- 1.Жалпы ережелер
- ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» ШЖҚРМК (әрі қарай – Кәсіпорын) осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты, 18 қараша 2015 ж. №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»ҚР Заңының 10 бабына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:
- функционалдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың теріс салдарларын болдырмау;
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында лауазымдық міндеттерін орындау бойынша Кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әсер ететінсалада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
- өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау;
- Кәсіпорынның қызметтері және өзге де функциялар;
- Кәсіпорын қажеттіліктеріүшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
- Кәсіпорында кадр жұмысын ұйымдастыру;
- Кәсіпорын қызметінде туындайтын өзге де өзара қатынастар.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Кәсіпорын қызметінде жеке және заңды тұлғалардың функциялары мен құқықтары және заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Кәсіпорын қызметкерлері орындау үшін міндетті болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші – ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК.
- 2.Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатындалауазымдық міндеттерін орындау барысында Кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-әрекет) қағидалары
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әсер ететінсалада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:
- ҚР Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және саланың уәкілетті органының шешімдерін, Кәсіпорынның бас директорының бұйрықтарын, сондай-ақ Кәсіпорынның Жарғысын басшылыққа алуға;
- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
- өзінің іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сындарлы сынды кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдар мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
- заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу;
- Кәсіпорында еңбек заңнамасының орындалуын, еңбек режимі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге.
-
- тікелей немесе жоғары тұрған басшыға мүдделер қақтығысының туындауы, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделілігі туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққажәне сыйлықтар алуға итермелегені туралы баяндауға;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар бермеуге және лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып мүліктік пайда, игілік не артықшылық алу үшін бейресми қызметтер көрсетпеуге;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;
- басшылыққа өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды немесе басқа мсәселелерді жедел қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға итермелегендігі туралы баяндау;
- орындау үшін алынған өкімнің заңды екендігіне күмән келтіргені туралы жазбаша түрде тікелей басшыға хабарлауға;
- егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуге;
- табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге жәрдем көрсетуден бас тартуға;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алып тастау мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға.
10. Кәсіпорын қызметтерін және басқа функцияларды көрсеткен кезде Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:
- қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
- пайдаланушыларға қолжетімді нысанда қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпаратты ұсыну;
- көзделмеген құжаттарды талап етуге, сол сияқты қызмет көрсету және өзге де міндеттерді орындау барысында кез келген қағазбастылыққажол бермеуге;
- сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылық жасауға көндіру кезінде басшылыққа баяндауға;
- қызмет көрсету процесін, қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділікті үнемі жетілдіруді қамтамасыз етуге.
11. Кәсіпорынның қажеттілігіүшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:
- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақша қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсауға;
- Заңда көрсетілгендерді қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруге;
- мемлекеттік сатып алу процесінің айқындығын және ашықтығын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге.
12. Кәсіпорында кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде Кәсіпорын қызметкерлері міндетті:
- Кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерге жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйым салулар мен шектеулерді түсіндіруге;
- кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеуге;
- үміткерлерден жұмысқа кірерде еңбек шартын жасасуға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеуге;
- Кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты объективті және жан-жақты қызметтік тексерулер жүргізуге.
-
- бағынысты қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындауға;
- қарамағындағы қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің біркелкі бөлінбеуіне жол бермеуге;
- олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;
- орындалмайтыны анық немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңдарға қайшы келетін өкімдер бермеуге;
- қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныстылардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- бағыныстыларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
- өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша толық шараларды уақтылы қабылдауға;
- Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге, қызметтік мақсатта автокөлік құралдарын қоса алғанда, Кәсіпорынның мүлкін ұтымды, тиімді пайдалануға.
Кәсіпорын қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.