Құрметті пайдаланушылар!
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Springer баспасының мәліметтер базасын қолдануға мүмкіндік жасайды.
SpringerLink – жоғары сапалы журналдардың, кітаптар серияларының, кітаптардың, анықтамалық мәліметтердің және мұрағаттар жиынтықтарының әлемдік жетекші интерактивті мәліметтер базаларының бірі. SpringerLink ғалымдар үшін жаратылыстану ғылымдары, биомедицина, физика, техникалық, компьютерлік, гуманитарлық ғылымдар, математика, информатика, экономика ғылымдары бойынша Springerден бірінші электрондық деректер көзі. SpringerLink – ғалымдар мен зерттеушілер үшін тиімді орталық нүктесі болып табылады және мынадай артықшылықтарға ие.
Деректердің құрамы: 2 мыңнан аса журналдар, 1 мыңнан аса мерзімді басылымдар, 37 мыңдай кітап. Соның ішінде MAIKNauka/Interperiodica да ағылшын тілінде шығарылатын ресейлік толық мәтінді аударма журналдар;
1 айда берілетін электрондық құжаттардың саны 1млн. артық;
Басылымдар, журналдар, мақалалар үлкен мұрағатпен, толық мәтінмен ұсынылған (мұрағат көлемі басылымдармен өзгертіліп тұрады);
1996 жылдан осы уақытқа дейінгі жарияланымдар ұсынылған;
20 елден 60 қа жуық баспа;
«SpringerBook» жаңа жинағы, 20 000 аса атауымен;
Springer-Verlag қызметінің тарихы 150 жылдан асады: кітаптар, журналдар, ғылыми әдебиеттер;
Urban and Vogel. Steinkopff, Birkhauser сияқты баспалардың электрондық және баспа түріндегі басылымдары;
Журналдардың көпшілігі США ISI ғылыми ақпараттық институтының мәліметтер базасына енгізілген;
Жаңа өнімдер: SpringerProtocols (Протоколдар), SpringerMaterials (Материалдар). Springerlmages (Картинкалар). Zentralblatt MATH (Орталық газет):
Жаңа мәліметтер: HumanaPress, CMG, BSL, Gabler, Vieweg, VS;
Электрондық кітаптардың, жаңа журналдардың жыл сайынғы санының өсуі.
SpringerLink – бұл зерттеушілер, ғалымдар, оқытушылар, студенттер үшін құнды ақпараттық ресурс.
Электрондық ресурстар залы
Факс: 261-02-60
e-mail:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы