Menu

Қорларды жинақтау мен есепке алу, әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру, ХКА бөлімі ғылыми зерттеулер бағыттары мен оқырмандардың ақпараттық сұранысына сәйкес, ғылыми тұрғыда негізделген және жедел түрде құрылған ғылыми кітапхана қорымен, ҚР БҒМ ҒЗМ-нің кітапхана жүйесін оңтайлы қамтамасыз ету, ОҒК қорларын библиографиялық ашу, дәстүрлі және электронды каталогтар, ӘОЖ бойынша ғылыми еңбектерді индекстеу арқылы анықтама-библиографиялық ақпаратты жетілдіру мақсатында құрылған. Кітапхананың ғылыми қоры соңғы ғылыми жаңалықтарға және пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес төмендегі жолдармен қалыптастырылады:

1. Сатып алу (кітап сауда ұйымдарынан);

2. Халықаралық кітапалмасу арқылы (ғылыми басылымдарды эквиваленттік айырбастау саясаты бойынша);

3. EBSCO желісі бойынша шетелден, Ресейден, Қазақстаннан шығатын ғылыми журналдарды жаздырып алу арқылы;

4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ("Әлеуметтік маңызы бар басылымдар" бағдарламасы бойынша);

5. ҚР ҰҒА журналдары (Хабарлар, Хабаршы, Баяндамалар);

6. Кітапхана пайдаланушылардан, авторлардан және ұйымдардан сыйға алу арқылы;

7. Ғылыми кітапхананың басылымдары: библиографиялық көрсеткіштер;

8. Сандық форматқа көшірілген құжаттар.

Ғылыми өңдеу секторы қызметінің негізгі бағыттары:

1. Құжаттарды ғылыми жүйелеу мен каталогтау (Каталогтау- бұл кітапханалық каталогтарды құру мен жұмысын ұйымдастыру. Каталогтау жұмысына: библиографиялық өңдеу, библиографиялық жазба, библиографиялық деректерді енгізу мен каталогтық карточканы басу, каталогтарды ғылыми редакциялау кіреді);

2. Электрондық каталог жұмысын дамыту (Электрондық каталог- бұл пайдаланушыларға арналған дәстүрлі каталогтың электронды түрі. Ғылыми кітапханада 20 астам мәліметтер базасы бар);

3. Ретроконверсия

4. Құжаттарды каталогтау мен жүйелеу жұмыстары бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

5. Ғалымдардың еңбектерін ӘОЖ бойынша индекстеу.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo