Menu

РМК  "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапхана   "Кітапхана технологияларын автоматтандыру  бөлімі"

 

Кітапхана технологияларын автоматтандыру  бөлімі РМК  "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасының құрылымдық бөлімшесі. Бөлімнің құрылуы заман талабына байланысты туындады және кезең-кезеңмен жүзеге асты.

         1983 жылы мамыр айында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ҒА Орталық ғылыми кітапханада  3 адамнан тұратын  ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе)  тобы құрылды. Ақпараттық қызмет үшін абоненттер шеңберін анықтауға сәйкес жұмыс атқарылды.

ОАСИ БЕН өкілдерімен ЭВМ ИММ КазССР арқылы математикалық  қамтамасыздандыру процесстерді бейімдеу жүргізілді, автоматтандырылған жүйемен сұраныс бойынша сынақ үлгісі өткізілді.

1984 жылы ААЖ жұмысына ИРИна режимінде автоматтандырылған қызмет көрсетуге 2 химия институтын және катализ және органикалық электрохимия институты қосып алды.  1984 жылдың қазан айында Орталық ғылыми кітапханада кітапханалық-библиографиялық процестерін механизмге келтіру және автоматтандыру бойынша туындаған проблемалар бойынша отырысы болып өтті, ҚКСР ҒА ОҒҚ ААЖ тобының жұмысы дұрыс деп бағаланды.

1994 жылы ОҒК-ны автоматтандыру дамуына байланысты ААКЖ «Mark 3.73» жергілікті нұсқасын электронды кітапханаға енгізу басталды.

1999 жыл «Жаңа ақпараттық технологияларды зерттеу және кітапханалық - библиографиялық  процестерді автоматтандыру» бөлімі құрылды, ОҒК-ның бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру жөніндегі бөлімінің ведомстволардың арасындағы технологиялық сілтемелерді шешуде құқықтары мен міндеттері кеңейді.

2000 жылы АБИС-та «MarkSQL» желілік нұсқасында жұмыс басталды.

2004 жылдан бастап құжаттарды сандық түрге көшіру жұмысы басталды. 2012 жылдан бастап сандық түрге өткен құжаттар ОҒК-ның қолданушыларына сайт арқылы қол жетімді болды.

2013 жылы, ЕМК «Орталық ғылыми кітапхана» ҒК ҚР БҒМ (№231 бұйрығымен. 04.10.2012 жылғы.)  таратылуына байланысты ОҒК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  құрылымдық бөлімшесі ретінде енгізілді. ОҒК-ның бөлімшесінде кітапхана технологиясының автоматтандыру бөлімі құрылды.

2012 жылы желтоқсанда ОҒҚ толықтай жаңа ААКЖ «МегаПро» ауысты, «Мега Про» бағдарламасы көп функциональды, әмбебап, ақпараттық кітапханалар жүйесінің 4-ші буыны болып табылады, жаңа заманауи архитекторлық шешімдер мен дамыту құралдары негізінде толықтай веб-жуйе ретінде жасалған.

         Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  «Мега Про» бағдарламасы кітапхананың барлық негізгі  технологиялық  жұмыс барысының модульдер  жиынтығын қамтиды. Кез келген модулмен жұмыс локальды есептегіш  жүйесі, сонымен бірге Интернет  желісі арқылы  да жұмыс атқарады

Бөлімді құрудың басты мақсаты ОҒҚ-да және Ғылыми – зерттеу мекемелерiнің жанындағы  кiтапханалар желiсiнде автоматтандырылған ақпараттық-библиографиялық процестерді дамыту.

Кітапхана технологияларын автоматтандыру  бөлімінің  негізгі  жұмыс бағыты:

1. Оқырмандарға  заманауи  ақпараттық технологиялар көмегі арқылы  автоматтандырылған қызмет көрсету

2. Кітапхананың автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық «МегаПро» жүйесіне толықтырулар, жаңартулар  енгізу

3. Кітапхананың  ақпараттық қорын жетілдіру

4. Орталық ғылыми кітапхананың  ақпараттық технологияларын жетілдіру

5. Ғылыми-методикалық жұмыс

6. Біліктілікті  жоғарылату

  Бөлімнің  өндірістік қызметі:

1. Орталық ғылыми кітапхананың кітапханалық - ақпараттық және телебайланыс инфрақұрылымының  технологияларын автоматтандыру жұмысын жетілдіру және жоғары сатыға көтеру

2.  Орталық ғылыми кітапхананың  жеке өзекті электронды қорын жасау

3. Wев сайтты жетілдіру, Орталық ғылыми кітапхана қорын сайтқа қою

4. Қор жинақтауды тиімді  ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сақтау және электронды каталогтың мәліметтер базасы мен  кітапхананың ақпараттық массивін жүргізу

5. Кітапхана құрылымдарына техникалық қызмет көрсету, жаңа ақпараттық технологияларды игеруге және өзгерістер енгізуге  қолдау жасау.

Бөлімнің  қызмет көрсету мақсаты -  пайдаланушыларға кітапханадағы  кітапхана-ақпараттық процестерін жоғары дәрежеге жеткізу арқылы, сонымен бірге  жаңа ақпараттық технологиялар қолданысқа енгізу негізінде қызмет көрсету болып табылады.

Бөлімнің ақпараттық жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: автоматтандырылған кітапханалық - библиографиялық процесін енгізу арқылы кітапхананың  қызмет көрсету аясын кеңейту; ақпараттық қорды пайдаланушыларға ұсыну, сонымен қатар шетелдік пайдаланушыларға да; дәстүрлі және электронды түрде анықтамалық-библиографиялық   аппарат құру, анықтамалық-библиографиялық   қызмет көрсетуді ұйымдастыру; ақпараттық мәдениеттілік қалыптастыру; ҚР БҒМ  Ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі  кітапханалар желісіне методикалық көмек көрсету.

     Кітапхананың ақпараттық қызметі мен мақсаттарына сәйкес автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық «МегаПро» бағдарламасын енгізеді, жедел бағдарламалық қамтамасыз етеді, жұмыс орындарының қызметін автоматизациялау арқылы кітапханадағы процестерді оңтайландыру, ақпараттық технологиялар негізінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетуді жетілдіру.

         Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық «Мега Про» бағдарламасы көп функциональды, әмбебап, ақпараттық кітапханалар жүйесінің 4-ші буыны болып табылады, жаңа заманауи архитекторлық шешімдер мен дамыту құралдары негізінде толықтай веб-жуйе ретінде жасалған.

         Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  «Мега Про» бағдарламасы кітапхананың барлық негізгі  технологиялық  жұмыс барысының модульдер  жиынтығын қамтиды. Кез келген модулмен жұмыс локальды есептегіш  жүйесі, сонымен бірге Интернет  желісі арқылы  да жұмыс атқарады. Толығырақ  "МегаПро"

Автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  жүйеде Орталық ғылыми кітапхана электронды каталог қорын жүргізеді:

  •    Оқырмандар  дерекқоры
  •     Авторефераттар   дерекқоры
  •     Диссертациялар  дерекқоры
  •     Видео құжаттар дерекқоры
  •     Шығыс тіліндегі әдебиеттер қоры
  •  «Қазақстан»  дерекқоры
  •      Көшірме жасау дерекқоры
  •     Фотокөшірмелер дерекқоры
  •     Микрофильмдер дерекқоры
  •     Қолжазбалар дерекқоры
  •     Сирек кітаптар дерекқоры
  •     Қазақ тіліндегі сирек кітаптар дерекқоры
  •     Орыс тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •     Қазақ тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •      Шетел тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •     ТМД елдері тіліндегі әдебиеттер дерекқоры
  •      Жалғасымды басылымдар дерекқоры
  •     Электронды кітапхана (СD-Rom) дерекқоры
  •     ҒЗМ  кітапханаларының  дерекқоры
  •     Журналдан электрондық тасымалдау дерекқоры
  •      Журналдар дерекқоры
  •     Газеттер дерекқоры
  •     Шетел тіліндегі  мақалалардың толық мәтінді дерекқоры
  •     Ғылыми кітапхананың тақырыптық картотекалар дерекқоры.

 

РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының  меншікті генерациясы

Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс барысында маңызды бағыттарының бірі  толық мәтінді  қор жасау, кітапхананың ақпараттық  қорын жетілдіру, пайдаланушыларға кітапхананың толық мәтінді қорына қол жеткізу.

Жасалынған толық мәтінді басылымдар Орталық ғылыми кітапхана сайтына қойылып, пайдаланушыларына  www.library.kz. сайты арқылы  «Толық мәтінді электронды қор» рубрикасы арқылы қол жетімді, сонымен қатар сілтемелер  Электрондық каталог  арқылы автоматтандырылған  ақпараттық - кітапханалық  «Мега Про» бағдарламасының сандық түрдегі көшірмесі "Электрондық кітапхана" дерекқорында қолжетімді болады.

Толық мәтінді электронды жинақ «FlippingBook» бағдарламасы арқылы PDF форматында жасалады.

Орталық ғылыми кітапхананың Wев сайты ақпарат таратудың виртуалды дерек көзі ретінде қойылған хабарламаларды  кез келген уақытта, кез келген көлемде  және алыстан пайдалануды қамтамасыз етеді.

         Сайттың мақсаты – ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, ғылым докторларына, ЖОО студенттеріне Орталық ғылыми кітапхананың қорынан өте сирек кездесетін құжаттар мен ғылыми басылымдарға, қолжазбаларға, сирек кітаптарға,  саны  аз құжаттар және басқа да құжаттарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, қол жетімсіз құжаттармен таныстыру болып табылады.

     Кітапхана сайтына қойылған толық мәтінді басылымдар  пайдаланушылар үшін  www.library.kz. арқылы қол жетімді.

  •      Сирек кітаптар
  •     Қолжазбалар
  •     Сирек қорлардың шет тіліндегі басылымы
  •     Сирек қордағы мерзімді басылымы
  •     Микрофильмдер
  •     Мұрағатты құжаттар
  •     ҚР диссертациялары
  •     Автореферат
  •     Қазақстан ғалымдарының еңбектері
  •     Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер
  •     Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, «Майданнан хаттар»  атты хат-қолжазбалар
  •     «Абай Құнанбаев» сандық  кітапхана
  •     «Әлихан Бөкейханов -150 жыл» сандық кітапхана
  •     «Қаз.ССР  Ғылым академиясының  бірінші  Президенті  - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев» сандық  кітапхана
  •     «Халифа Алтай» сандық кітапхана
  •     «Жүсіп Баласағұн» сандық кітапхана
  •     «Ыбырай Алтынсарин» сандық кітапхана
  •     «Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы» сандық кітапхана
  •     ҚР ҰҒА басылымдары (Баяндамалар, Хабарлары,  Хабаршысы 2006-2016 жылдар).

         Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  ғылыми журналдарын PDF  форматында жүктеуге және сактауға мүмкіндік берілген.  ҚР ҰҒА журналдары - 9 серияда (2011 жылдан бастап 1 серия тоқтатылған).

         Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  ғылыми журналдары (электронды нұсқасы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен келiсiлген.

1. ҚР ҰҒА Хабаршысы. 1944 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

 2. ҚР ҰҒА Баяндамалары. 1944 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

3. ҚР ҰҒА Хабарлары. Биология және медицина сериясы 1946 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

4. ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология сериясы 1940 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

5. ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы 1963 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

6. ҚР ҰҒА Хабарлары. Физика-математика сериясы1963 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында жарияланған)

7. ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы1945 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2010 жылдар  аралығында жарияланған) 2011 жылдан бастап шығарылмайды

8. ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия сериясы  1947 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар  аралығында  жарияланған)

9. ҚР ҰҒА Хабарлары. Аграрлық ғылым сериясы 2011 жылдан бері жарық көреді. Мәтін қазақ және орыс тілдерінде (2012-2015 жылдар  аралығында жарияланған).

 

Қызмет көрсету:

-         Құжаттардағы, кітаптардағы, мақалардағы мәтіндерді танып білу, анықтаусыз сканерлеу

-         Құжаттардағы, кітаптардағы, мақалардағы мәтіндерді танып білу, анықтау арқылы сканерлеу

-         Электрондық  кітап, журналдар жасау

-         Баяндамалар және бейне роликтер жасау

-         Компьютерде  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәтін теру

 

Байланыстар:

КТАБ жұмыс уақыты: 9-00 ден 18-00

Түскі ас: 13-00 ден 14-00

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Айдың соңғы бейсенбісі –Тазалық күні

 

Мекен-жай: Алматы қаласы

Құрманғазы көшесі 29

№3 бөлме

Телефон: 8(727)264-02-40

                8(727)272-36-00

e-mail: cnbrk@mail.ru

www.library.kz

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo