Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2019 жыл 28 қазан сағат 10.00-да Мұсабек Байзақұлының туылғанына 170 жыл және Орталық ғылыми кітапхана Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған «Молда Мұсаның әдеби мұрасы және Сирек қордағы ұлттық құндылықтар»атты халықаралық конференция өткізеді.
Аталған іс-шарада Мұсабек Байзақұлының шығармашылығы және Кітапхананың сирек қорында сақталған құнды қолжазбалар мен сирек кітаптардың сақталу тарихы, зерттелуі және осы қордағы жәдігерлердің Қазақстан тарихы, ғылымы мен әдебиетінен алатын орны жан-жақты қарастырылады. Мамандар қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтау мен оқырманға ұсыну мәселелерін талқыға салып, осы тақырып төңірегінде пікір алмасады.
Халықаралық конференцияға еліміздің қолжазба зерттеу саласы бойынша мамандар, ғалымдар мен кітап тарихын зерттеушілер және шетелдік ғалымдар қатысады. Сондай-ақ дөңгелек үстел аясында көрме ұйымдастырылады.
Халықаралық конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Қатысуға ниет білдірген ғалымдар төменде көрсетілген e-mailадрестерге мақалаларын жіберулеріне болады.
Дөңгелек үстелдің тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 үй
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы
Мақаланы рәсімдеу талаптары:
- баяндаманың атауы, автор(лар)дың аты-жөні, ұйымның атауы, лауазымы - баяндама көлемі – электрондық түрде 4-5 бет
- форматы – 12-ші шрифтпен Times New Roman
- үстіңгі және астыңғы жиектері – 20 мм., сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм
- бірінші жолда 1,25 см-ға шегініс жасау керек
- жоларалық интервал – 1,5
Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:
Қаймақбаева Қарлығаш
Абикова Гүлшат
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы