Menu

01Әдеби жәдiгерлер: 20 томдық. Т.5: Жүсiп Баласағұн. Құтты бiлiк/Ауд.: А.Қ. Егеубай. Бас ред. С.Қасқабасов.; ҚР МАМ. ҚР БҒМ. М.О.Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-ты. - Алматы: Таймас, 2007. – 536 б.

Орта ғасырдағы көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1017-1075) «Құтты білік» («Құтадғу біліг») дастаны — әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірінен саналатын өлеңмен жазылған трактат.

Түркі халықтарына ортақ классикалық көне дәуір туындысында халқымыздың рухани жан дүнйесі мен өмір салты терең ашып көрсетілген. Дастанда сондай-ақ жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оку, білім, тіл өнері, ел басқару, құқықтық, этикалық және т.б. имандылық мәселелері қамтылған.


Баласағұн, Жүсiп 

Құтты бiлiк/Баласағұн, Жүсiп; Ауд. А. Егеубаев. - Астана: Аударма, 2003. – 128 б.

Жүсіп Баласағүн «Құтты білік» («Құт әкелуші ілім») дастанын XI ғасырда Табғаш ханы Қара Бөгіреге арнап жазған. Әр шумағы ұлағат әуезіне, өсиет сазына толы бұл шығармада ел басшысының қандай болуы керектігі философиялық-этикалық талаптарға үштастыра баяндалады.


Баласағұн, Жүсіп

Ақыл кітабы/Жүсіп Баласағұн. - Жидебай: Халықаралық Абай клубы, 2015. – 364 б.

 

 

 

 


Егеубай, Асқар

Жүсiп Баласағұн: Роман-эссе/Егеубай, Асқар. - Алматы: Арда, 2005. – 312 б.

Бұл еңбек әлемге мәшһүр рухани мұралардың бірі - "Құтты білік" энциклопедиялық дастанын жазған Жүсіп Баласағұн туралы. Даланың дана перзенттерінің бірегейі Жүсіптің түркі халқының мәдениеті мен әдебиеті, дүниетанымы мен ел билеу жүйесі т.б. қасиеті жайында айт- қан асыл ойлары мен ғұмырбаяндық тағдыр-талайы тарихи кезең суретімен қабыстырыла өріледі.


Егеубай А.

Жусуп Баласагуни: Роман-эссе/Перевод с каз. языка Б. Джилкибаева. – Алматы: Раритет, 2011. – 320 с.

Это произведение посвящено всемирно известному учено­му и поэту Жусупу Баласагуни, автору бессмертного шедевра «Благодатное знание» - уникальной энциклопедии культуры и литературы тюркского народа, его обычаев, верований, тради­ций, мировоззрения в эпоху раннего Средневековья. Глубокие теоретические мысли автора сочетаются с живым художествен­ным видением того далекого времени.


Қазақ даласының ойшылдары, IХ-ХII ғғ.: Қорқыт, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А. Иассауи/Жауапты ред.: Ә.Н. Нысанбаев. - Алматы: Ғылым, 1995. – 160 б.

Кітапта қазақ жерінде IX-XII ғасырларда өмір сүрген ойшылдардың философиялық-дүниетанымдық көзқарастары зерттеліп, ұлы данагөйлер Қорқыттың, Әл-Фарабидің, Ж. Баласағұнның, М. Қашқаридың, Қ.А. Иассауидің кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұралары жан-жақты баяндаған.

 


Рухнама. 2-кiтап: Жүсiп Баласағұн/Ред.алқасы: Е.М.Арын (бас ред.ж.б.); С. Торайғыров атынд. Павлодар мемлекеттiк ун-тi. - Павлодар, 2003. – 208 б.: портр.

Бұл кітапқа Ж.Баласағұнның әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі боп саналатын "Құтты білік" дастанының қысқартылып алынған нұсқасы енді. Онда жалпы адам баласы ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұралар, моральдық-эпикалық мәселелер қамтылған.

 


Баласағұн, Жүсiп

Құтты бiлiк/Баласағұн, Жүсiп; Көне түркi тiлiнен ауд., алғы сөзi мен түсiнiктерiн жазған А.Егеубаев. - Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.

«Кұтты білік» («Құтадғу біліг») — әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірінен саналатын түркі тектес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат.

Философиялық бұл ең көне дәуір туындысында халқымыздың рухани жан дүниесі мен рухани байлығы терең ашылып көрсетілген. Сондай-ақ, онда жалпы адам баласын ғасырла бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнер ел басқару, моральдық-этикалық және т. б. тұрмыстық мәселелер қамтылған.


Баласағұн, Жүсiп

Құтты Бiлiк/Баласағұн, Жүсiп; Ауд. А. Егеубаев. - Пекин: Ұлттар баспасы, 1989. – 1108 б.

 «Құтты білік» («Құтадғу біліг») – Әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірінен саналатын түркі тектес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат. Философиялық бұл ең көне дәуір туындысында халқымыздың рухани жан дүниесімен рухани байлығы терең ашылып көрсетілген. Сондай ақ онда жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық этикалық және тағы басқа тұрмыстық мәселелер қамтылған.


Дала даналары/Құраст.: Е.Әбен, Е. Дүйсенбайұлы, И. Тасмағамбетов. - Алматы: Бiлiк, 2001. – 640 б.

Ұсынылып отырған еңбек ұлттық тарихымызды танып-білуге септігін тигізіп қана қоймай, осы мәселені түбегейлі зерттеу ісіне де түрткі болады деп ойлаймыз. Ел Тәуелсіздігінің онжылдығы тұсында Ұлы Тұран даласында өмір сүрген арғы-бергі ақыл-ой алыптарының рухына тәу етіп, олардың парасат үрдісіне үңілу мен жүрек қазынасына жүгіну ұрпақ парызы екені бесенеден белгілі. Ендеше, бұрын жарық көрген "Саяси портреттер" атты кітаптың заңды жалғасы іспетті бұл жинақ зиялы қауымға ғана емес, қалың жұртшылыққа керектігі күмәнсіз.


Жанайдаров, Орынбай

Жүсіп Баласағұн: Тарих. Тұлға. Уақыт/Жанайдаров, Орынбай. - Алматы: Аруна, 2008. – 92 б.

Балалар мен ересектерге арналып қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркемсуретті туындыда ойшыл-ғалым, ақын, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның өмір жолы суреттелген.

Шығарма  балалардың танымына лайық, жеңіл, көркем тілмен толық әрі әсерлі баяндалған.


Жанайдаров, Орынбай

Жусуп Баласагуни: История, личность, время/Жанайдаров, Орынбай. - Алматы: Аруна, 2008. – 92 с.

«Жусуп Баласагуни» - красочно иллюстрированная книга для детей и взрослых на казахском и русском языках, которая доступно повествует о жизни ученого и придворного поэта древности. Баласагуни создал монументальное эпическое творение «Кутадгу билиг» - великий памятник тюркоязычной поэзии, достойный быть названным в ряду крупнейших произве­дений мировой литературы средневековья.


Шалекенов-Баласагуни, У Х.

Город Баласагун в V-XIII веках/У. Х. Шалекенов-Баласагуни; Пер.с каз. Б.К. Жумалиевой; МОН РК, КазНУ им. Абу Насыра аль-Фараби, Ин-т археологии РК им.А.Х.Маргулана. - Алматы: Жибек жолы, 2009. – 272 с.

В книге на основе комплексных сведений, в том числе недавно обнаруженных ценных археологических находок, локализуется место расположения древнего средне­векового города Баласагуна, а также рассказывается о том, что он был крупным поли­тическим, экономическим, духовным и культурным центром. Благодаря этим данным раскрыта загадка местонахождения Баласагуна, волновавшая ученых на протяжении шести столетий.


Бердiбай, Рахманқұл

Жұлдыздар жарығы/Бердiбай, Рахманқұл. - Алматы, 2000. – 248 б: 1п.портр.

Көрнекті ғалым, профессор Р.Бердібайдың бұл кітабына есімі әлемге мәшһүр Ж.Баласағұн, А.Яссауи, А.Йүгінеки, Низами, Науаилерден бастап, Абай, Мағжандарға дейінгі исі тұркі поэзиясының жарық жұлдыздары жайындағы зерттеу еңбектері енді.


Алтаев, Жақыпбек

Әл-Фараби және ислам философиясы: Оқу құралы/Алтаев, Жақыпбек, Әмірқұлова, Жамила Амангелдіқызы; Әл-Фараби атынд. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2012.

Оқу кұралында түркілер топырағынан шыққан ислам ойшылдары мен даналарының еңбектері жан-жақты сараланған. Әбу Насыр әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ.А. Иасауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани еңбектеріндегі түркілік дүниетаным мен ислам философиясының қайнар бастауларының тоғысуы, үйлесімдік табуы мәселесі қарастырылған.


Шәлекенов, Уахит

Құм басқан қала: Заманымыздың 5 ғасырында қазақ жерiнде iргесi қаланып, жүздеген жыл бойы гүлденiп, 13-ғасырда жау шапқыншылығынан қираған қала - Баласағұн туралы/Шәлекенов, Уахит. - Алматы: Қаз.ун-тi, 1992.

Ғалым У. Шәлекеновтың бұл еңбегі ертеде өмір сүрген ортағасырлық Баласағұн қаласының орнын зерттеуге арналған. Ғалымдар арасында Актөбе деген атпен белгілі Шу өңіріндегі құм басқан калада көп жылдан бері археологиялық қазба жұмысына басшылық етіп келе жатқан автор Ақтөбенің Баласағұн екеніне ғылыми тұрғыдан пікір айтады.

 


 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚМӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРЫ

Menu