Menu

     ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТЕР ҚОРЫ

     Байланыс тел: 8(727)261-02-70  

     e-mail:

     Ұлттық әдебиеттер қоры 120 мың данадан аса, білімнің барлық саласынан тұратын әдебиеттерді құрайды.

      Қорда 1930-1950 ж.ж. аралығындағы, яғни латын әріпіне көшкен кезеңде жазылған қазақ тіліндегі шығармалар мен ғылыми еңбектер сақтаулы. Соның ішінде, Сейфолла ұлы Садуақастың (Сәкен Сейфуллин) 1933 ж. «Альбатрос» дастаны, 1932 ж. «Қазақ әдебиеті», 1934 ж. «Қызыл ат» еңбектері; Мұхтар Әуезовтың 1935 ж. «Тас түлек» әңгімелер жинағы мен 1936 ж. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры; Сәбит Мұқановтың 1932 ж. «XX ғасыр әдебиеті» және 1939 жылы жарық көрген Абай Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдер жинағы т.б. еңбектер.

     XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бері жарық көрген Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Бөкейханов, Қ.И. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, С. Зиманов, қоғам қайраткері Д. Қонаевтың кітаптары және ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері толығымен жинақталған.

     Аудармалар қорында әлем әдебиетінің қазақша аудармалары жинақталған. Мысалы, В.Шекспирдің «Отелло» шығармасы 1981 ж. Ауд: М.Әуезов, «Анатолий мен Клеопатро» 1982 ж. Ауд: Ғ.Мүсірепов, «Ромео мен Джульетта» 1947 ж. Ауд: Н. Баймұхамедов, Н.В.Гогольдің «Тарас Бульба» повесті, 1982 ж. Ауд: Темірғали Нұртазин, Ф.Рабленің «Гаргантюл және Пантагрюль» романы, 2007 ж. Ауд: Ә.Тарази т.б. көптеген әлем әдебиетіндегі айтулы еңбектердің аудармасы қорда сақталған.

     Қазақ тіліндегі журналдар қоры 1928 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі журналдарды қамиды. 1928-1934 жж. «Әйел теңдігі»; 1932-1939 жж. «Әдебиет майданы»; 1932-1937 жж. «Ауыл коммунисі»; 1935-1938 жж. «Ауыл мұғалімі»; 1936-1955 жж. «Сталин жолы»; 1939-1957 жж. «Әдебиет және исскуство»; 1939-1959 жж. «Халық мұғалімі», және «Жаңа мектеп», «Жаршы», «Коммунист», «Қазақстан большевигі», «Абай» т.б тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген журналдар және «Жұлдыз» журналының 1957 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі шығарылымы толығымен сақталған.

  • 1930 жылдан басталатын барлық әдеби және ғылыми қазақ тіліндегі кітаптар;
  • «Қазақстан» қоры;
  • Аудармалар;
  • Қазақ тіліндегі журналдар.

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ



 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ