Кiтапхана жайлы

ҒЫЛЫМИ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ

 

Орталық ғылыми кітапхана – республикадағы ғылыми-библиографиялық ақпараттың жетекші орталығы болып табылады. 1950 жылдан кітапхананың құрылымында ғылыми-библиографиялық бөлімінің пайда болуынан бастап проблемалы-тақырыптық бағыттағы ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық көрсеткіштер жүйелі түрде құрастырыла бастады. Бастапқыда Қазақ КСР Ғылым академиясының журналдарында жарияланған библиографиялық тізімдер болды, ал 1960 жылдан кітапхана ғылыми бағыттағы ретроспективті библиографиялық көрсеткіштер сериясын шығара бастады. ОҒК-да библиографиялық ақпараттық ресурстардың қалыптасуы үш ғылыми бағыттары бойынша жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, персонография. 2001 жылдан кітапхана: «Қазақстан және әлемдік қауымдастық», «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы», «Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері», «Ұлы тұлғалар» төрт библиографиялық серияларына зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы куәліктеріне ие болған.

Қазіргі уақытта кітапхана келесі ғылыми-библиографиялық бағыттар бойынша жұмыс істейді:

 

I. ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

1.1. Қазақстандағы ғылым және ҒЗЖ

Осы серияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында жинақталған бай ғылыми тәжірибе мен жетістіктерді талдау, оның перспективті дамуы; сондай-ақ ҒЗЖ-на күнделікті тәжірибе нәтижелерін енгізу; Қазақстанның ғылыми мұрасын насихаттау; шет елдердің озық тәжірибелерімен салыстыру болып табылады. Кітапхана 1932 жылдан осы уақытқа дейін (ҚР ҒА) (1932-2017 жж.) «Қазақ КСР Ғылым академиясы басылымдарының библиографиясы» көрсеткіштерін дайындады. Көптеген жылдар бойы бұл көрсеткіштер Қазақстанның ғылыми қоғамдастығында сұранысқа ие және қызықты болып табылады.

 

1.2. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы

Қоғамдық-гуманитарлық серияның басты мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және насихаттау; оларды танымал ету арқылы тарих пен мәдениеттің баспа ескерткіштерін сақтау және жаңғырту; қоғамның бұрынғы мұраға қарым-қатынасын зерттеу; ел тарихына қызығушылықты ояту. Серияның маңыздылығы тұтас библиографиялық жүйені құру үшін құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу арқылы тақырыптарды зерттеуде жатыр.

Осы серия аясында келесі: «1766-1955 жж. Қазақстан ғылыми қоғамдардың басылымдарында, «Қазақстан Түркістан жинақтары беттерінде», «Қазақстан XVII-XX ғғ. орыс басылымдарында», т.б. көрсеткіштер дайындалды және жарияланды.

«Қазақстан және әлемдік қауымдыстық» библиографиялық сериясының негізгі мақсаты – Қазақстанның басқа елдермен халықаралық қатынастары туралы отандық және әлемдік ақпараттарды жинақтау және зерттеу. Серияның ғылыми маңыздылығы – Қазақстанның әртүрлілігіндегі байланыстар, Қазақстан мүдделерінің ерекшелігі, әртүрлі континенттердің елдерімен қарым-қатынастарын нығайту кезінде Қазақстанның басқа елдермен байланыстарын анықтайтын құжаттардың библиографиясы бойынша зерттеу; қатынас тарихы, келешегі және байланыстарды нығайту (саяси, мәдени және т.б.). Осы серия аясында «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Түркия қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Иран қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан және Күнгей Кавказ қатынастары», Қазақстан және Балтық елдері, Беларусь, Молдова және Украина», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Қытай қатынастары» көрсеткіштері даярланды және жарияланды.

 

II. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

2.1. 1712-2007 жж. Афидология бойынша әлемдік библиография

2003 жылы биология ғылымдарының кандидаты Фолкина М.Я. жинаған бірегей афидология бойынша жинағы (тляны зерттеу ғылымы) кітапхана қорына көшірілген, ол библиографиялық картотекалар мен құжаттардан, түпнұсқалар түрінде ұсынылған, таңбалар, фотокөшірмелер және микрофильмдерден тұрады. Бұл жинақты құру кезінде әлемнің көптеген елдерінің 2 жетекші кітапханалары мен ғылыми мекемелері пайдаланылды, оларға сирек кездесетін, ежелгі және бірегей, библиографиялық сирек құжаттар кірді. Кітапхананың бірегейлігі әлемде тұңғыш рет 295 жыл бойына афидология туралы ақпарат жинап, жинақтап және ұсынғаны болып табылады. Жұмыстың жаңалығы сол, ол алғаш рет орыс, ағылшын, неміс, француз және басқа тілдердегі тля таксондарының атаулары туралы әлемдік ақпараттарды біріктірді, олардың халықтық атаулары, этиологиялық талдау келтірілді, көптеген тляның атаулары бойынша каталогы құрастырылды. 2004 жылы кітапхана «1712-2007. «Афидология бойынша әлемдік библиография» атты іргелі, көп салалы мазмұндалған көрсеткіш бойынша жұмыс істей бастады.

 

2.2. Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстары

«Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстары» библиографиялық сериясының мақсаты ғылыми зерттеулердің ғана емес, табиғи байлықты пайдаланудың тәжірибелік мақсаттарын да ашатын көздері бойынша ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін көрсету; библиографиялық жұмыстарды қадағалау, Қазақстанның мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін ұлттық табиғи ресурстары жұмыс саласын көрсету болып табылады. 1970 жылдан 2018 жылға дейін «Қазақстанның су ресурстары», «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Қазақстанның топырақтары», «Қазақстанның өсімдіктері», «Қазақстан экологиясы» және т.б. 40-тан аса көрсеткіш жарияланды.

2004 жылдан бастап Орталық ғылыми кітапхананың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша табиғи библиографиялық ақпарат «Қазақстанның табиғаты мен табиғи ресурстары» бірыңғай библиографиялық көрсеткішінде көрініс тапты. Осы сериядағы көрсеткіштердің басты мақсаты – қазақстандық ғалымдар – ботаниктер, зоологтар, топырақтанушы ғалымдар, экологтар, биологтар, геологтар және т.б. жұмыс істейтін көптеген ғылыми бағыттары бойынша әдебиеттер туралы барынша толық ақпарат беру.

Көрсеткіштер табиғат мұрасын сақтау мен пайдалану мәселелерімен айналысатын тәжірибелі мамандарға арналған. Олар студенттердің, аспиранттардың, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға үлес қосады.

 

III. ПЕРСОНОГРАФИЯ

3.1. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы

Серияның басты мақсаты – ғалымның рөлі мен орнын анықтау, ұлттық және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосу, сондай-ақ ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қазақ ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайын көрсету. Осы сериядағы материалдарды дайындау мен жариялау барысында белгілі бір тәжірибе жинақталды. 1970 жылдары басталған «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» соңғы жылдары серияға енгізілген тақырыптар мәртебесі тұрғысынан, сондай-ақ жарияланымдарды дайындау әдістемесі мен технологиясыда кеңейтілді. Бүгінгі таңда кітапханада осы тұрғыда белгілі бір тәжірибесі бар. Ғалымдардың өмірі мен қызметіне арналған 200-ден астам биобиблиографиялық көрсеткіштер дайындалып, жарияланды.

 

3.2. Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері

«Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері» сериясының басты мақсаты республикамыздың жұртшылығын кітапхана мен кітапханалық-библиографиялық ісінің дамуына және қалыптасуына елеулі үлес қосқан кітапхана көсбасшылары, өз ісінің мамандарының қызметімен таныстыру болып табылады. «Дочь степи», «Кітапханаға арналған өмір», «Подвижничество», «Призвание – библиотекарь» және т.б. ғылыми-өмірбаяндық жинақтар дайындалып жарияланды.

 

3.3. Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері

Бұл серия Қазақстан ғылымның қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың шығармашылық және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарымен танысу үшін арналған. Серияның маңыздылығы ғалымның өмірбаянын библиографиялық зерттеу арқылы анықтау. Т.А. Бейсқұлов, М.Г. Ғабдуллин, О.А. Жәутіков, сондай-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президентіне арналған ғылыми-өмірбаяндық жинақтың бірінші томы, Қ.И. Сәтбаевқа арналған ғылыми және өмірбаяндық жинақтар дайындалып жарияланды.

 

3.4. Ұлы тұлғалар

Бұл серияны құрудың алғышарты  ХХ ғасырдың соңында елде болып жатқан тарихи оқиғалар еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болу, бұл барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерге айтарлықтай әсер етті. Елдің тарихи өткеніне үлкен қызығушылық туды. Кеңес дәуірінде болған «жабық» деп аталатын тақырыптар бұрын вакуумды толтыру үшін қажет болды. ОҒК 20-шы ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының өміріне библиографиялық зерттеулер бойынша үлкен жұмыстарын бастады, олардың есімдері тоталитарлық режимі жағдайында ұзақ уақытқа ұмытылып кетті. Олар – мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, драматургтер, педагогтар, публицистер: А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Тынышбаев, А.Ж. Машанов, Б. Майлин және т.б. 

Ғылыми-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері барлығы 17 ғылыми-өмірбаяндық жинақтар дайындап, жариялады.

ОҒК-ның библиографиялық ресурстары туралы толық ақпаратты www.library.kz сайтынан «Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер» бөлімінен табуға болады.

050010. Алматы қ.

Шевчено к-сі, 28, 7 павильон, 14 каб.

"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапхана

Ғылыми-библиографиялық бөлім

Тел: 261-02-39, mail:

     Бөлімнің құрылымы:

  • Абонемент және оқу залының жұмыс секторы
  • Негізгі қор  секторы
  • Газет-журнал және депозитарлық қорлар секторы
  • Қорды сақтау және  қауіпсіздігін қамтамасыз ету секторы

     Қызметінің негізгі бағыттары:

Кітапханаға жазылу және қайта тіркелу, РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапхана  ережесіне сәйкес. Сапалы және жедел ақпараттық қызмет көрсету құжаттарын пайдаланушылардың негізгі,газет-журнал және депозитарлық қорын оқу залдарында, бөлімдерінде, жеке және кітапхана аралық абонементте жұмыс істеу үшін ұйымдастыру.

Қордың  сақталуын қамтамасыз ету қосалқы қорларға қажетті жағдайлар жасау, оларды сақтау және ұйымдастыру, оның барлық бөлімдерінде ашық қол жеткізу.

Заманауи  ақпараттық технологияларды енгізу арқылы пайдаланушыларға қызмет көрсету.

Жаңадан түскен оқулықтармен оқу залында көрмелер ұйымдастыру.

Ғылыми- зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын зерттеу мақсатында ақпараттықа жеттіліктерін пайдалану.

Оқырмандардың  категориясы, мамандықтарының құрамының сараптамасы.

Қорларды пайдалануды талдау.

     Абонемент және оқу залы секторы:

Кітапханаға жазу, қызмет көрсету (абонемент, оқу залында қызмет көрсету);

Кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыру;

Оқырмандарды  тіркеу;

Абонемент бойынша әдебиеттерді үйге беру;

Оқу залында жұмыс істеу үшін әдебиеттерді беру;

Келісім шарт бойынша қызмет көрсету  (КАА);

Оқу залында барлық ғылым салалары бойынша:

520 аталымда  орыс тіліндегі ғылыми журналдар (соңғы 5 жыл);

20-дан астамы шетелдік журналдар бар;

Ағымдағы жылдың  қазақстандық және ресейлік газеттер;

Апта сайын жаңа  түскен кітап-журналдар  көрмесі ұйымдастырылады;

     Негізгі қор секторында – 3 миллионнан артық   орыс  және шет тіліндегі әдебиеттер, мазмұны бойынша әмбебап  оқу құралдары жинақталған.

     Газет-журнал және депозиторлық қор секторы:

Орыс тіліндегі журналдар (1911 жылы ең ерте шыққан басылым «Новый Восток»)

Шетел тіліндегі журналдар (1802 жылы ең ерте шыққан басылым француз тілінде «JORNAL DE PHYSIQUE»)  жалғасатын басылымдар

Орыс тіліндегі газеттер (1911 жылы ең ерте шыққан басылым «Алтай»)

Қазақ тіліндегі газеттер (1931 жылы ең ерте шыққан «Лениншіл жас»)

ТМД тіліндегі газеттер ( 1940-1997 ж.ж.кезеңінде)

     Қауіпсіздік және сақтау секторы  сақтау бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асырады:

сақтау қорларының температуралық-ылғалдылық режимі құжаттарды түптеу жұмыстарымен қамтамасыз ету,материалдарды қалпына келтіру

РМК  "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапхана   "Кітапхана технологияларын автоматтандыру  бөлімі"

 

Кітапхана технологияларын автоматтандыру  бөлімі РМК  "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасының құрылымдық бөлімшесі. Бөлімнің құрылуы заман талабына байланысты туындады және кезең-кезеңмен жүзеге асты.

         1983 жылы мамыр айында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ҒА Орталық ғылыми кітапханада  3 адамнан тұратын  ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе)  тобы құрылды. Ақпараттық қызмет үшін абоненттер шеңберін анықтауға сәйкес жұмыс атқарылды.

ОАСИ БЕН өкілдерімен ЭВМ ИММ КазССР арқылы математикалық  қамтамасыздандыру процесстерді бейімдеу жүргізілді, автоматтандырылған жүйемен сұраныс бойынша сынақ үлгісі өткізілді.

1984 жылы ААЖ жұмысына ИРИна режимінде автоматтандырылған қызмет көрсетуге 2 химия институтын және катализ және органикалық электрохимия институты қосып алды.  1984 жылдың қазан айында Орталық ғылыми кітапханада кітапханалық-библиографиялық процестерін механизмге келтіру және автоматтандыру бойынша туындаған проблемалар бойынша отырысы болып өтті, ҚКСР ҒА ОҒҚ ААЖ тобының жұмысы дұрыс деп бағаланды.

1994 жылы ОҒК-ны автоматтандыру дамуына байланысты ААКЖ «Mark 3.73» жергілікті нұсқасын электронды кітапханаға енгізу басталды.

1999 жыл «Жаңа ақпараттық технологияларды зерттеу және кітапханалық - библиографиялық  процестерді автоматтандыру» бөлімі құрылды, ОҒК-ның бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру жөніндегі бөлімінің ведомстволардың арасындағы технологиялық сілтемелерді шешуде құқықтары мен міндеттері кеңейді.

2000 жылы АБИС-та «MarkSQL» желілік нұсқасында жұмыс басталды.

2004 жылдан бастап құжаттарды сандық түрге көшіру жұмысы басталды. 2012 жылдан бастап сандық түрге өткен құжаттар ОҒК-ның қолданушыларына сайт арқылы қол жетімді болды.

2013 жылы, ЕМК «Орталық ғылыми кітапхана» ҒК ҚР БҒМ (№231 бұйрығымен. 04.10.2012 жылғы.)  таратылуына байланысты ОҒК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  құрылымдық бөлімшесі ретінде енгізілді. ОҒК-ның бөлімшесінде кітапхана технологиясының автоматтандыру бөлімі құрылды.

2012 жылы желтоқсанда ОҒҚ толықтай жаңа ААКЖ «МегаПро» ауысты, «Мега Про» бағдарламасы көп функциональды, әмбебап, ақпараттық кітапханалар жүйесінің 4-ші буыны болып табылады, жаңа заманауи архитекторлық шешімдер мен дамыту құралдары негізінде толықтай веб-жуйе ретінде жасалған.

         Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  «Мега Про» бағдарламасы кітапхананың барлық негізгі  технологиялық  жұмыс барысының модульдер  жиынтығын қамтиды. Кез келген модулмен жұмыс локальды есептегіш  жүйесі, сонымен бірге Интернет  желісі арқылы  да жұмыс атқарады

Бөлімді құрудың басты мақсаты ОҒҚ-да және Ғылыми – зерттеу мекемелерiнің жанындағы  кiтапханалар желiсiнде автоматтандырылған ақпараттық-библиографиялық процестерді дамыту.

Кітапхана технологияларын автоматтандыру  бөлімінің  негізгі  жұмыс бағыты:

1. Оқырмандарға  заманауи  ақпараттық технологиялар көмегі арқылы  автоматтандырылған қызмет көрсету

2. Кітапхананың автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық «МегаПро» жүйесіне толықтырулар, жаңартулар  енгізу

3. Кітапхананың  ақпараттық қорын жетілдіру

4. Орталық ғылыми кітапхананың  ақпараттық технологияларын жетілдіру

5. Ғылыми-методикалық жұмыс

6. Біліктілікті  жоғарылату

  Бөлімнің  өндірістік қызметі:

1. Орталық ғылыми кітапхананың кітапханалық - ақпараттық және телебайланыс инфрақұрылымының  технологияларын автоматтандыру жұмысын жетілдіру және жоғары сатыға көтеру

2.  Орталық ғылыми кітапхананың  жеке өзекті электронды қорын жасау

3. Wев сайтты жетілдіру, Орталық ғылыми кітапхана қорын сайтқа қою

4. Қор жинақтауды тиімді  ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сақтау және электронды каталогтың мәліметтер базасы мен  кітапхананың ақпараттық массивін жүргізу

5. Кітапхана құрылымдарына техникалық қызмет көрсету, жаңа ақпараттық технологияларды игеруге және өзгерістер енгізуге  қолдау жасау.

Бөлімнің  қызмет көрсету мақсаты -  пайдаланушыларға кітапханадағы  кітапхана-ақпараттық процестерін жоғары дәрежеге жеткізу арқылы, сонымен бірге  жаңа ақпараттық технологиялар қолданысқа енгізу негізінде қызмет көрсету болып табылады.

Бөлімнің ақпараттық жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: автоматтандырылған кітапханалық - библиографиялық процесін енгізу арқылы кітапхананың  қызмет көрсету аясын кеңейту; ақпараттық қорды пайдаланушыларға ұсыну, сонымен қатар шетелдік пайдаланушыларға да; дәстүрлі және электронды түрде анықтамалық-библиографиялық   аппарат құру, анықтамалық-библиографиялық   қызмет көрсетуді ұйымдастыру; ақпараттық мәдениеттілік қалыптастыру; ҚР БҒМ  Ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі  кітапханалар желісіне методикалық көмек көрсету.

     Кітапхананың ақпараттық қызметі мен мақсаттарына сәйкес автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық «МегаПро» бағдарламасын енгізеді, жедел бағдарламалық қамтамасыз етеді, жұмыс орындарының қызметін автоматизациялау арқылы кітапханадағы процестерді оңтайландыру, ақпараттық технологиялар негізінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетуді жетілдіру.

         Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық «Мега Про» бағдарламасы көп функциональды, әмбебап, ақпараттық кітапханалар жүйесінің 4-ші буыны болып табылады, жаңа заманауи архитекторлық шешімдер мен дамыту құралдары негізінде толықтай веб-жуйе ретінде жасалған.

         Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  «Мега Про» бағдарламасы кітапхананың барлық негізгі  технологиялық  жұмыс барысының модульдер  жиынтығын қамтиды. Кез келген модулмен жұмыс локальды есептегіш  жүйесі, сонымен бірге Интернет  желісі арқылы  да жұмыс атқарады. Толығырақ  "МегаПро"

Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  жүйеде Орталық ғылыми кітапхана электронды каталог қорын жүргізеді:

  •    Оқырмандар  дерекқоры
  •     Авторефераттар   дерекқоры
  •     Диссертациялар  дерекқоры
  •     Видео құжаттар дерекқоры
  •     Шығыс тіліндегі әдебиеттер қоры
  •  «Қазақстан»  дерекқоры
  •      Көшірме жасау дерекқоры
  •     Фотокөшірмелер дерекқоры
  •     Микрофильмдер дерекқоры
  •     Қолжазбалар дерекқоры
  •     Сирек кітаптар дерекқоры
  •     Қазақ тіліндегі сирек кітаптар дерекқоры
  •     Орыс тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •     Қазақ тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •      Шетел тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •     ТМД елдері тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •      Жалғасымды басылымдар дерекқоры
  •     Электронды кітапхана (СD-Rom) дерекқоры
  •     ҒЗМ  кітапханаларының  дерекқоры
  •     Журналдан электрондық тасымалдау дерекқоры
  •      Журналдар дерекқоры
  •     Газеттер дерекқоры
  •     Шетел тіліндегі  мақалалардың толық мәтінді дерекқоры
  •     Ғылыми кітапхананың тақырыптық картотекалар дерекқоры.

 

РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының  меншікті генерациясы

Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс барысында маңызды бағыттарының бірі  толық мәтінді  қор жасау, кітапхананың ақпараттық  қорын жетілдіру, пайдаланушыларға кітапхананың толық мәтінді қорына қол жеткізу.

Жасалынған толық мәтінді басылымдар Орталық ғылыми кітапхана сайтына қойылып, пайдаланушыларына  www.library.kz. сайты арқылы  «Толық мәтінді электронды қор» рубрикасы арқылы қол жетімді, сонымен қатар сілтемелер  Электрондық каталог  арқылы автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  «Мега Про» бағдарламасының сандық түрдегі көшірмесі "Электрондық кітапхана" дерекқорында қолжетімді болады.

Толық мәтінді электронды жинақ «FlippingBook» бағдарламасы арқылы PDF форматында жасалады.

Орталық ғылыми кітапхананың Wев сайты ақпарат таратудың виртуалды дерек көзі ретінде қойылған хабарламаларды  кез келген уақытта, кез келген көлемде  және алыстан пайдалануды қамтамасыз етеді.

         Сайттың мақсаты – ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, ғылым докторларына, ЖОО студенттеріне Орталық ғылыми кітапхананың қорынан өте сирек кездесетін құжаттар мен ғылыми басылымдарға, қолжазбаларға, сирек кітаптарға,  саны  аз құжаттар және басқа да құжаттарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, қол жетімсіз құжаттармен таныстыру болып табылады.

     Кітапхана сайтына қойылған толық мәтінді басылымдар  пайдаланушылар үшін  www.library.kz. арқылы қол жетімді.

  •      Сирек кітаптар
  •     Қолжазбалар
  •     Сирек қорлардың шет тіліндегі басылымы
  •     Сирек қордағы мерзімді басылымы
  •     Микрофильмдер
  •     Мұрағатты құжаттар
  •     ҚР диссертациялары
  •     Автореферат
  •     Қазақстан ғалымдарының еңбектері
  •     Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер
  •     Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, «Майданнан хаттар»  атты хат-қолжазбалар
  •     «Абай Құнанбаев» сандық  кітапхана
  •     «Әлихан Бөкейханов -150 жыл» сандық кітапхана
  •     «Қаз.ССР  Ғылым академиясының  бірінші  Президенті  - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев» сандық  кітапхана
  •     «Халифа Алтай» сандық кітапхана
  •     «Жүсіп Баласағұн» сандық кітапхана
  •     «Ыбырай Алтынсарин» сандық кітапхана
  •     «Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы» сандық кітапхана
  •     ҚР ҰҒА басылымдары (Баяндамалар, Хабарлары,  Хабаршысы 2006-2016 жылдар).

         Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  ғылыми журналдарын PDF  форматында жүктеуге және сактауға мүмкіндік берілген.  ҚР ҰҒА журналдары - 9 серияда (2011 жылдан бастап 1 серия тоқтатылған).

         Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  ғылыми журналдары (электронды нұсқасы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен келiсiлген.

1. ҚР ҰҒА Хабаршысы. 1944 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

 2. ҚР ҰҒА Баяндамалары. 1944 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

3. ҚР ҰҒА Хабарлары. Биология және медицина сериясы 1946 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

4. ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология сериясы 1940 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

5. ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы 1963 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

6. ҚР ҰҒА Хабарлары. Физика-математика сериясы1963 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

7. ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы1945 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2010 жылдар  аралығында жарияланған) 2011 жылдан бастап шығарылмайды

8. ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия сериясы  1947 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында  жарияланған)

9. ҚР ҰҒА Хабарлары. Аграрлық ғылым сериясы 2011 жылдан бері жарық көреді. Мәтін қазақ және орыс тілдерінде (2012-2015 жылдар  аралығында жарияланған).

 

Қызмет көрсету:

-         Құжаттардағы, кітаптардағы, мақалардағы мәтіндерді танып білу, анықтаусыз сканерлеу

-         Құжаттардағы, кітаптардағы, мақалардағы мәтіндерді танып білу, анықтау арқылы сканерлеу

-         Электрондық  кітап, журналдар жасау

-         Баяндамалар және бейне роликтер жасау

-         Компьютерде  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәтін теру

 

Байланыстар:

КТАБ жұмыс уақыты: 9-00 ден 18-00

Түскі ас: 13-00 ден 14-00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Айдың соңғы бейсенбісі –Тазалық күні

 

Мекен-жай: Алматы қаласы

Құрманғазы көшесі 29

№3 бөлме

Телефон: 8(727)264-02-40

                8(727)272-36-00

e-mail: cnbrk@mail.ru

www.library.kz

     Ғылыми – талдамалық, әдістемелік жұмыс бөлімі  (ҒЗМ жаныңдағы кітапханалар желісі)

Негізгі бағыттары:

-  Кітапхана ісінің қазіргі жай күйін зерттеу

-  Кітапхана жұмыс тәжірибесіне озық тәжірибе енгізу

-  «Ғылым ордасы» Ғылыми кітапханада кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруы

-  Кітапханашыларға кітапхананың негізгі жұмысының бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету

-  Ғылыми-тәжірибелік құрал дайындау

 Негізгі  міндеттері:

-  Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің қазіргі жай- күйін талдау және оны болжау

-  Шет елдердін кітапхана ісі бойынша жұмыс тәжірибесін теориясын зерттеу

-  Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыстарын ұйымдастыру

-  Статистикалық сапалы деректерді талдау

-  Кітапхана ісі бойынша ақпаратты электрондық режимде таратуды қамтамасыз ету. 

       ҚР БҒМ Ғылыми – зерттеу мекемелерiнің жанындағы  кiтапханалар желiсi

ҚР БҒМ «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхананың ғылыми- зерттеу мекемелерiнің жанындағы  кiтапханалар желiсi  615 мың  данадан астам әдебиет қорын құрайды. Филиалдардағы қорлар ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң тақырыптық қызметiне сәйкес салалық-ғылыми қордан тұратын, орталықтандырылған жинақтау арқылы толықтырылып, құрастырылады. Филалдар кiтапханасының құрылуының  негiзгi мақсаты – ғалымдарды қажеттi ақпараттармен белсендi және тиiмдi  түрде қамтамасыз ету. Қазiргi уақытта Ғылыми кітапхана 10 кiтапхананы бiрiктiрiп отыр, соның ішінде 4-і дербес жұмыс жасайтын институт кітапханалары.

  1. «Математика және математикалық моделдеу институты»ҚР БҒМ ҒК РМК  ЕМК    жанындағы кітапхана, кітап қоры – 14055, жетекші кітапханашы  Тайжанова.М.А.
  2. «Ботаника және фитоинтродукция институты» ҚР БҒМ ҒК  РМК жанындағы     кітапхана, кітап қоры – 16046, кітапханашы  Томанова А.К.
  3. «Зоология  институты»ҚР БҒМ ҒК РМК  жанындағы кітапхана, кітап қоры -30082,     жетекші кітапханашы  Карымгазина Ш.М.
  4. «Қазақ тағамтану Академиясы» ЖШС жанындағы кітапхана, кітап қоры-2414,    кітапханашы  Байбосынова А.С. 
  5. «Қ.И Сәтбаев атындағы ғылыми зерттеу институты» ҚР БҒМ  ҒК  РМК  ЖШС    жанындағы кітапхана, кітап қоры – 33331, жетекші кітапханашы Тлеубаева А.Т.
  6. «Д.В.Сокольский атындағы Жанармай,  катализ және электрохимия институты» АҚ жанындағы кітапхана, кітап қоры  - 3323, кітапханашы Ахметова Ж.А.

 Дербес жұмыс жасайтын 

  1. «Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институты» ЕМК жанындағы кітапхана, кітап қоры -20093, кітапханашыОмарова С.И.
  2. «У.У. Оспанов атындағы топырақтану институты» ЖШС жанындағы     кітапхана, кітап қоры – 11280,кітапханашы  Аралбаева С.А.
  3. «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» АҚ жанындағы кітапхана, кітап қоры – 15440, кітапханашы Садырова З.Б.
  4. «Сейсмология институты» ҚР БҒМ  ҒК  РМК  ЖШС жанындағы кітапхана, кітап қоры – 1885,кітапханашы  Жүнісова М.М.

Бас кітапханашысы: Искакова Айзада Арынбекқызы

Байланыс тел: 261-00-34

                         300-54-20

                       

Қорларды жинақтау мен есепке алу, әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру, ХКА бөлімі ғылыми зерттеулер бағыттары мен оқырмандардың ақпараттық сұранысына сәйкес, ғылыми тұрғыда негізделген және жедел түрде құрылған ғылыми кітапхана қорымен, ҚР БҒМ ҒЗМ-нің кітапхана жүйесін оңтайлы қамтамасыз ету, ОҒК қорларын библиографиялық ашу, дәстүрлі және электронды каталогтар, ӘОЖ бойынша ғылыми еңбектерді индекстеу арқылы анықтама-библиографиялық ақпаратты жетілдіру мақсатында құрылған. Кітапхананың ғылыми қоры соңғы ғылыми жаңалықтарға және пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес төмендегі жолдармен қалыптастырылады:

1. Сатып алу (кітап сауда ұйымдарынан);

2. Халықаралық кітапалмасу арқылы (ғылыми басылымдарды эквиваленттік айырбастау саясаты бойынша);

3. EBSCO желісі бойынша шетелден, Ресейден, Қазақстаннан шығатын ғылыми журналдарды жаздырып алу арқылы;

4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ("Әлеуметтік маңызы бар басылымдар" бағдарламасы бойынша);

5. ҚР ҰҒА журналдары (Хабарлар, Хабаршы, Баяндамалар);

6. Кітапхана пайдаланушылардан, авторлардан және ұйымдардан сыйға алу арқылы;

7. Ғылыми кітапхананың басылымдары: библиографиялық көрсеткіштер;

8. Сандық форматқа көшірілген құжаттар.

Ғылыми өңдеу секторы қызметінің негізгі бағыттары:

1. Құжаттарды ғылыми жүйелеу мен каталогтау (Каталогтау- бұл кітапханалық каталогтарды құру мен жұмысын ұйымдастыру. Каталогтау жұмысына: библиографиялық өңдеу, библиографиялық жазба, библиографиялық деректерді енгізу мен каталогтық карточканы басу, каталогтарды ғылыми редакциялау кіреді);

2. Электрондық каталог жұмысын дамыту (Электрондық каталог- бұл пайдаланушыларға арналған дәстүрлі каталогтың электронды түрі. Ғылыми кітапханада 20 астам мәліметтер базасы бар);

3. Ретроконверсия

4. Құжаттарды каталогтау мен жүйелеу жұмыстары бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

5. Ғалымдардың еңбектерін ӘОЖ бойынша индекстеу.

ОҒК Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі электрондық ресурстарды, ғылыми мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік жасайды, оқырмандардың ақпараттық сұраныстары мен тапсырыстарына сәйкес оларды ғылыми және библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тақырыптық көрмелерді ұйымдастырып өткізеді, ОҒК басылымдарын тарату және кітап қорын насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады.

Бөлім қоры 39 мыңнан астам әдебиеттерден тұрады, соның ішінде қазақ, орыс және шет тілдеріндегі энциклопедиялар, жалпы, салалық және тақырыптық анықтамалықтар, барлық білім салалары бойынша сөздіктер, ұлттық және ресейлік библиография басылымдары (кітап, журнал, газет мақалалары жылнамасы және т.б.), РҒА Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат институтының (РҒА ҚҒҒАИ) библиографиялық құралдары, Бүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институтының (БҒТАИ) реферативтік журналдары, ОҒК библиографиялық көрсеткіштері және т.б.

ҚР болып жатқан ағымды жаңалықтар және Қазақстандағы ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша электрондық тақырыптық картотекалар жүргізеді:

• Энергетика

• Шикізат пен өнімді терең өңдеу

• Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар

• Өмір туралы ғылымдар

• Мемлекеттің зияткерлік әлеуеті

Электрондық ақпарат тасу құралдарында және online режимінде шетелдік ғылыми электрондық ресурстардың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Пайдаланушыларға кітапхананың библиографиялық және толық мәтінді ғылыми мәліметтер базаларын қолдануға мүмкіндік бар:

SpringerLink – жаратылыстану ғылымдары, биомедицина, физика, техникалық, компьютерлік, гуманитарлық ғылымдар, математика, информатика, экономика саласындағы зерттеушілерге, ғалымдарға арналған ақпараттық ресурс.

Web of Knowledge – әмбебап іздеу жүйесі арқылы көптеген мәліметтер базасынан бір мезгілде (бір уақытта) ақпарат іздеуге, мақалалар алуға, веб-парақтарға сілтемелер алуға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы.

Scopus – басылымдарда жарияланған мақалалардың циттаталуын бақылып отыруға мүмкіндік беретін библиографиялық деректер базасы. Scopus шамамен әртүрлі ғылым салалары бойынша 500 баспагерлермен ұсынылған, 21 000 ғылыми басылымдарды индекстейді.

MEDLINE – медициналық ақпараттық реферативті мәліметтер базасы. Medline МБ каталогына әлемдегі медициналық басылымдардың 75 %- дан астамы кіреді.

«Заң» МБ – мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ҚР ресми нормативтік, құқықтық актілерінің барынша толық электрондық жинағы.

ҚЭЖ (құжатты электрондық жеткізу) анықтамалық-библиографиялық, консультациялық қызметтер көрсетеді, ОҒК қорларындағы және ресей кітапханаларындағы мақалалар мен кітаптардың, диссертациялардың электрондық көшірмесін ұсынады.

Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімікітапхана қорлары туралы жедел және толық ақпарттарды ұсынады, ОҒК басылымдарын белсенді түрде тарату, насихаттау, сондай-ақ қоғаммен байланыс жұмыстарын іске асырады және тақырыптық көрмелер ұйымдастырып өткізеді. Резервтік қордағы әдебиеттермен жұмысты ұйымдастырады.

Резервтік қор ҚР Ғылыми зерттеу институттарының (ҒЗИ) қайта ашылған кітапханаларын қалыптастыру, Ғылыми зерттеу институттарының (ҒЗИ) тақырыптарын кеңейтуде кітапхана қорларының жекелеген тақырыптық бөлімдерін толықтыру, ОҒК оқырмандарына қызмет көрсету барысында жоғалған, көп сұралатын әдебиеттердің орнын толтыру мақсатында құрылған.

Резервтік қор 1100000-нан астам әдебиеттерден тұрады, соның ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдар.

Science Direct толық мәтінді деректер қоры – әлемдік ғылыми жарияланымдардың 25% құрайтын жетекші ақпараттық платформа. ScienceDirect мультидисциплинарлық платформасы 2500 ғылыми журналдан 14 млн.астам жарияланымға және Elsevier баспасының 37000 астам кітаптарына, сондай-ақ беделді ғылыми қауымдастықтар жариялаған көптеген журналдарға қол жеткізе отырып, ғылымның барлық салаларынан әдебиетті жан-жақты қамтуды қамтамасыз етеді.

ScienceDirect сапалы ғылыми-техникалық және медициналық ақпаратты табуға және бағалауға мүмкіндік беретін тиімді және толық электрондық интерактивті жүйе болып табылады.

        

Анықтамалық – ақпараттық қызметтер түрі:

  • Библиографиялық анықтамалар беру;
  • ғылыми және зерттеу жұмыстарына керекті әдебиеттер тізімін жасау;
  • ғылыми жұмыстардың әдебиеттер тізімін ретке келтіру;
  • өз бетінше библиографиялық іздеу әдістемесі бойынша кеңес беру;
  • ғылыми мекемелерге сигналдық ақпараттар беру
  • құжаттарды басып шығару;
  • құжаттардың ксерокөшірмесін жасау;
  • кітаптардың, мақалалардың және кез келген басқа құжаттардың фрагменттерін сканерлеу;
  • электрондық пошта арқылы хат жіберу және қабылдау;
  • компьютерде мәтін теру;
  • аударма жұмыстары  және т.б.

Бiздiң мекен-жайымыз:

Алматы қ., Шевченко к-сі, 28.
Телефон:

Факс:

Сайт: www.library.kz
E-mail:

      Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі

     Байланыс тел: 8(727) 261-02-70

     e-mail:

    Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімі Қазақ ССР ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың бұйрығымен 1959 жылы 22 қаңтарда, тарихи маңызы бар құнды халық мұрасын жинақтап сақтау үшін құрылды. Бөлім тарихи, ғылыми және сирек кездесетін әдебиеттен тұратын қолжазбалар, сирек баспа кітаптары және ұлттық әдебиет қорларын ғылыми негізделген түрде құруды қамтамасыз ететін, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім 2 сектордан тұрады:

  • Сирек кітаптар мен қолжазбаларды зерттеу секторы
  • Қормен жұмыс жасау және оқырмандарға қызмет көрсету секторы

     Қазақстандағы ең ірі сирек кездесетін документтерді сақтайтын қор болып табылады. Қазіргі таңда қор көлемі - 350 мың дана.

     Сирек кітаптар мен қолжазбалардың жалпы хронологиясы: ХII, XVI-ХХ ғғ. (1940ж. дейінгі) басылымдар.

     Бөлімнің негізгі жұмыс бағыты

   Қолжазбалар, сирек кітаптар және ұлттық әдебиет қорларын ғылыми негізделген түрде құру және сақтау. Қорларды ашып көрсету және насихаттау,  жазу тарихы, сирек баспа кітаптары бойыншағалымдарды тарту арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Сирек кітаптар көрмесін, экскурсияларды, баспасөзде мақалалар жариялауды және басқа шараларды ұйымдастыру. Қолжазбалар мен сирек кітаптардың жиынтық каталогтары мен көрсеткіштерін шығару. Сирек қорды, қолжазбалар мен ұлттық әдебиетті толымдау саясаты бойынша аналитикалық жұмыс жүргізу. Оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету. Республика көлемінде және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерімен, орталықтарымен қарым-қатынас орнату. Бөлімнің ғылыми қызметінің барлық бағыттары бойынша ғылыми конференциялар мен мәжілістер ұйымдастыру және олардың жұмысына қатысу. Қорды сирек басылымдармен толымдау мақсаттарында ғылыми іссапарлар жасау. Оқырмандарға жедел және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Кітапхананың ақылы қызмет көрсету баға тізіміне сәйкес ақылы қызметтер көрсету.

     Бөлім қорлары:

  • Қолжазбалар қоры
  • Сирек кітаптар қоры
  • Шығыс тіліндегі әдебиеттер қоры
  • Диссертация қоры
  • Авторефераттар қоры
  • ТМД халықтары тілдеріндегі әдебиеттер қоры
  • Ұлттық әдебиеттер қоры
  • «Қазақстан» қоры
  • Қазақ тіліндегі журналдар қоры
  • Микрофильмдер қоры
  • Фотокөшірмелер қоры

    Бөлімнің оқу залында негізгі сұранысқа ие соңғы жылдары шыққан кітаптар қойылған. Ашық кітап қорының саны 3 мың дана. Апта сайын жаңа түскен кітаптар көрмесі ұйымдастырылады.

    Қордағы кітаптар мен басылымдар тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

    Оқырмандарға сирек кітаптар мен қолжазбалардың электрондық нұсқасын оқу, микрофильмдерді сандық қалыпқа түсіру, электрондық каталог бойынша материал іздеу, көшірме жасау, анықтама беру, түнгі абонемент және т.б. қызмет түрлері көрсетіледі.

100 zhyl

 


    2016 жылы 16 қазан күні белгілі ғалым, педагог, қоғам қайраткері, профессор, экономика ғылымдарының докторы Ахмедова Нұрхан Бәтiшқызы 101 жасқа толған шағында көз жұмды. 


 

Толығырақ: 100 жылдық мерейтой

Әкiмшiлiк Аты-жөнi тел., Алматы
қаласы (727)
«Ғылыми кітапхана»  меңгерушісі  Қаймақбаева Қарлығаш            Ескендiрқызы

272-83-41 /р./

261-00-37 /факс

Бөлiмдер Бөлім бастықтары

Кітап қорын жинақтау және есепке алу, каталогтарды ғылыми өңдеу және ұйымдастыру, халықаралық кітап алмасу бөлімі


 Суленова Гульзахира    Турсынбайқызы

272-45-22 /р./

Кітапхана технологияларын автоматтандыру бөлімі


 Орысқалиев Рустем Серикқанұлы

261-02-40 /р./

Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі


 Абикова Гүлшат Мәсәлімқызы

261-02-70 /р./

Кітапхана қорын ғылыми ұйымдастыру және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі


 Тлеубаева Айгүл Төлеубайқызы

261-02-29 /р./

Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі


 Сағатбекова Мәншүк  Мазанқызы

261-02-49 /р./

261-02-60 /факс/;

Ғылыми-библиографиялық бөлімі


 

261-02-39 /р./

Ғылыми-талдамалық, әдістемелік жұмыс бөлімі


261-00-34 /р./

050010, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Шевченко көшесi 28,

тел.:(727) 261-02-29

тел.: (727) 261-83-41

факс (727) 261-02-60

www.library.kz

Karta 1 GK

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қызметін 

ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Орталық ғылыми кітапхана  қызметін пайдаланудың осы Ережесі Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарына, ҚР-ның кітапхана ісі жөніндегі заңнамалық актілеріне, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Жарғысына сәйкес әзірленген.

1.2 Орталық ғылыми кітапхана ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК құрылыстық бөлімшесі.

1.3 Орталық ғылыми кітапхана ғылыми-ақпараттық, мәдениет және білім беру мекемесі, жаратылыстану ғылымы саласындагы әдебиеттердің республикалық депозитары болып табылады.

1.4  Орталық ғылыми кітапхана баршаға ортақ кітапхана. Қазақстан Республикасы және басқа елдердің азаматтарына жеке абонементте, оқу залдарында, кітапханааралық абонементте, сонымен катар оқшауланған арналар арқылы өз кітап қорын пайдалануға береді.

1.5 Орталық ғылыми кітапханада кітапханалық - библиографиялық жэне анықтамалық - ақпараттық қызметтер тегін көрсетіледі. Кітапхананың қосымша ақы қызметінің тізімі, төлем құнының шамасы ақылы қызмет көрсету бойынша комиссиясында қаралып, Уәкілетті органның келісімімен ОҒК ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК бас директоры бекітеді.

2. ОРТАЛЫҚ ҒЫЛ​ЫМИ КІТАПХАНА  ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

2.1 ОҒК қызметінің негізгі міндеттері:
- ғылым, өндіріс, білім және мемлекеттік басқару саласында жұмыс істейтін гылыми мекемелерді кітапханалық-библиографиялык және ақпараттық хабарлармен қамтамасыз ету;
- ғылым, мәдениет, білім және қоғам өміріндегі әр түрлі салалардың дамуына көмектесу, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу, республиканың ғылыми қуатының нәтижесін колдану;
- кітапханатану, библиографиятану, кітаптану, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың ғылыми сипаттамасын беру, кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру салаларында зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
- кітапхана қорын сақтауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады.

3.  ОҚЫРМАННЫҢ КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ

3.1 ОҒК оқырмандары:
- кітапхана қорынан құжаттарды уақытша пайдалануга;
- дәстүрлі және де  электрондық каталог пен картотека жүйесі, сонымен қатар кітапхананың ақпарат таратуының басқа да көздері арқылы кітапхана қорының қүрамы және қорда нақты құжаттардың болуы жөнінде толық ақпарат алуға:
- ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кітапхана мамандарынан кеңес алуға;
- кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілетін оқырман конференциялары мен баска да көпшілік шараларға қатысуға;
- қосымша ақыға жиынтық қызмет алуға, олардың тізімін абонементте, кітапхана бөлімдерінде  танысуға болады;
- кітапхана қызметін жақсарту үшін өзінің пікірін білдіруге.

                       4. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

4.1 Кітапхана окырманы міндетті :
- кітапхана қызметін пайдалану Ережесін сақтауға;
- кітапхана қызметкерлері және басқа да оқырмандармен сыпайы қарым-қатынаста болуға;
- кітапхана қорындағы кітаптарға және басқа да басылымдарға ұқыптылықпен қарауға;
- кітапханаға кіргенде, тапсырыс алғанда,  кітапхана қызметкерлерінің сұранысы бойынша міндетті түрде оқырман билетін көрсетуге;
- оқырман билетін жоғалтып алған жағдайда тіркеу бөліміне хабарлауға.


4.2 Кітапхана қызметін пайдаланғанда:
- оқырман билеті мен тіркеу қагазын басқа біреудің пайдалануына беруге;
- әр түрлі көлемдегі сөмкелер, аудио-видео, кино-фото құралдарын, және т.б. заттарды кіргізуге, қызмет көрсету зоналарына кітапхананың мүлкіне жатпайтын кітаптар, журналдар, газеттер әкелуге болмайды;

Видеоаппаратурамен түсірілім түсіруге, кітаптарды, газеттер мен журналдарды фотоаппарат пен ұялы телефонға түсіруге болмайды;

- қызмет көрсету зоналарына сыртқы киіммен кіруге;

- азық-түлік немесе сусындар алып келуге;
- кезекші кітапханашының рұқсатысыз және тіркеу қағазындағы арнайы белгісіз оқырман залынан немесе бөлімдерден кітапхана құжаттарын алып кетуге рұқсат етілмейді;
Кітапхана құжаттарын өз бетінше алып кету ұрлыққа жатады;
- кітапхана ішінде тыныштықты бұзуға, ұялы телефонды қолдануға;
- кітапхана гимараты ішінде темекі шегуге;
- әкімшіліктің рүқсатысыз жарнамалы-коммерциялық негіздегі мағлұмат ілуге;
- ұсақ-түйек саудамен, коммерциялық немесе үгітшілік қызметпен айналысуға;
- каталогтардан немесе картотекалардан карточкаларды суырып алуға;
- оқырман залындағы ашық қордағы кітаптардың орналасу ретін бұзуға;
- кітаптардың парақтарына белгі қоюға, бүктеп немесе қиып алуға, бүлдіруге, көшіріп басу қагаздарын қолдануға тыйым салынады.

4.3 Кітапхананың гардеробына  көлемі үлкен азық-түлік салынған шаруашылық сөмке,  жеңіл тұтанатын заттар, ілгексіз сырт киімдер, бағалы  бұйымдар мен ақшалар қабылданбайды.

4.4 Кітапхана кызметкері мен оқырман арасындағы келіспеушілікті бөлім меңгерушісі, қажет болған жағдайда ОҒК  меңгерушісі шешеді.

4.5 Оқырмандар «Орталық ғылыми  кітапхана  қызметін пайдалану Ережесін» бұзған жағдайда, ҚР заңдары бойынша, осы Ережесі мен «Ғылым ордасы» РМК Жарғысына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, кітапханаға шығын келтірген кезде, белгіленген ретімен  орнын толтыру міндетті.

4.6 Кастықпен бүлдірген, кітапхана құжаттары мен құралдарын ұрлаған, немесе кітапхана Ережесін бірнеше рет бұзған  оқырмандар кітапхана қызметін пайдалану қүқығынан айырылады.

5. ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ. КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

5.1 Кітапхана оқырмандарға «Ғылым ордасы» РМК Жарғысы мен қызметін пайдалану Ережесі және ҚР-ның колданыстағы заңнамаларына сәйкес қызмет көрсетеді.

5.2 Кітапхана жеке оқырмандар жөнінде мәлімет бермейді және таратпайды.

5.3 Кітапхана міндеті:
- жоғары мәдениетті қызмет қамсыздандыру;
- оқырмандарға кітапханалық қызметтің барлық түрлері, соның ішінде ақылы қызмет жөнінде мәлімет беруге;
- кітапіханада жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауға;
- оқырмандардың сұранысын зерттеп және  сапалы, жедел, толық орындап, қанағаттандыру;
- кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;
- оқырмандарға кажетті құжаттарын іздеп-табуға көмектесу, анықтама-іздестіру құралдарымен (каталог, картотека) таныстыру, библиографиялық басылымдар мен электрондық құралдардың қызметін ұсыну және тақырыптық көрмелер мен жаңа түскен кітаптар көрмелерін үйымдастыру;
- ҚР-ның ағымдағы заңнамаларына, «Ғылым ордасы» РМК Жарғысы мен  Орталық ғылыми кітапхана қызметін пайдалану Ережесіне сәйкес кітапхана құжаттарына есеп жүргізу, сақтау, қолдану.

5.4 Шығын құнын өтеу үшін  келіп түскен  ақшалай қаржы  кітапхана қорын толықтыруға, қордағы құжаттарды және басқа  мүліктерді қалпына келтіруге жұмсалады.

5.5 Кітапхана қызметкерлері оқырмандармен ұкыпты және сыпайы болуға, кітапхана қызметін пайдалану Ережесін орындауға, тазалық пен тәртіп сақтауға, кітапхананың кітап қорына, басқа да мүліктеріне ұқыптылықпен қарауға міндетті.

6. КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ

6.1 Жазылу, хаттау мен  оқырман билеттерін беру Кітапхана абонементінде  жүргізіледі.

6.2 Жазылу кезінде жеке абонементтің және оқырман залдарының қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін оқырман билеті беріледі. Оқырман билеті тегін  беріледі.

6.3 Алматы қаласында тұрақты тұратын, ғылыми дәрежесі бар мамандар жеке абонементті пайдалануына құқығы бар.

6.4 Жеке абонементке жазылу үшін төмендегі құжаттар қажет:

- ҚР азаматының жеке куәлігі;
- жұмыс орнынан анықтама;
- ғылыми атағы жөіндегі диплом (көшірме)
- 3х4 көлемдегі фотосурет.

6.5 Оқырман залына жазылуға қажет:
- жеке куәлік немесе төл құжат;
- студенттік билет немесе сынақ кітапшасы;

6.6 Оқырман тіркелу кезінде:
- ОҒК қызметін пайдалану Ережесімен танысады;
- тіркеу кітапшасы мен оқырман формулярын толтырады;
- «ОҒК қызметін пайдалану Ережесін» орындау міндеттемесін растаған қолын қояды.

6.7 Оқырманға пайдалану мерзімі көрсетілген оқырман билеті беріледі.

6.8 Кітапхана оқырмандарының  қайта тіркеуі екі жылда бір рет белгіленген мерзімде өткізіледі. Қайта тіркеу үшін мына құжаттар қажет:
- жеке куәлік немесе төл құжат;
- жұмыс орнынан анықтама;
- оқырман билеті;
- студенттік билет немесе сынақ кітапшасы ( студенттері үшін);
сонымен бірге жеке абонементтен бұрын алған барлық әдебиеттерді қайтаруға міндетті.

6.9 Оқырман билеті мен кітапханаға кірген кезде берілетін тіркеу қағазы, абонемент пен оқырман залын пайдалану құқығын беретін негізгі құжат болып табылады.

7. ОҒК ҚОРЫНАН ҚҰЖАТТАРДЫ АЛУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

7.1 Кітапханаға кірген кезде оқырман күзетші қызметкерге оқырман билетін көрсетіп, бақылау қағазын алады, онда оқырманның фамилиясы, билетінің нөмірі көрсетіледі.

7.2 Оқырман залына немесе кітапхана бөліміне кірген кезде, оқырман билеті мен бақылау  қағазын кезекші кітапханашыға откізеді.

7.3 Оқырман кітапханадан шыққан кезде арнайы белгі қойылған бақылау қағазын күзетші қызметкерге міндетті түрде қайтарады.

7.4 Бақылау қағазы кітапханаға келушілердің барлығына беріледі.

7.5 ОҒК қорынан құжаттар алу үшін оқырман белгіленген үлгідегі балнкке тапсырысты толтырады. Талап ету қағазы дұрыс толтырылмай, қосымша толықтыруды қажет етсе, оқырман сұранысы орындауға қабылданбайды.

7.6 Бір мезгілде 10 дана сұраныс қабылданады.

7.7 Абонемент пен оқырман залында құжаттар оқырман билеті мен бақылау  қагазы көрсетілген соң беріледі.

7.8 Жеке абонементке берілмейді:
- сирек кездесетін және аса құнды басылымдар;
- кітапханада тек бір данасы сақталған басылымдар;
- үлкен көлемді басылымдар;
- электронды кұралдардағы ақпарат басылымдар;
- газеттер, карталар, альбомдар;
- диссертациялар мен авторефераттар;
- энциклопедиялық басылымдар;
- оқырман залының қосымша қорындағы басылымдар.


7.9 Оқырмандарға  кітап беру пункітінде (бронеполка)  қалдыратын басылымдар саны 10 данадан  аспайды.

7.10 Кітапты пайдалану мерзімі - 1 ай, журналдар үшін - 10 күн. Егер басқа оқырманнан сұраныс түспесе, әдебиетті пайдалану мерзімін  оқырманның 2 рет ұзартуға құқығы бар. Оқырман кітапхананың талап етуімен сұратылған әдебиетті қайтаруға міндетті. Жеке абонемент бойынша мезгілінде қайтарылмаған құжат үшін айыппұл  төлетіп алынады.

7.11 Тапсырыс беріліп, талап етілмеген әдебиеттер кітап беру пункітінде (бронеполка) 10 күн сақталады.

7.12 Оқырман кітапхана құжаттарын алғанда, оларды мұқият қарап, әлдеқандай кемістігі болса кезекші кітапханашыға хабарлауға міндетті.

8.  КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Кітапхана күн сайын caғ. 9-дан  19-ға дейін жұмыс істейді
Демалыс күндері        жексенбі және мереке күндері
Тазалық күні - әр айдың соңғы бейсенбісі.

Меңгерушілердің аты- жөні Кітапханалар ҒЗМ Адрес, телефон
1 Тайжанова Майгул Ауғанқызы ҚР БҒМ ҒК  РМК жанындағы  Математика институтының кiтапханасы Алматы қаласы,
Пушкин көшесі, 125,
кітапхана. 272-03-75


2 Томанова Ақнұр Қаймышқызы ҚР БҒМ ҒК РМК  жанындағы   Ботаника және фитоинтродукция институтының кiтапханасы Алматы қаласы, Тимирязев көшесi, 44 қабылдау: 394-80-40
тех.без: 394-76-38


3 Карымгазина Шолпан Мұзапбарқызы ҚР БҒМ ҒК  РМК  жанындағы  Зоология және жануарлардың генефонды институтының кiтапханасы Алматы қаласы,
Әль-Фараби көшесi,93,
Қабылдау: 248-18-26


4 Байбосынова Асем Самудиновна ЖШС Қазақ Академиясының тағамтану институтының кiтапханасы Алматы қаласы, Ключкова көшесi, 66, тел.: 375-80-57


5 Тлеубаева Аида Төлеубайқызы ҚР БҒМ ҒК  РМК  ЖШС жанындағы   Қ.И. Сәтбаев атындағы геология ғылыми зерттеу институтының кiтапханасы Алматы қаласы, Қабанбай-батыр, 69 А,
Кітапхана: 291-64-55

Д.т: 264-48-90
6 Ахметова Жанна Абдрахманқызы АҚ  Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институтының кiтапханасы Алматы қаласы, Қонаев көшесi, 142,       
Вахта: 291-62-28
 
7 Омарова Сымбат Иманмәлікқызы ЕМК жанындағы  Д.А.Қонаев атындағы тау-кен институтының кітапханасы Алматы қаласы, Абай даңғылы 191
тел.: 255-74-53
8 Аралбаева Сауле Ахметқызы ЖШС жанындағы  У.У. Оспанов атындағы топырақтану институтының кiтапханасы

Алматы қаласы, Әль-Фараби көшесi,

тел.: 269-47-33

9 Садырова Зина Бектұрсынқызы АҚ  жанындағы  Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығының кiтапханасы Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 29/33 тел.: 98-45-22
10 Джүнiсова Маржан Медетханқызы ҚР БҒМ ҒК  РМК ЖШС  жанындағы Сейсмология институтының кiтапханасы Алматы қаласы, Әль-Фараби көшесi, 75 кітапхана: 269-45-51


Әкiмшiлiк Аты-жөнi тел., Алматы
қаласы (727)
«Ғылыми кітапхана»  меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендiрқызы тел.: 272-83-41
факс 261-00-37
Бөлiмдер Меңгерушiлер тел., Алматы
қаласы (727)
Кітап қорын жиынтықтау және есепке алу, каталогтарды ғылыми өңдеу және ұйымдастыру, халықаралық кітап алмасу бөлімі Суленова Гульзахира Турсынбайқызы тел.: 261-82-32
Кітапхана технологияларын автоматандыру бөлімі

Ахметова Роза  Сабырқызы

тел.: 261-02-40
%20var%20addy40553%20=%20%27ahmetova%27%20+%20%27@%27;%20addy40553%20=%20addy40553%20+%20%27library%27%20+%20%27.%27%20+%20%27kz%27;%20document.write%28%20%27%3Ca%20%27%20+%20path%20+%20%27%5C%27%27%20+%20prefix%20+%20addy40553%20+%20suffix%20+%20%27%5C%27%27%20+%20attribs%20+%20%27%3E%27%20%29;%20document.write%28%20addy40553%20%29;%20document.write%28%20%27%3C%5C/a%3E%27%20%29;%20//--%3E%20%3C/script%3E%3Cscript%20language=%27JavaScript%27%20type=%27text/javascript%27%3E%20%3C%21--%20document.write%28%20%27%3Cspan%20style=%5C%27display:%20none;%5C%27%3E%27%20%29;%20//--%3E%20%3C/script%3E%D0%AD%D1%82%D0%BE%D1%82%20e-mail%20%D0%B0%D0%B4%D1%80%D0%B5%D1%81%20%D0%B7%D0%B0%D1%89%D0%B8%D1%89%D0%B5%D0%BD%20%D0%BE%D1%82%20%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BC-%D0%B1%D0%BE%D1%82%D0%BE%D0%B2,%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%B5%D0%B3%D0%BE%20%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%BE%D1%82%D1%80%D0%B0%20%D1%83%20%D0%92%D0%B0%D1%81%20%D0%B4%D0%BE%D0%BB%D0%B6%D0%B5%D0%BD%20%D0%B1%D1%8B%D1%82%D1%8C%20%D0%B2%D0%BA%D0%BB%D1%8E%D1%87%D0%B5%D0%BD%20Javascript%20%3Cscript%20language=%27JavaScript%27%20type=%27text/javascript%27%3E%20%3C%21--%20document.write%28%20%27%3C/%27%20%29;%20document.write%28%20%27span%3E%27%20%29;%20//--%3E%20%3C/script%3E" style="color: rgb(39, 80, 80); font-family: 'Microsoft Sans Serif', Geneva, sans-serif; font-size: 12px; text-align: -webkit-center;">
Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі Абикова Гүлшат Мәсәлімқызы тел.: 261-02-70
Кітапхана қорын ғылыми ұйымдастыру және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Жарқымбаева Қадиша Медетханқызы тел.: 261-02-29
Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі Сағатбекова Мәншүк Мазанқызы тел.: 261-02-49

Ғылыми-библиографиялық бөлімі

Белгібаева Галия  Исақызы

тел.:261-02-39
Ғылыми-талдамалық, әдістемелік жұмыс бөлімі Искакова Айзада Арынбекқызы  бас кітапханашы тел.: 261-00-34

050010, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Шевченко көшесi 28,

тел. (727) 261-02-29

(727) 272-83-41

факс (727) 261-02-60

e-mail:

      ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы аса ірі ғылыми кітаптар қоры бар, ғылыми жаратылыстану депозитарий функциясын (қызметін) атқарушы орын. (5,7 млн.экз.)

   Кітапхана қоры ұлттық және шетелдік басылымдар, диссертациялар, ғылыми еңбектер және Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының аса бай  жиынтығынан тұрады. Деректердің ауқымы  өте үлкен:қолжазбалардың  түпнұсқалық  түрінен бастап, заманауи  электронды ақпарат тасымалдаушыларға дейінгі аумақты қамтиды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасы  ­өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалардың иесі.

Сирек кітаптар қоры - 91 мың дана, қолжазбалар қоры - 22 мың дана, шығыс әдебиеттері  қоры - 9,9 мың  дананы құрайды..

Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер қоры – кітапхананың мақтанышы болып саналады. Мұнда революцияға дейінгі өте құнды қазақ әдебиеттері  Қазақстанның басқа кітапханаларының жиынтығына қарағанда  толық сақталуды. Осы бөлімшеде  Ғылым академиясында қорғалған диссертациялардың толық  қоры сақталады. Кітап қоры әр саланы қамтитын 7  бөлімнен тұрады.

Шығармалардың жалпы хронологиясы ХІІ, ХVІ-ХХ  ғасырлар. Қолжазбалар тарихи  құжаттар мен қазақ әдебиетінің жәдігерлерлері болып табылады.

Орыс тіліндегі сирек кітаптардың біразы қазақ халқының тарихын, археологиясы мен этнографиясын зерттеуші орыс ғалымдарының басылымдарынан тұрады. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Республикалық  маңызы бар ақпаратттық орталық.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:

- Орталық ғылыми кітапхана қорындағы  ұлттық байлық және ғылыми құндылық болып табылатын ғылыми, мәдени және тарихи құжаттарды насихаттау;

- Сирек құжаттарды, қолжазбаларды және басқа да деректемелерді сандық түрге көшіру

- Ғылыми-библиографиялық  және  ақпараттық оқу құралдарының, академиялық  ғылыми  журналдардың  толық мәнді   деректер базасын  (БД) құру

- Электрондық  каталог  жүргізу

- Әлемдік  ақпараттық орталықтар  мен баспалардың  деректер базасына (БД) қол жеткізуді қамтамасыз ету

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ­­­­­­– халықаралық кітап алмасу  орталығы, әлемнің 65 еліндегі  466 ғылыми мекемемен серіктес және  Қазақстандағы 900 мыңнан аса шетелдік ғылыми әдебиетттер қорын  сақтаушы.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ­- Республикадағы ғылыми-библиографиялық  қызмет көрсету орталығы. Бірнеше библиографиялық  сериялардың  зияткерлік меншік сертификатына ие:

- «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық»

- «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы»

- «Ұлы тұлғалар»

-  «Кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері»

Қазақстан ғылымының  іргелі және қолданбалы зерттеулерін  библиографиялық  ақпараттармен қамтамасыз ету үшін Орталық ғылыми кітапхана көптеген ғылым салалары бойынша өңірлік, проблемалық-тақырыптық,  ағымдағы және ретроспективті   библиографиялық  көрсеткіштер шығарады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы­ - Білім және ғылым министрлігінің   іргелі және қолданбалы зерттеулеріне қатысушы және орындаушы.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы­ – Ғылыми-зерттеу институттары жанындағы кітапханар желісінің (или торап) орталығы:

Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты, Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, Зоология және жануарлар генефонды институты, Қазақ Тағамтану академиясы, Математика институты, Ионосфера институты, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты, Ботаника және фитоинтродукция институты

     1948-1957 жылдары  салынған  Қазақ ССР  Ғылым академиясының кешені  архитектуралық ескерткіш болып саналады. ҚазССР Министрлер Советінің 1982 ж.26 қаңтардағы №38 қаулысына сәйкес «Қазақ ССР-ғы маңызды Тарихи және  мәдениет ескерткiштерінің  мемлекеттiк тізiміне енгiзiлген» және мемлекет қорғауында.  

­    Кешен   Алматы қаласы, Шевченко көшесi, 28 орналасқан  және Шевченко-Құрманғазы-Қонаев-Пушкин көшелерiнiң қиылысындағы  3,0906 га. жер аумағын  иеленуде.          

      ҚазССР Ғылым академиясының ғимараты - 1948 жылы басталып,  1957 жылы салынып біткен орасан зор архитектуралық ансамбль. Республика ғылымының бас штабын тұрғызуға ҒА бiрiншi Президентi Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың сіңірген еңбегі ерекше үлкен. Қ.И Сәтбаев  Академия мен оның жеке ғылыми мекемелерiн өркендетудің негізгі міндеттерін жоспарлап, келешекте  оларды осы аймақтық кешенге орналастыруға  тұжырым жасаған. Қаныш Имантайұлы  Академия ғимараты адам ойының ұлылығын бейнелеп, республика ғылымының алдына қойған міндетінің кең көлемді екенін көрсететінін болжаған.

     Кешеннiң бас жобалаушысы, кемеңгер  сәулетшi, сәулет өнерінің негiзiн қалаушы, көптеген тамаша ғимараттардың авторы, Мәскеудегі Ленин мавзолейiнің салынуына да өз үлесiн қосқан  академик Алексей Викторович Щусев болды. Жұмысшылар тобының басшысы болып жобалаушы-архитектор,өз ісінің  маманы, инженер  А. И. Простаков тағайындалды. Жұмыс күшi ретiнде негiзiнен тұтқындағы жапондықтар пайдаланылды.

     Ғимарат архитектурасына классикалық сарын және ұлттық өрнектiң стильдiк элементтерi қолданылған.

    Қазiргi кезде ғимарат  кешенiнде «Ғылым ордасы» РМК, Ғылыми кiтапхана, Археология мұражайы, Табиғат мұражайы, Сирек кездесетін  кітаптар мұражайы, Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы, ҚҰ «Ұлттық ғылым академиясы», Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы және   10 ғылыми-зерттеу ұйымдары  жұмыс жасайды.

     5.7 млн. сақталу қоры, кешендегi екi павильонда типтi кiтап сақтау бөлмелерi  бар  Ғылыми кiтапхана  кешеннің оң қанатына орналасқан.

    Өткен ғасырдың  60-70 жылдары архитектуралық ансамбльдi одан ары қарай өңдеу жұмысы  жүзеге асырылды. ХІХ ғасырдағы  қазақтың этнограф-ғалымы Шоқан Уалихановтың 8 метрлiк монументтік ескерткiші нәтижесiнде Ғылым академиясының алаңы  архитектуралық сәулетті және үйлесiмдi  шешімін тапты.

     Қоладан құйылып, қара габбро тұғырында тұрған сәулеттi кескiн, фонтандар, химия, металлургия және кен байыту институттарының  ғимараттары  керемет архитектуралық ансамбль құрайды.

     1979 жылы  салынған Ғылым Академиясының шығыс жағындағы  Пушкин көшесiндегi шағын бақта қызықты “Шығыс күнтiзбесi” фонтаны орналасқан. Қоладан құйылған  аллегориялық кескiндер  шығыс күнтiзбесiнің кейiпкерлерiн бейнелейдi.

    1981 жылы Ғылым Академиясы ғимаратының оң жағына «Ғалымдар үйi» корпусы қосылып салынды. Ғимарат кешенi азаматтық архитектура үлгiсiне жатады.

    Академияның жоспарланып салынған ғимараты 11 павильонға бөлiнген, олардың  9-да «Ғылым ордасы» РМК, Ғылыми кітапхана, Археология мұражайы, Табиғат мұражайы, Сирек кездесетін  кітаптар мұражайы, Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы, ҚҰ «Ұлттық ғылым академиясы», Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы және   10 ғылыми-зерттеу ұйымдары  орналасқан.

Орталық ғылыми кітапхана – бүгінгі күнде

      ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы аса ірі ғылыми кітаптар қоры бар, ғылыми жаратылыстану депозитарий функциясын (қызметін) атқарушы орын. (5,7 млн.экз.)

   Кітапхана қоры ұлттық және шетелдік басылымдар, диссертациялар, ғылыми еңбектер және Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының аса бай  жиынтығынан тұрады. Деректердің ауқымы  өте үлкен:қолжазбалардың  түпнұсқалық  түрінен бастап, заманауи  электронды ақпарат тасымалдаушыларға дейінгі аумақты қамтиды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасы  ­өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалардың иесі.

Сирек кітаптар қоры - 91 мың дана, қолжазбалар қоры - 22 мың дана, шығыс әдебиеттері  қоры - 9,9 мың  дананы құрайды..

Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер қоры – кітапхананың мақтанышы болып саналады. Мұнда революцияға дейінгі өте құнды қазақ әдебиеттері  Қазақстанның басқа кітапханаларының жиынтығына қарағанда  толық сақталуды. Осы бөлімшеде  Ғылым академиясында қорғалған диссертациялардың толық  қоры сақталады. Кітап қоры әр саланы қамтитын 7  бөлімнен тұрады.

Шығармалардың жалпы хронологиясы ХІІ, ХVІ-ХХ  ғасырлар. Қолжазбалар тарихи  құжаттар мен қазақ әдебиетінің жәдігерлерлері болып табылады.

Орыс тіліндегі сирек кітаптардың біразы қазақ халқының тарихын, археологиясы мен этнографиясын зерттеуші орыс ғалымдарының басылымдарынан тұрады. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Республикалық  маңызы бар ақпаратттық орталық.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:

- Орталық ғылыми кітапхана қорындағы  ұлттық байлық және ғылыми құндылық болып табылатын ғылыми, мәдени және тарихи құжаттарды насихаттау;

- Сирек құжаттарды, қолжазбаларды және басқа да деректемелерді сандық түрге көшіру

- Ғылыми-библиографиялық  және  ақпараттық оқу құралдарының, академиялық  ғылыми  журналдардың  толық мәнді   деректер базасын  (БД) құру

- Электрондық  каталог  жүргізу

- Әлемдік  ақпараттық орталықтар  мен баспалардың  деректер базасына (БД) қол жеткізуді қамтамасыз ету

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ­­­­­­– халықаралық кітап алмасу  орталығы, әлемнің 52 еліндегі  355 ғылыми мекемемен серіктес және  Қазақстандағы 900 мыңнан аса шетелдік ғылыми әдебиетттер қорын  сақтаушы.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ­- Республикадағы ғылыми-библиографиялық  қызмет көрсету орталығы. Бірнеше библиографиялық  сериялардың  зияткерлік меншік сертификатына ие:

- «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық»

- «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы»

- «Ұлы тұлғалар»

-  «Кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері»

Қазақстан ғылымының  іргелі және қолданбалы зерттеулерін  библиографиялық  ақпараттармен қамтамасыз ету үшін Орталық ғылыми кітапхана көптеген ғылым салалары бойынша өңірлік, проблемалық-тақырыптық,  ағымдағы және ретроспективті   библиографиялық  көрсеткіштер шығарады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы­ - Білім және ғылым министрлігінің   іргелі және қолданбалы зерттеулеріне қатысушы және орындаушы.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы­ – Ғылыми-зерттеу институттары жанындағы кітапханар желісінің (или торап) орталығы:

Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты, Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, Зоология және жануарлар генефонды институты, Қазақ Тағамтану академиясы, Математика институты, Ионосфера институты, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты, Ботаника және фитоинтродукция институты

100 zhyl


    2016 жылы 16 қазан күні белгілі ғалым, педагог, қоғам қайраткері, профессор, экономика ғылымдарының докторы Ахмедова Нұрхан Бәтiшқызы 101 жасқа толған шағында көз жұмды. 


Бiлiмнiң кілтi ғылым : Белгiлi ғалым, қоғам қайраткерi, профессор, экономика ғылымдарының докторы және кiтапханатанушы Ахмедова Нұрхан Бәтiшқызының өмiр жолы мен қызметi/ҚР ҰҒА. ОҒК; Құраст.: К.Қ. Қойшығарина; Библ. ред.: Л.Д.Әбенова, С.С.Ақашева, Д.Ж.Омарбекова, Т.В.Вдовухина; Бас ред.:А.К.Қошанов; Жауапты ред.:К.К.Әбуғалиева. - Алматы, 2002. - 107б. : ил.,портр. - ISBN 9965-473-21-8

 Дочь степи (К 90-летию Ахмедовой Нурхан Батишевны, докт.экон.наук, профессора)/ Гл.ред. А.К.Кошанов;Отв.ред.К.К.Абугалиева;МОН РК,ЦНБ. - Алматы, 2006. - 153с. :ил.:фото. - (Деятели науки и культуры Казахстана). Книга "Дочь степи"посвящена жизни и творчеству известного ученого, педагога, государственного деятеля, профессора, доктора экономических наук Ахмедовой Нурхан Батишевны, внесшей значительный вклад в становление и развитие Центральной научной библиотеки Академии наук Казахстана.

  Біржанов Х. Қанағатшыл, мейірбан адамдар ұзақ жасайды // Алматы ақшамы, 2015.12.21.

   Майлыбаева С. Алаш рухының аруанасы // Алматы ақшамы, 2015.10.14

 

  

Нұрхан Бәтішқызы Ахмедова 1915 жылдың 21 желтоқсанында дүниеге келген.

1938 жылы Москваның Теміржол транспорты институтын бітіріп, Түркістан-Сібір теміржол басқармасының жүк тасымалдау қызметіне инженер-экономист болып жұмысқа жіберілді.

1939-1948 жылдары Қазақстан Орталық комитеті Лениншіл Коммунистік Жастар одағының секретары болып сайланды. Еліміз үшін ең ауыр кезеңде майданға 46 ұрыс машинасын жөнелткен «Қазақстан комсомолы» танктер колоннасын құруға белсенді атсалысты.

1948-1953 жылдары Н.Б.Ахмедова Қазақстан К/б/П  Орталық комитетінде Әйелдер арасындағы жұмыс бөлімін басқарды.

1953 ж. Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасына түсіп, 1955 жылы «Роль социалистического размещения производительных сил в экономическом развитии Казахской ССР» деген тақырыптағы  диссертациясын сәтті қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды.

1957 ж. 1 наурызынан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының жарлығымен   Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының директоры болып тағайындалады. Бұл кітапхананың ірі ғылыми-ақпараттық мекеме болып құрылу, қалыптасу кезеңі еді.

Н.Б.Ахмедова кітап қорының отандық және шетел әдебиеттерімен ғылыми негізде толықтырылуына мүмкіндік жасады. Кітапхана ісінің кей салаларының дамуы үшін мамандарды таңдау, оқыту, мамандарды дұрыс орналастыру, кітап қорын одақтас республикалар кітапханаларының қорларынан алынған кітаптармен толықтыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды. Кітап қорын қалыптастыру  мәселесін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзі қадағалады. Совет Одағының түкпір-түкпіріндегі ірі кітапханалардың  резервтегі қорларынан ОҒК қызметкерлері іріктеп алған кітаптар Алматыға контейнерлермен жеткізіліп отырды.

Нұрхан Бәтішқызы басқарған 30 жыл ішінде Орталық ғылыми кітапхана одақтағы академиялық кітапханалар  арасында алдыңғы орында болды. Ал, ең үлкен еңбегі – Халықаралық кітап  алмастыру жұмысын дамытуы болды.  Н.Б.Ахмедова басшылық еткен кезеңде кітапхана әлемнің 46 елінің 266 ғылыми мекемесімен, атап айтқанда, әлемнің ірі кітапханалары –  АҚШ-тың Конгресс кітапханасы, Париждің Ұлттық кітапханасы, Нью-Йорктегі көпшілік кітапхана, Пекиннің Мемлекеттік кітапханасы және т.б. кітапханалармен кітап алмастыру жұмысын жолға қойды. 80-жылдары әлемнің 61 мемлекетіндегі 870 ғылыми мекемемен кітап алмасу жұмысын жүргізіп, кітапхананың шетел ғылыми әдебиеттер қоры Орта Азия аймағындағы кітапханалар арасында ең үздігі болды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және кітап қорын сақтау мақсатында  Сирек кітаптар, қолжазбалар және қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттер қоры мен кітаптарды түптеу және қайта қалпына келтіру бөлімдері ашылды. Ғалымдардың ақпараттық сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында  Нұрхан Бәтішқызы Ғылыми-зерттеу институттары жанынан 21 кітапхана филиалын құру және оны жетілдіру мақсатында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесін құруға  жәрдем жасады. Сонымен бірге, кітапхана ісіндегі негізгі іздеу аппараты – каталогтарға үлкен мән беріп, кітап қорын толықтыру мен каталогтарға редакция жасау жұмысына ғалымдарды тартып, ғылыми-көмекші аппараттың сапасын көтерді. Кітап қорын насихаттауға үлкен көңіл бөлді, ғылым дамуының маңызды мәселелері жөнінде шетелдік баспалар мен фирмалар басылымдарының тақырыптық көрмелерін ұйымдастырды.

 Н.Б.Ахмедованың басшылығымен библиографиялық көрсеткіштерді құрастырудың негізгі бағыттары, кітапхананың кітап қорының негізінде зерттеу тақырыптарын тұжырымдау, Қазақ ССР ҒА ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмысына сәйкес кітап қорын жинақтаудың тематикалық-типологиялық жоспарын зерттеу және құрастыру, ғылыми негізде ағымдағы және өткенді шолатын библиографиялық құралдар шығарылды.

Сол кезеңдерде, Қазақ ССР ҒА Орталық ғылыми кітапханасы – елімізде алғашқылардың бірі болып есептеуіш техникалардың көмегімен жұмыс жүйесін автоматтандыру жұмысын қолға алды.

Нұрхан Бәтішқызы  қоғамдағы экономикалық ғылыми ортада беделді жан. 1972 жылы «Проблемы развития и размещения промышленности Казахстана»  атты тақырыпта докторлық диссертация қорғап, кейіннен монография етіп шығарды.

1977 жылы 20 қаңтарда Ғылым академиясының Президиумының бұйрығымен  Қоғамдық ғылымдар саласында ғылыми ақпараттарды ұйымдастыру  (ОНИОН) СОПС бөліміне меңгерушілікке тағайындалды. Сонымен қатар, Орталық ғылыми кітапхана директоры қызметін де атқарды.

1987 жылдан бері құрметті еңбек демалысында.

Н.Б. Ахмедованың бүкіл көп салалықызметі үкіметтің жоғары наградаларымен марапатталған.

 

 

МҰРА: Орталық ғылыми кітапхананың 70 - жылдық мерейтойына арналған жинақ/Құрастырушылар: К.К.Әбуғалиева, Р.Т. Бірімжарова, Қ.Е. Қаймақбаева. - Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2002. - 250 б.

ISBN 9965-473-50-1        ББК 78.33

 Сіздердің назарларыңызга ұсынылып отырған "Мұра" атты жинақ Орталық ғылыми кітапхананың 70 жылдық мерейтойына және кітапхана оқырмандарына арналады.

Жинақ 3 бөлімнен тұрады. 1- ші бөлім "Кітапхана - ғылым, мәдениет және руханият орталығы" деп аталып, Ғылым академиясы ғалымдарының, әр кезеңдегі кітапхана оқырмандарының мақалалары мен сөздерін берген. "Біздің мерейтой" атты 2-ші бөлім осы кітапханаға арналған құттықтауларға арналған. "Орталық ғылыми кітапхананың алтын қорынан" атты 3-ші бөлімде Сіздер Орталық ғылыми кітапханаға сыйлық ретінде табыс етілген ғалым- дарымыздың, мәдениет, өнер кызметкерлерінің және жазушыларымыздың қолтаңбасы қойылған сирек және кұнды әдебиеттермен таныса аласыздар. Жинақ түрлі-түсті суреттермен, иллюстрациялармен безендірілген. Сонымен қатар жинақта атаулар көрсеткіші, қысқартылған сөздер және авторлар туралы мәліметтер берілген.

Бұл жинақ кітапханаларға, акпараттық орталықтарға, сондай-ақ кітапханатану ісімен айналысушы көпшілік қауымға арналған.

         Ғылыми кітапхананың тарихы 1932 жылы ССРО Ғылым академиясының   Алматыдағы  Қазақстандық  базасының алғашқы  ғылыми бастауыш ұйымының  ашылуымен басталды. Құрамында  зоологиялық және ботаникалық екі секторы болды.

Ғалымдардың сыйға тартқан  2,5 мың  дана кiтаптары  Калинин  көшесiндегi (қазiргi Қабанбай батыр көшесі) шағын ғимараттың бiрнеше бөлмелерiнде  орналастырылды.  Кiтапхана осында ширек ғасырдан астам өмір сүрді.

1938 жылы  Қазақстандық база ССРО ҒА Қазақ филиалы болып өзгертілді. Кiтапхана қорының саны  30 мың данаға жетіп, штаты 4 адамнан тұрды.

1946 жылы Қазақ ССР  Ғылым Академиясының құрылуымен кітапхана Орталық ғылыми кiтапхана статусын алды. Кітапхана  дамуының  және ғылыми деңгейінің маңыздылығын анықтаудың басында  ҚазССР Ғылым Академиясының бірінші Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тұрды. Осы кезеңнен бастап Орталық  ғылыми кітапхананың қалыптасу, дамуының  жаңа және негізгі кезеңдері басталды.   

1947 жылдан бастап ғылыми-зерттеу мекемелерінің тақырыптары бойынша міндетті ақылы  басылымдар және Москва, Ленинград, Рига, Львов, Ташкенттің ірі кітапханаларының дублеттік қорларынан да кітаптар алына бастады.

ҚазССР ҒА бiрiншi  президентi Қ.И. Сәтбаевтың бастамасымен атақты ғалым-академиктер В.Л. Комаров, А.Д. Архангельский,  Н.С. Курнаков және  Д.К. Зелениннің  жеке кiтапханалары  алынды. Бұл  ғылыми  құнды кітапханалар  ОҒК  қоры сапасының маңыздылығын  арттырды. 1950 жылға  қарай кiтапхана қоры    152 мыңға  дейiн  жетіп, екi есе көбейді.

1946-59 жж.  зоология, химия, геология, астрофизика, металлургия, кен байыту, ботаника және т.б. ғылыми-зерттеу институттарында ОҒК алғашқы бөлімшелері   пайда бола бастады. Ғылым Академиясың алғашқы жаратылыстану секторларының құрылуы Орталық ғылыми кiтапхананың қорын жинақтау бағытын ұзаққа белгіледі.

50-ші жылдары ОҒК-ның библиографиялық қызметi    қарқынды жүре бастады. ҚазССР Ғылым Академиясы басылымдарының бес жылдық (1945-1950) алғашқы көрсеткiшi шықты.

1951 жылдан бастап  8 халықтық- демократиялық мемлекеттің ғылыми мекемелерімен , сондай-ақ Англия және Франциямен Халықаралық кітап алмасу (ХКА) орнатылды. ОҒҚ үшін Халықаралық кітап алмасудың құрылуы және дамуы халықаралық байланыстың  бір түрі – отандық ғылымды насихаттаудың әдісі , шетел әдебиетін валютасыз алудың дереккөзі болып табылады.

Осы жылдары кітапханада шетел әдебиеті бөлімі (1956)  және қазақ әдебиеті, сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі (1959) ұйымдастырылды. Осы кезеңде кітапханада қазақ тіліндегі  әдебиеттер, әсіресе өткен жылдар басылымдары аз болды, ал Қазақстанның мерзімді басылымдары болмады. Бөлімдердің құрылуы шетелдік ғылыми басылымдар мен  ұлттық әдебиеттерді жинақтап, оны оқырмандар арасында  насихаттау жұмыстарын  жолға қоюға, сондай-ақ ғылым үшін үлкен құндылығы бар сирек басылымдарды сақтауды қамтамасыз ету үшін аса қажет болды.

1958 жылы  кiтапхана Академиямен бiрге  жаңа, қазiргi ғимаратқа көштi. Ғалымдар мен мамандардың жұмыс істеуіне қолайлы мүмкіндік туып, 100 орындық 2 оқу залы ашылды және абонемент пен каталогтар бөлмелері кеңейтілді.

1979 жылы негізгі кітап қоймасына  жалғастырылып  тағы бір павильонның  салынуы  кітап қорын жинау, әдебиеттерді өңдеу, қорларды сақтау  және т.б. қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлеріне де жақсы жағдай тудырды. Микрофильмдермен  мен фотокөшiрмелер жасайтын лаборатория, ағаш шеберлiгi мен кітап түптеу шеберханалары ашылды.  Кiтапхана ұжымында  148  қызметкер жұмыс жасады.

Заманымыздың 60-80 жылдары Орталық ғылыми кітапхана ҒЗЖ және ҒӘЖ үйлестірілген жоспарына сай   еліміздің ірі кітапханаларымен тығыз байланыста болды. ОҒК халықаралық, бүкілодақтық, республикалық ғылыми конференцияларға қатыса бастады. АҚШ, Канада, ҚХР, Жапония, Франция, Германия және т.б.шетелдік кітапханалармен байланысы белсенді түрде дамыды.

1983 жылдан  Орталық ғылыми кітапхана,  республикадағы  кiтапханалардың алғашқыларының бiрi болып, кiтапханалық-ақпараттық процестердi автоматизациялауды енгiзудi  қолға алды. Қазақстан Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу мекемелерінің абоненттерін автоматтандырылған  ИРИ жүйесі тәртібінде  ВИНИТИ дерек қорымен қамтамасыз етті. Кітапханада  АЖ «Ретроспективті ізденіс», АЖ «Библиография», АЖ «КАА»  жұмыс істеді.

1990 жылдар  басында ОҒК-ны комплекстік автоматизациялау мәселелері туындады. 1994 ж. кiтапхана автоматтандырылған кiтапханалық-ақпараттық (АИБС) МАRC-SQL жүйесiмен жұмыс жасай бастады. ОҒК электронды  катологты, өзiнің ақпараттық өнімдерін тақырыптық деректер базасы түрінде құруды қолға алды. 

   90 жылдары  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiк алуына негізделген жаңа социомәдени жағдай, кiтапхананың әлеуметтiк және функционалдық шеңберiндегi қызметiн кеңейтті.   

  1996 ж. ОҒК–ТМД  Ғылым Академиясы Халықаралық Қауымдастығының және Балтия елдерінің (ҒАХҚ) мүшесі.

    1998 ж.  ОҒК– Қазақстан Республикасы Кітапханалар Қауымдастығының мүшесі.

   1999 жылы 17 шiлдеде  Қазақстан Республикасы үкiметiнiң қаулысымен  Орталық ғылыми кiтапхана Мемлекеттiк республикалық қазыналық мекеме,  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министiрлiгi “Орталық ғылыми кiтапхана” болып  аталды. ОҒК даму динамикасы  өткен дәстүрiне сүйене отырып, дамудың жаңа жолдарын iздеудi,  шаруашылықтың жаңа түрлерiн үйлестiрудi  көздедi.

    2001ж. ОҒК – Қазақстан кітапханаларының Ақпараттық Консорциуымын  құрушыларының  бірі.

     2012 ж.  ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК  Ғылыми кітапханасы  болып өзгертілді.

Подкатегории

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.    

    Read More
  • Абай Құнанбаев - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1

NEW1

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ