Menu

ҒЫЛЫМИ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ

 

Орталық ғылыми кітапхана – республикадағы ғылыми-библиографиялық ақпараттың жетекші орталығы болып табылады. 1950 жылдан кітапхананың құрылымында ғылыми-библиографиялық бөлімінің пайда болуынан бастап проблемалы-тақырыптық бағыттағы ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық көрсеткіштер жүйелі түрде құрастырыла бастады. Бастапқыда Қазақ КСР Ғылым академиясының журналдарында жарияланған библиографиялық тізімдер болды, ал 1960 жылдан кітапхана ғылыми бағыттағы ретроспективті библиографиялық көрсеткіштер сериясын шығара бастады. ОҒК-да библиографиялық ақпараттық ресурстардың қалыптасуы үш ғылыми бағыттары бойынша жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, персонография. 2001 жылдан кітапхана: «Қазақстан және әлемдік қауымдастық», «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы», «Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері», «Ұлы тұлғалар» төрт библиографиялық серияларына зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы куәліктеріне ие болған.

Қазіргі уақытта кітапхана келесі ғылыми-библиографиялық бағыттар бойынша жұмыс істейді:

 

I. ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

1.1. Қазақстандағы ғылым және ҒЗЖ

Осы серияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында жинақталған бай ғылыми тәжірибе мен жетістіктерді талдау, оның перспективті дамуы; сондай-ақ ҒЗЖ-на күнделікті тәжірибе нәтижелерін енгізу; Қазақстанның ғылыми мұрасын насихаттау; шет елдердің озық тәжірибелерімен салыстыру болып табылады. Кітапхана 1932 жылдан осы уақытқа дейін (ҚР ҒА) (1932-2017 жж.) «Қазақ КСР Ғылым академиясы басылымдарының библиографиясы» көрсеткіштерін дайындады. Көптеген жылдар бойы бұл көрсеткіштер Қазақстанның ғылыми қоғамдастығында сұранысқа ие және қызықты болып табылады.

 

1.2. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы

Қоғамдық-гуманитарлық серияның басты мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және насихаттау; оларды танымал ету арқылы тарих пен мәдениеттің баспа ескерткіштерін сақтау және жаңғырту; қоғамның бұрынғы мұраға қарым-қатынасын зерттеу; ел тарихына қызығушылықты ояту. Серияның маңыздылығы тұтас библиографиялық жүйені құру үшін құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу арқылы тақырыптарды зерттеуде жатыр.

Осы серия аясында келесі: «1766-1955 жж. Қазақстан ғылыми қоғамдардың басылымдарында, «Қазақстан Түркістан жинақтары беттерінде», «Қазақстан XVII-XX ғғ. орыс басылымдарында», т.б. көрсеткіштер дайындалды және жарияланды.

«Қазақстан және әлемдік қауымдыстық» библиографиялық сериясының негізгі мақсаты – Қазақстанның басқа елдермен халықаралық қатынастары туралы отандық және әлемдік ақпараттарды жинақтау және зерттеу. Серияның ғылыми маңыздылығы – Қазақстанның әртүрлілігіндегі байланыстар, Қазақстан мүдделерінің ерекшелігі, әртүрлі континенттердің елдерімен қарым-қатынастарын нығайту кезінде Қазақстанның басқа елдермен байланыстарын анықтайтын құжаттардың библиографиясы бойынша зерттеу; қатынас тарихы, келешегі және байланыстарды нығайту (саяси, мәдени және т.б.). Осы серия аясында «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Түркия қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Иран қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан және Күнгей Кавказ қатынастары», Қазақстан және Балтық елдері, Беларусь, Молдова және Украина», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Қытай қатынастары» көрсеткіштері даярланды және жарияланды.

 

II. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

2.1. 1712-2007 жж. Афидология бойынша әлемдік библиография

2003 жылы биология ғылымдарының кандидаты Фолкина М.Я. жинаған бірегей афидология бойынша жинағы (тляны зерттеу ғылымы) кітапхана қорына көшірілген, ол библиографиялық картотекалар мен құжаттардан, түпнұсқалар түрінде ұсынылған, таңбалар, фотокөшірмелер және микрофильмдерден тұрады. Бұл жинақты құру кезінде әлемнің көптеген елдерінің 2 жетекші кітапханалары мен ғылыми мекемелері пайдаланылды, оларға сирек кездесетін, ежелгі және бірегей, библиографиялық сирек құжаттар кірді. Кітапхананың бірегейлігі әлемде тұңғыш рет 295 жыл бойына афидология туралы ақпарат жинап, жинақтап және ұсынғаны болып табылады. Жұмыстың жаңалығы сол, ол алғаш рет орыс, ағылшын, неміс, француз және басқа тілдердегі тля таксондарының атаулары туралы әлемдік ақпараттарды біріктірді, олардың халықтық атаулары, этиологиялық талдау келтірілді, көптеген тляның атаулары бойынша каталогы құрастырылды. 2004 жылы кітапхана «1712-2007. «Афидология бойынша әлемдік библиография» атты іргелі, көп салалы мазмұндалған көрсеткіш бойынша жұмыс істей бастады.

 

2.2. Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстары

«Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстары» библиографиялық сериясының мақсаты ғылыми зерттеулердің ғана емес, табиғи байлықты пайдаланудың тәжірибелік мақсаттарын да ашатын көздері бойынша ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін көрсету; библиографиялық жұмыстарды қадағалау, Қазақстанның мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін ұлттық табиғи ресурстары жұмыс саласын көрсету болып табылады. 1970 жылдан 2018 жылға дейін «Қазақстанның су ресурстары», «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Қазақстанның топырақтары», «Қазақстанның өсімдіктері», «Қазақстан экологиясы» және т.б. 40-тан аса көрсеткіш жарияланды.

2004 жылдан бастап Орталық ғылыми кітапхананың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша табиғи библиографиялық ақпарат «Қазақстанның табиғаты мен табиғи ресурстары» бірыңғай библиографиялық көрсеткішінде көрініс тапты. Осы сериядағы көрсеткіштердің басты мақсаты – қазақстандық ғалымдар – ботаниктер, зоологтар, топырақтанушы ғалымдар, экологтар, биологтар, геологтар және т.б. жұмыс істейтін көптеген ғылыми бағыттары бойынша әдебиеттер туралы барынша толық ақпарат беру.

Көрсеткіштер табиғат мұрасын сақтау мен пайдалану мәселелерімен айналысатын тәжірибелі мамандарға арналған. Олар студенттердің, аспиранттардың, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға үлес қосады.

 

III. ПЕРСОНОГРАФИЯ

3.1. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы

Серияның басты мақсаты – ғалымның рөлі мен орнын анықтау, ұлттық және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосу, сондай-ақ ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қазақ ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайын көрсету. Осы сериядағы материалдарды дайындау мен жариялау барысында белгілі бір тәжірибе жинақталды. 1970 жылдары басталған «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» соңғы жылдары серияға енгізілген тақырыптар мәртебесі тұрғысынан, сондай-ақ жарияланымдарды дайындау әдістемесі мен технологиясыда кеңейтілді. Бүгінгі таңда кітапханада осы тұрғыда белгілі бір тәжірибесі бар. Ғалымдардың өмірі мен қызметіне арналған 200-ден астам биобиблиографиялық көрсеткіштер дайындалып, жарияланды.

 

3.2. Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері

«Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері» сериясының басты мақсаты республикамыздың жұртшылығын кітапхана мен кітапханалық-библиографиялық ісінің дамуына және қалыптасуына елеулі үлес қосқан кітапхана көсбасшылары, өз ісінің мамандарының қызметімен таныстыру болып табылады. «Дочь степи», «Кітапханаға арналған өмір», «Подвижничество», «Призвание – библиотекарь» және т.б. ғылыми-өмірбаяндық жинақтар дайындалып жарияланды.

 

3.3. Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері

Бұл серия Қазақстан ғылымның қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың шығармашылық және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарымен танысу үшін арналған. Серияның маңыздылығы ғалымның өмірбаянын библиографиялық зерттеу арқылы анықтау. Т.А. Бейсқұлов, М.Г. Ғабдуллин, О.А. Жәутіков, сондай-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президентіне арналған ғылыми-өмірбаяндық жинақтың бірінші томы, Қ.И. Сәтбаевқа арналған ғылыми және өмірбаяндық жинақтар дайындалып жарияланды.

 

3.4. Ұлы тұлғалар

Бұл серияны құрудың алғышарты  ХХ ғасырдың соңында елде болып жатқан тарихи оқиғалар еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болу, бұл барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерге айтарлықтай әсер етті. Елдің тарихи өткеніне үлкен қызығушылық туды. Кеңес дәуірінде болған «жабық» деп аталатын тақырыптар бұрын вакуумды толтыру үшін қажет болды. ОҒК 20-шы ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының өміріне библиографиялық зерттеулер бойынша үлкен жұмыстарын бастады, олардың есімдері тоталитарлық режимі жағдайында ұзақ уақытқа ұмытылып кетті. Олар – мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, драматургтер, педагогтар, публицистер: А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Тынышбаев, А.Ж. Машанов, Б. Майлин және т.б. 

Ғылыми-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері барлығы 17 ғылыми-өмірбаяндық жинақтар дайындап, жариялады.

ОҒК-ның библиографиялық ресурстары туралы толық ақпаратты www.library.kz сайтынан «Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер» бөлімінен табуға болады.

050010. Алматы қ.

Шевчено к-сі, 28, 7 павильон, 14 каб.

"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапхана

Ғылыми-библиографиялық бөлім

Тел: 261-02-39, mail:

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo