1914 ж. 10 қазанда Қарағанды облысы Ульянов ауданында дүниеге келген.
1934-1939 жж. Алматы қ. Қазақ тау-кен металлургиялық институты геологиялық-барлау факультетінің студенті.
1939-1943 жж. Қазақ тау-кен металлургиялық институтының аспиранты.
1943-1946 жж. Қазақ ССР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының кіші ғылыми қызметкері.
1947-1960 жж. Доцент атағы берілді.
1960-1963 жж. Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының Кенді аудандардың геологиясы секторының меңгерушісі.
1963-1966 жж. Қазақ ССР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты директорының ғылыми мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары.
1963-1970 жж. Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының Түсті және асыл металдар геологиясы мен металлогениясы секторының жетекшісі.
1970-1987 жж. Қазақ ССР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының металлогения бөлімінің меңгерушісі.
1987-1989 жж. Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері.
1989-1993 жж. Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты жанындағы дирекцияның кеңесшісі.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Геология-минералогия ғылымдарының докторы Арықтай Қайыпұлы Қайыповтың туылғанына 105 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы