Menu

«Электрондық кітапхана» ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қоры негізінде құрылған.

Электрондық кітапхана бірнеше топтамадан құралған және үнемі толықтырылып тұрады.

Сайтта төмендегі айдарлар бойынша басылымдар ұсынылады:   

-Электронды кітапхана;

- Қолжазбалар;

- Сирек кітаптар;

- Сирек қорлардың мерзімді басылымы;

- Микрофильм;

- Мұрағат құжаттар;

- ҚР диссертациялары;

- Автореферат;

- Қазақстан ғалымдарының еңбектері;

- Ғылыми-библиографиялық басылымдар;

- Майданнан келген хаттар (1941-1945 ж.ж.);

- Ұлы Отан соғысына арналған кітаптар;

- Қазіргі заманғы ғылыми басылымдар.

 

Ғылыми кітапхана 2013 жылдан бастап FlippingBook Publisher бағдарламасында толық мәтінді құжаттарды құру жұмыстарын бастады.

Бірегей интерфейс, қолайлы навигация, ePad, Fb2, PDF, Exe форматтарында қолайлы етіп жасалған мәтіндер электрондық кітапхананы қолдануға мүмкіндік береді.

FlippingBook Publisher – PDF форматындағы файлдар беттерін парақтап оқып отырғандай шынайы әсер қалдыратын, электрондық құжаттар, журналдар мен газеттер, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің каталогтарын, буклеттер, тұсау кесерлер жасауға арналған бағдарлама. Электрондық басылымдарды онлайн түрде көру үшін сайтқа орналастыруға немесе CD және басқа ақпарат тасымалдағыштарға көшіруге болады.

Сіз FlippingBook Publisher бағдарламасының көмегімен шынайы түрдегі электрондық кітаптар, оқулықтар және басқа да оқу-үйрету материалдарын жасай аласыз. Олардың қатты мұқабасы және беттерін парақтап қарап шығу мүмкіндігі кәдімгі қағаз басылымдарды қарап отырғандай әсер қалдырады. Ал Сіз кітаптарыңызды кез-келген мобильдік құрылғылар (IPhone, IPad, Android құрылғылары) арқылы қарапайым және заманауи қалпында көре аласыз.

Бағдарламаның басты қызметі – PDF форматындағы қарапайым құжаттарды ғаламторда жариялауға мүмкіндік беретін Adobe Flash форматына ауыстыру. Ауыстырылған құжатта кәдімгі қағаз журналдар мен кітаптардағы сияқты беттерін «парақтап қарауға» болады.

FlippingBook Publisher бағдарламасы болашақ жарияланымның мазмұнын автоматты түрде жинақтай алады. Бұл форматты таңдаған кезде бағдарлама бірнеше опцияларды – кодтауды, жарияланымның атауын, сондай-ақ оны құрайтын файлдардың атауларын реттеуге мүмкіндік береді.

Қолданушылар қажет болған жағдайда электрондық кітаппен түрлі амалдарды жүзеге асыра алады. Ал қолжетімді пәрмендер панелі кітаптың төменгі жағында орналасқан.

Электрондық материалды толық экран режимінде көру, беттерін принтерде басып шығару және файлды тікелей қатты дискіге PDF форматында жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

           Кітапхана технологияларын автоматтандыру бөлімі «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы қорындағы және Сіздердің кітапханаларыңыздың қорындағы кітаптарды, құжаттарды электрондық форматқа ауыстыру қызметін ұсынады. Тапсырыстарды мына электрондық мекен-жай бойынша қабылдаймыз: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (Көрсетілетін қызметтер келісім бойынша).

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚМӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРЫ

Menu