табылып, өшкеніміз жанары жаусыз.

 

 

Бүгін біз қымбатты оқырманға ақын, әнші, композито – Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлына (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) қатысты қолжазбаларды көрсетеміз. Елдің ерке серісі Ақаннан апалаң-төпелең ауыр ғасырдың дауылынан аман жеткен қолджазбаның өзі ¬– 50 дәптер.

Осыдан 108 жыл бұрын 70 жасында бұ дүниемен қоштасқан Алаштың біртуар сегіз қырлы, бір сырлы өнер тарланының артында бір қордың өзінде 50 қолжазба дәптер сақталуы – халықтың Ақанын қаншама жақсы көретінінен, өнерпаз туындыларының рухты, өміршең болғанынан дерек береді. Шынымен де Қазақ ән қоржынына небір ғажап туындыларды сыйлаған Ақан Серіге алты алаш баласы қарыздар. Бір ғасырдың ішінде қырық құбылған ауыр саяси кезеңдер, ұлт еркіндігінің қолдан кетуі, ғасыр соңында қайтадан егемендікті қолға алуымыз сынды аударыспақтай арпалысқа толы замана толқынында қаншама бай мұрамызды жоғалыттық. Ал, Ақан мұрасы тағы да сол сынақтардан сыры кетсе де сыны кетпеген күйінде ұрпақтарға табысталғаны біздің ұлы қуанышымыз. Бабалар мұрасы түгенделмейінше, түгенделген мұра ұлттың руханиятына толыққанды қызмет етпейінше, ғылыми айналымдарға енбейінше еңсесі биік ел болу да қиын. Сондықтан, бүгінгі зиялы қауым мен ертеңгі тізгінұстар жастардың сарғайған жазба мұралар алдында өтейтін борыштары мол.

Ақан Серіге қатысты қолжазбаларды парақтап отырып, осы жазбаны бастаудан бұрын қойылған қызықты сауалдардың және көкейіңізде жүрген өзге де сұрақтардың жауабын таба аласыздар. Елу қолжазбаны оқу арқылы осыған дейін халық түсінігіндегі Ақанның асыл образы одан ары толқтанып, нұрлана түсері даусыз. Сегіз қырлы серінің сегіз қырын да түгел танысақ, ұтарымыз көп. Төмендегі суреттер аса көп қолжабалардың ішінен оқырмандарға арнап түсірілген материалдар. Әр дәптердің өзінің көтерген жүгі, айтар құпиясы бар. Елу дәптер туралы елу мақала жазуға болады. Заманауи елгезек тәсіл арқылы қызығушыларға осыншалық ақпарат ұсынып отырмыз.

Аңдатпамыздың соңын Ақан Серінің жұрт көп біле бермейтін мына бір өлеңімен түйіндейік.

Бар болсаң бес жүз жылқы, бие байлап,

Бес жүз қой және өргізсең сексен тайлақ.

Дүние бір өзіңе болмай қажет,

Жүз қонақ аттандырсаң қант пен шайлап.

Сол күннің түскен ыстық мезгілінде,

Бір үлкен шалқар көлде тұрсаң жайлап.

Астыңда көк жорға атың, қолда тұйғын,

Күнінде он екі қаз келсең байлап.

Сол жарың Зілихадай болып сұлу,

Қазыңды шешіп алса қалқатайлап.

Өзіңнен он ұл бірдей қабат туып,

Алдыңнан тұрса шығып ағатайлап.

........

Боз бала, шамаң келсе қыл осындай,

Жастықта қалмай бекер қолың байлап.

Сонда да кедейлердің ойлағамын,

Мас болып құр дүниеге қалмай жайрап.

Көрсең де қанша қызық бір өлесің,

Тұрсаң да алтын тахта жүз жыл сайрап.

Дүние, сөйткен қызық әлі-ақ өтер,

Бір күні кетпей ме өтіп, дүние жайнап.

(№ 339 бумадағы қолжазбадан)

                                      

                                      

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40