Menu

2019 жылдың 3 желтоқсанында Ш. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен Тарих ғылымдарының докторы, ҚазКСР  ҒА корреспондент мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Федорович Дахшлейгердің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан тарих ғылымының дамуына Г. Д. Дахшлейгердің қосқан үлесі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Туған жері Одесса қаласындағы университеттің Тарих факультетінде студент болған ол, кейіннен оқуын Ташкенттегі Орта-азиялық университетте аяқтаған.

1946 жылы майданнан оралған соң ҚазССР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасына қабылданады. Оқуын аяқтағаннан кейін осы институтта ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1950 жылы «Түрксиб құрылысының тарихы» тақырыбында кандидаттық, ал 1966 жылы «Социально экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.)» атты монографиялық еңбегі нәтижесінде докторлық диссертация қорғаған.

972 жылы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады. 1979 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері атанды. 1982 жылы ұжымдық «Қазақ ССР тарихының» 5-томдық толық басылымы жарық көрген соң Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.

Г.Ф. Дахшлейгер 200-ден аса мақаланың, 5 монографиялық еңбектің авторы. Оның жетекшілігімен 3 докторлық, 14 кандидаттық диссертация қорғалған.

Аталған іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана РМК «Ғылым ордасы» ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.    

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2

NEW1

Menu

Яндекс.Метрика