ОҚУ ЗАЛЫНДА ЖӘНЕ АБОНЕМЕНТТЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кiтапхана өз қорын абонемент, оқу залы, кiтапханааралық абонемент (КАА) арқылы ұсынады.
Абонемент ғалымдар мен мамандарға әдебиеттердi үйге беру арқылы қызмет көрсетедi.
Абонементте оқырмандардың кiтапханаға тiркелуi, кiтап сақтау қоймасындағы әдебиеттерге оқырман талаптарын қабылдау тәрiздi қызмет түрлерi жүзеге асырылады.
Оқу залы ғалымдарға, доктаранттарға, студенттерге, магистранттарға және т.б. қызмет көрсетедi. Оқырмандарға тиiмдi қызмет көрсету мақсатымен арнайы оқу залында қосымша қорлар жұмыс iстейдi.
№1 оқу залында орыс тіліндегі (соңғы 5 жыл), шет тiлдерiндегі (соңғы 2 жыл) мерзiмдi басылымдары мен ағымдағы жылдың газеттерi және энциклопедия мен сөздіктер орналасқан.
Оқу залында қосымша ақылы қызмет түрi – әдебиеттердi үйге беру ұсынылады.
№2 ОҚУ ЗАЛЫ
Оқу залы ғалымдарға, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге қызмет көрсетеді. Әрбір оқырманға тиімді қызмет көрсету мақсатында ашық кітап қоры жұмыс жасайды. Ашық кітап қоры 3 мыңға жуық кітаптар, қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар 54 атау журнал мен 30 атау газеттен тұрады. Сонымен қатар қорға жаңа түскен кітаптар көрмесі және тақырыптық көрмелер оқырман назарына ұсынылып отырады.
Ұлттық әдебиетімізде: тарих, әдебиеттану, тіл білімі, дін, медицина, ауыл шаруашылығы, заң саласы, биология және экология, құқық, педагогика мен психология, химия, физика т.б. ғылым салалары мен қатар энциклопедия және әр сала сөздіктері кеңінен қамтылған. Оқырман керекті материалдарын пайдалануға бар мүмкіндік қарастырылған, ақпарат алу ыңғайлы болу үшін залда интернет желісі (Wi-Fi) де қосылған.
Оқу залында қосымша ақылы қызмет түрлері кітапханалық-библиографиялық және анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсетіледі:
ОҚУ ЗАЛЫНДА ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
1. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры материалдарын ғалымдар мен зерттеушілерге, мамандарға, магистранттарға оқырман залында пайдалануға беріледі. Пайдалану үшін: оқырманның жұмыс істейтін мекемесінен, оқу орнынан ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» Бас директорының атына жазылған өтініш хат керек. Өтініш хатта: оқырманның қызметі, студент болса факультеті, қандай тақырыпта жұмыс істейтіні белгіленіп, көрсетілуі керек. Егер оқырман ешқандай мекемеде жұмыс істемесе (мысалы: зейнеткер), онда оқырман өз атынан өтініш хат жазуы тиіс.
2. Оқырман өзіне керек құжатын алу үшін міндетті түрде талап ету (требование) қағазын толық толтырып жазуы керек. Құжаттар оқырманға тек қана өзінің зерттеген тақырыбына сәйкес беріледі.
3. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры материалдарын пайдалану ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» Бас директоры бекіткен ақылы қызмет көрсету прейскурантына сәйкес жүргізіледі.
4. Бір оқырманға күніне 10 тапсырыс (заказ) орындалады. Оқырманның қолына құжат бір данадан беріледі.
5. Оқырман алған басылымдарын оқу залында 15 күнге (диссертация – 1 ай) ғана сақтай алады.
6. Егер оқырман өзінің атына сақтап қалдырған басылымдарды 3 күн пайдаланбаса, басылымдар қайта қорға тапсырылады.
7. Егер құжат бір оқырманның атында сақтаулы болса, ол басылымды өзге оқырман алғашқы оқырманның келісімімен ғана алуына болады.
8. Оқырман өзі пайдаланған уақытта басылымдарға өзі толық жауап береді.
9. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры материалдарын арнайы рұқсатсыз суретке түсіріп, көшірмесін алуға болмайды.
10. Түнгі абонемент қызметін пайдапланған жағдайда, белгіленген уақытта кітап қайтарылмаса, айыппұл төленеді.
11. Оқу залына берілген құжаттарды залдан тысқары шығаруға, басқа оқу залдарынан алынған басылымдарды арнайы рұқсатсыз сирек кітаптар мен қолжазбалар залына әкелуге, қолжазбалар мен сирек материалдарды пайдаланғанда парақтарын майыстыруға, сызуға, жазуға, бояуға, жыртуға, беттердің арасына әр нәрсе қоюға, құжаттардың үстіне дәптер, қағаз қойып жазуға, ашық тұрған басылымдарды бір-бірінің үстіне қоюға, басылымдарды фотоаппаратпен және ұялы телефонмен түсіруге,оқу залына сөмкемен (бөгде заттармен) кіруге қатаң тиым салынады.
Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры оқу залында жоғарыда айтылған ережелерді бұзғандар, кітапхана материалдарын пайдалану құқығынан айырылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы