ҚР болып жатқан ағымды жаңалықтар және Қазақстандағы ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша электрондық тақырыптық картотекалар жүргізеді:
• Энергетика
• Шикізат пен өнімді терең өңдеу
• Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар
• Өмір туралы ғылымдар
• Мемлекеттің зияткерлік әлеуеті
Электрондық ақпарат тасу құралдарында және online режимінде шетелдік ғылыми электрондық ресурстардың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланушыларға кітапхананың библиографиялық және толық мәтінді ғылыми мәліметтер базаларын қолдануға мүмкіндік бар:
SpringerLink – жаратылыстану ғылымдары, биомедицина, физика, техникалық, компьютерлік, гуманитарлық ғылымдар, математика, информатика, экономика саласындағы зерттеушілерге, ғалымдарға арналған ақпараттық ресурс.
Web of Knowledge – әмбебап іздеу жүйесі арқылы көптеген мәліметтер базасынан бір мезгілде (бір уақытта) ақпарат іздеуге, мақалалар алуға, веб-парақтарға сілтемелер алуға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы.
Scopus – басылымдарда жарияланған мақалалардың циттаталуын бақылып отыруға мүмкіндік беретін библиографиялық деректер базасы. Scopus шамамен әртүрлі ғылым салалары бойынша 500 баспагерлермен ұсынылған, 21 000 ғылыми басылымдарды индекстейді.
MEDLINE – медициналық ақпараттық реферативті мәліметтер базасы. Medline МБ каталогына әлемдегі медициналық басылымдардың 75 %- дан астамы кіреді.
«Заң» МБ – мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ҚР ресми нормативтік, құқықтық актілерінің барынша толық электрондық жинағы.
ҚЭЖ (құжатты электрондық жеткізу) анықтамалық-библиографиялық, консультациялық қызметтер көрсетеді, ОҒК қорларындағы және ресей кітапханаларындағы мақалалар мен кітаптардың, диссертациялардың электрондық көшірмесін ұсынады.
Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімікітапхана қорлары туралы жедел және толық ақпарттарды ұсынады, ОҒК басылымдарын белсенді түрде тарату, насихаттау, сондай-ақ қоғаммен байланыс жұмыстарын іске асырады және тақырыптық көрмелер ұйымдастырып өткізеді. Резервтік қордағы әдебиеттермен жұмысты ұйымдастырады.
Резервтік қор ҚР Ғылыми зерттеу институттарының (ҒЗИ) қайта ашылған кітапханаларын қалыптастыру, Ғылыми зерттеу институттарының (ҒЗИ) тақырыптарын кеңейтуде кітапхана қорларының жекелеген тақырыптық бөлімдерін толықтыру, ОҒК оқырмандарына қызмет көрсету барысында жоғалған, көп сұралатын әдебиеттердің орнын толтыру мақсатында құрылған.
Резервтік қор 1100000-нан астам әдебиеттерден тұрады, соның ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдар.
Science Direct толық мәтінді деректер қоры – әлемдік ғылыми жарияланымдардың 25% құрайтын жетекші ақпараттық платформа. ScienceDirect мультидисциплинарлық платформасы 2500 ғылыми журналдан 14 млн.астам жарияланымға және Elsevier баспасының 37000 астам кітаптарына, сондай-ақ беделді ғылыми қауымдастықтар жариялаған көптеген журналдарға қол жеткізе отырып, ғылымның барлық салаларынан әдебиетті жан-жақты қамтуды қамтамасыз етеді.
ScienceDirect сапалы ғылыми-техникалық және медициналық ақпаратты табуға және бағалауға мүмкіндік беретін тиімді және толық электрондық интерактивті жүйе болып табылады.
Анықтамалық – ақпараттық қызметтер түрі:
Бiздiң мекен-жайымыз:
Алматы қ., Шевченко к-сі, 28.
Телефон:
Факс:
Сайт: www.library.kz
E-mail:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы