Menu

      Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі

     Байланыс тел: 8(727) 261-02-70

     e-mail:

    Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімі Қазақ ССР ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың бұйрығымен 1959 жылы 22 қаңтарда, тарихи маңызы бар құнды халық мұрасын жинақтап сақтау үшін құрылды. Бөлім тарихи, ғылыми және сирек кездесетін әдебиеттен тұратын қолжазбалар, сирек баспа кітаптары және ұлттық әдебиет қорларын ғылыми негізделген түрде құруды қамтамасыз ететін, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім 2 сектордан тұрады:

  • Сирек кітаптар мен қолжазбаларды зерттеу секторы
  • Қормен жұмыс жасау және оқырмандарға қызмет көрсету секторы

     Қазақстандағы ең ірі сирек кездесетін документтерді сақтайтын қор болып табылады. Қазіргі таңда қор көлемі - 350 мың дана.

     Сирек кітаптар мен қолжазбалардың жалпы хронологиясы: ХII, XVI-ХХ ғғ. (1940ж. дейінгі) басылымдар.

     Бөлімнің негізгі жұмыс бағыты

   Қолжазбалар, сирек кітаптар және ұлттық әдебиет қорларын ғылыми негізделген түрде құру және сақтау. Қорларды ашып көрсету және насихаттау,  жазу тарихы, сирек баспа кітаптары бойыншағалымдарды тарту арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Сирек кітаптар көрмесін, экскурсияларды, баспасөзде мақалалар жариялауды және басқа шараларды ұйымдастыру. Қолжазбалар мен сирек кітаптардың жиынтық каталогтары мен көрсеткіштерін шығару. Сирек қорды, қолжазбалар мен ұлттық әдебиетті толымдау саясаты бойынша аналитикалық жұмыс жүргізу. Оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету. Республика көлемінде және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерімен, орталықтарымен қарым-қатынас орнату. Бөлімнің ғылыми қызметінің барлық бағыттары бойынша ғылыми конференциялар мен мәжілістер ұйымдастыру және олардың жұмысына қатысу. Қорды сирек басылымдармен толымдау мақсаттарында ғылыми іссапарлар жасау. Оқырмандарға жедел және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Кітапхананың ақылы қызмет көрсету баға тізіміне сәйкес ақылы қызметтер көрсету.

     Бөлім қорлары:

  • Қолжазбалар қоры
  • Сирек кітаптар қоры
  • Шығыс тіліндегі әдебиеттер қоры
  • Диссертация қоры
  • Авторефераттар қоры
  • ТМД халықтары тілдеріндегі әдебиеттер қоры
  • Ұлттық әдебиеттер қоры
  • «Қазақстан» қоры
  • Қазақ тіліндегі журналдар қоры
  • Микрофильмдер қоры
  • Фотокөшірмелер қоры

    Бөлімнің оқу залында негізгі сұранысқа ие соңғы жылдары шыққан кітаптар қойылған. Ашық кітап қорының саны 3 мың дана. Апта сайын жаңа түскен кітаптар көрмесі ұйымдастырылады.

    Қордағы кітаптар мен басылымдар тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

    Оқырмандарға сирек кітаптар мен қолжазбалардың электрондық нұсқасын оқу, микрофильмдерді сандық қалыпқа түсіру, электрондық каталог бойынша материал іздеу, көшірме жасау, анықтама беру, түнгі абонемент және т.б. қызмет түрлері көрсетіледі.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo