Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2019 жыл 28 қазан сағат 10.00-да Мұсабек Байзақұлының туылғанына 170 жыл және Орталық ғылыми кітапхана Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған «Молда Мұсаның әдеби мұрасы және Сирек қордағы ұлттық құндылықтар»атты халықаралық конференция өткізеді.
1914 ж. 10 қазанда Қарағанды облысы Ульянов ауданында дүниеге келген.
1934-1939 жж. Алматы қ. Қазақ тау-кен металлургиялық институты геологиялық-барлау факультетінің студенті.
ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты «Информатика және қолданбалы математика» атты IV Халықаралық ғылыми конференция өтуде.
Фонд Центральной научной библиотеки РГП «Ғылым ордасы» пополнился электронными версиями научного юридического журнала «Право и государство», переданными Университетом КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева.
Еліміздің тарихында Алматының алар орны айрықша. Қаланың ерте замандардан қазіргі дәуірге дейінгі бастан өткерген бай тарихы бар. Біз мұны мақтан тұтамыз. Алматы XX ғасырдың басында Қазақ КСР-нің астанасы болып, республиканың барлық саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналды. Алматыда ұзақ жылдар бойы мемлекеттік басқару мекемелері орналасып, Қазақстан тағдырына қатысты маңызды шешімдер – «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» мен «Тәуелсіздік туралы заң» қабылданды. Еліміздің тәуелсіздігін таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері де осы қалаға келді.
1998 жылдың 20 қаңтарында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланған болатын. 2019 ж. Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Рабиға Сыздықова 1924 жылы Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келді. Орта мектептен кейін облыстың Темір қаласындағы педучилищені бітіріп, сол қаладағы мектептің және өзі білім алған училищенің оқытушысы болды.
Көрнекті ғалым, елімізге еңбек сіңірген дәрігер, Қазақстанның Өлкелік патология институтының негізін салушы әрі үздіксіз басшысы болған ҰҒА академигі, соғыс ардагері, еліміздің шынайы патриот-азаматы Бахия Атшабарұлы Атшабаровтың туылғанына 100 жыл.
Жазушы, журналист, әдебиетші-ғалым, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтың туылғанына 90 жыл.
Ата заңымыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белестерге шығарған тарихи маңызы аса зор құжат.
Егеменді ел Қазақстанда 1995 ж. 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы Конституция қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға еді. Халқымыз бірауыздан қабылдаған Конституциямыздың арқасында ұланғайыр өзгерістер болуда. Ата заңымыз тәуелсіздігімізді баянды етті. Дүниедегі ең мықты елдердің қатарына қосылдық. Конституция Қазақстанның жүйелі түрде қалыпты дамуына жол салып берді. Халықтардың өмір сүру деңгейінің артуы, бейбітшілік пен ынтымақтың орнығуы еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін нығайтты.
Көрнекті тарихшы ғалым, қазақ халқының аяулы қызы Әуезова Ләйлә Мұхтарқызының туылғанына 90 жыл.
1929 ж. 30 шілде Ташкент қаласында дүниеге келген.
1952 ж. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1952-1956 жж. Мәскеу мемлекеттік университеттің аспиранты.
1956-1962 жж. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнография институтының ғылыми қызметкері.
2019ж. 27 мамыр күні «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында қазақтың суырып салма ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлының 180 жылдығана арналып шығарылған «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» атты кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті.
Тұсаукесер рәсімін ашып, алғашқы болып сөз сөйлеген М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к.Әлбеков Тоқтар Кесімұлы болды. Сонымен қатар, тұсаукесерде: зерттеуші, шежіреші, кітапты шығарушы – Саттаров Сейітомар, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Төлтаев Бауыржан Төлтайұлы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы, жазушы – Елубай Смағұл Абатұлы, «Ақиқат» журналының бас редакторы, М.Мақатаев сыйлығының иегері, ақын – Әлімұлы Аманхан,жазушы – Мамытбек Қалдыбай, дінтанушы ғалым – Жандарбек Зікірия Заманханұлы, М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің ғылыми қызметкері – Елесбай Нұржұма, тарих ғ.д., профессор Смағұлова Светлана Одеповна, тарихшы-ғалым Әлімғазы Дәулетхан және т.б. сөз сөйлеп, Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалар жинағы туралы өз ойларын білдірді. Жинақтың тұсаукесеріне келген қонақтар мен оқырмандар қауымы жинақ туралы оң баға берді.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Жамбыл ақын Майлықожаның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын берген екен. Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан-мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар. Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.
МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ. Толық шығармалар жинағы / Ескі қолжазбалардан аударып, құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар: С. Саттаров, Н. Елесбай; Жауапты ред.: Т. Әлбеков. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2019. – 550 б.
33,5 баспа табақ . Таралымы 100 дана. Сандық форматта ОҒК сайтында ұсынылып отыр.
Жинаққа ХІХ ғасыр әдебиетінің алыбы, Оңтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы мен Қаратаудың күнгейіндегі ақындық мектебінің озық үлгісін жасаған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ қорларында сақталған қолжазба мұралары, Мырзашөл, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы аудандарынан табылған қолжазбалары, олардың нұсқалары мен версиялары текстологиялық сараптаулардан өткізіліп және әр кезеңде жарық көрген кітаптары негізінде ұсынылды.
Бұл жинақ белгілі қолжазба жинаушы, шежіретанушы ғалым Сейітомар Саттаровтың ұсынысы бойынша және көп жылдар жинаған қолжазбалары негізінде бірлесіп жасалған еңбек. Сейітомар Саттарұлының жинаған Майлықожа ақынға қатысты қолжазба көшірмелері Орталық ғылыми кітапхана қорына өткізілді.
XX ғасыр басындағы ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, теміржол инженері, тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың туылғанына 140 жыл толуына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
М. Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысында дүниеге келген.
1937 ж. жаламен «халық жауы аталып» бүкіл елді жайлаған саяси қуғын-сүргінің құрбаны болып өмірден өтті.
М. Тынышбаев 1900ж. Верный гимназиясын алтын медальмен, ал 1906ж.
Санкт-Петербург қаласындағы қатынас жолдар инженерлері институтын үздік бітірген.
1917 ж. өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облыстарында еңбек етті. Белсенді қоғамдық-саяси қайраткер ретінде тез танылды.
Ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілдерінің қатарында Мұхамеджан Тынышбаевтың орыны ерекше. Ол қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер.М. Тынышбаев Жетісу темір жолының жобасын жасауға, кейін оның құрылысына қатысқан кәсіби маман. Қазақ жерлерінің талан-таражға салынуына, халқының құқығын қорғауға, әр түрлі орыс үкіметтерімен жүргізілген келіссөздерге белсене қатысты.
М. Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтардың еңбектерінде «Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат» деп көрсеткен.
М.Тынышбаев халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дерек көздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген құнды еңбектер қалдырды. Мысалы, «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қазақ этнонимі туралы», «Алтын Орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ақтабан шұбырынды» т.б.
Кітап көрмесінде М.Тынышпаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктерді, мерзімді басылым беттерінде жарияланған еңбектері мен мақалалары оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Ресей ауылшаруашылық академиясының академигі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, профессор Қилыбай Үсенұлы Медеубеков Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Оның ғылым жолына түсуі Дүниежүзіне әйгілі К.А.Тимирязев атындағы академиядан басталды. Ғалымның ғылыми жетекшісі Ресей және әлем зоотехника ғылымында ерекше орын алатын атақты ғалым, Бүкілодақтық Ленин атындағы ауыл шаруашылығы ғылымдарының (ВАСХНИЛ) академигі Алексей Иванович Николаев болды. Осы институттың аспирантурасын бітірген ол 1957 жылы Қазақстанға оралды. Аспирантурадан кейінгі алғашқы еңбек жолы Жамбыл облысындағы қой шаруашылығы тәжірибе станциясында басталды.
Қ.Ү.Медеубеков 1962 жылы Қазақстанның ең ірі ғылыми-зерттеу орталығы – Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына директор болып тағайындалды. Әйгілі селекционер-ғалымның институт басшысы ретінде жаңа мал тұқымдарын шығару, биязы жүнді қой шаруашылығын қалыптастыру және оларды жетілдіру зерттеулері қой шаруашылығы ғылымын арттыруға зор ықпал етті. Ол білікті мамандар даярлау мақсатында өзінің ғылыми мектебін ашты.
Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы еңбектері үшін ғалым өзі басқарған институт ғалымдарымен бірге Ғылым мен техника саласы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Сонымен бірге атақты ғалым «Парасат», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендері, медальдар, ҚазССР Жоғары Советінің, ВАСХНИЛ-дің грамоталары, А.М. Бараев атындағы Премияның лауреаты және т.б. көптеген наградалардың иегері. 2015 жылы туғанына 85 жыл толуына орай К.И. Тимирязев атындағы Алтын медальмен наградталған.
2019 жылдың 15 мамыры күні РМК«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қилыбай Үсенұлы Медеубековтің туғанына 90 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстанның әр түкпірінен қонақтар, шәкірттері және ғылыми-зерттеу институттарының басшылары қатысты.
Осы аталған үлкен іс-шараға РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден ғалымның монографиялық еңбектерін, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларын және замандастарының оның өмірі мен қызмет жолдары туралы жазған естеліктері мен бірге түскен суреттерін, энциклопедиялардағы мемлекет қайраткері туралы туралы жазылған материалдармен таныса аласыздар.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, драматург Ілияс Жансүгіровтың туылған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жансүгіров Ілияс 1894 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.
1920ж. Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын қазақ-қырғыз институтына түсіп бітіреді.
1925-1928жж. Москвада Коммунистік журналистика институтында оқып білім алады.
1928-1932жж. «Еңбек қазақ» газетінің қызметкері.
1932-1934жж. Қазақстан жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының председателі.
1934-1938жж. Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакторлық қызмет
атқарған.
Ілияс Жансүгіров поэзиясының құнарлы көзі-ең алдымен халықтың бай фольклорлық мұрасы мен Абай поэзиясы болды. Ақынның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары үлкен жаңалық, теңдесі жоқ алып шығармалар.
Жұмыс істеген саласының бірі – көркем аударма. Ол А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Некрасов, М.Горкийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, әлем әдебиетімен байланыстырған. Оның ақындық ерекелігі көркем тілінде. Ол қазақ әдеби тілін жаңа сатыға көтерген қаламгер. Елімізде бірнеше мектеп, көше, аудан, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оның есімі берілген.
Кітап көрмесіне ақынның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктерді, мерзімді басылым беттерінде жарияланған еңбектері мен мақалалары оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Әлкей Хақанұлы Маргұлан – көрнекті ғалым ҚазССР ҒА академигі, ҚазССР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғалым-археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, қоғам қайраткері.
Ә.Х. Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1925-1929жж. Ленинградтағы Шығыс институтының филология факультетінің студенті.
1939-1941жж. СССР ҒА Қазақ филиалы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері.
1941-1946жж. СССР ҒА Қазақ филиалы Тарих бөлімі меңгерушісі.
Ә.Х.Марғұланның жетекшілігімен 50-ден астам кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. 1946 жылдан корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан академик, ал 1960 жылдан профессорлық берілді.
Ғалымның сан саласын жете меңгерген парасатты ғұлама, Қазақстанда археология ғылымының негізін салушы зерделі зерттеуші-ғалым, ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, аяулы азамат және педагог Ә.Х. Марғұланды бүкіл қазақ жұртшылығы жақсы біледі, өзінің адал ұлдарының бірі есебінде құрмет тұтады.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында көрнекті ғалым-археолог Әлкей Хақанұлы Маргұланның туылғанына 115 толуына байланысты көрме ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктерді, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәлеметтер,мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттерді оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
4 мамыр 2019 жылы «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында осы кітапханада көп жылдар еңбек еткен О.П.Бравачты еске алу кеші өтті. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері және бұрынғы бірге қызмет еткен әріптестері қатысты.
Бравач О.П. 1970 жылы 28 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Ключи ауылында дүниеге келген. Сол жерде мектепке барып, 10 класты бітіргеннен кейін Кемерова мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түсіп оны 1992 жылы аяқтаған. Мамандығы кітапханашы-библиограф.
Орталық ғылыми кітапханада 1995 жылдың шілде айынан бастап өмірінің соңғы күніне дейін қызмет атқарды. Азғантай ғана ғұмырында кітапханаға біраз еңбек сіңірді. Қатардағы кітапханашыдан бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Негізі қызмет жолы Ғылыми библиографиялық және Анықтамалық бибиографиялық бөлімдерінде өткен.
Бравач О.П. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы сериясы бойынша шығарылған 20 ға жуық көрсеткіштің библиографиялық редакторы.
2016 жылы жарыққа шыққан «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» 1918-2016 гг. көрсеткішінің құрастырушысы.
«Мировая библиография по афидологии 1712-2007» көп томдық библиографиялық көрсеткішінің редакторы. Бұлардан да басқа көптеген библиографиялық көрсеткіштерге материалдар жинақтауға атсалысқан.
Өзінің негізгі міндеттерін атқара жүріп кітапхана ісіне байланысты өткізілетін іс-шараларға қатысып мақалаларын жариялап отырды. Кітапхана әлемі журналында, Ұлттық ғылым академияларының кітапханалары атты ғылыми-практикалық теориялық жинақта және әр жылдарда Москвада өткен Халықаралық ғылыми конференция материалдарында бірнеше мақалалары жарыққа шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы