Menu

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен сыйға келген кітаптар

Shadow
Slider

Жазушы, журналист, әдебиетші-ғалым, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтың туылғанына 90 жыл.

Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов 1929 ж. 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылында дүниеге келген.

1946 ж. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірді.

1946-1951 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімінде оқыды.

1951-1959 жж. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеті редакциясының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі.

1959-1963 жж. Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының аға оқытушысы.

1966-1967 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.

1986-1988 жж. ҚазССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры.

1988-2009 жж. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, Әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері.

Ш.Р. Елеукенов мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бүкіл саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне арнап келе жатқан көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, баспагер.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтың туылғанына 90 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр. 

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27

NEW1 

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ



 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ