Ғылыми – талдамалық, әдістемелік жұмыс бөлімі (ҒЗМ жаныңдағы кітапханалар желісі)
Негізгі бағыттары:
- Кітапхана ісінің қазіргі жай күйін зерттеу
- Кітапхана жұмыс тәжірибесіне озық тәжірибе енгізу
- «Ғылым ордасы» Ғылыми кітапханада кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруы
- Кітапханашыларға кітапхананың негізгі жұмысының бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету
- Ғылыми-тәжірибелік құрал дайындау
Негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің қазіргі жай- күйін талдау және оны болжау
- Шет елдердін кітапхана ісі бойынша жұмыс тәжірибесін теориясын зерттеу
- Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыстарын ұйымдастыру
- Статистикалық сапалы деректерді талдау
- Кітапхана ісі бойынша ақпаратты электрондық режимде таратуды қамтамасыз ету.
ҚР БҒМ Ғылыми – зерттеу мекемелерiнің жанындағы кiтапханалар желiсi
ҚР БҒМ «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхананың ғылыми- зерттеу мекемелерiнің жанындағы кiтапханалар желiсi 615 мың данадан астам әдебиет қорын құрайды. Филиалдардағы қорлар ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң тақырыптық қызметiне сәйкес салалық-ғылыми қордан тұратын, орталықтандырылған жинақтау арқылы толықтырылып, құрастырылады. Филалдар кiтапханасының құрылуының негiзгi мақсаты – ғалымдарды қажеттi ақпараттармен белсендi және тиiмдi түрде қамтамасыз ету. Қазiргi уақытта Ғылыми кітапхана 10 кiтапхананы бiрiктiрiп отыр, соның ішінде 4-і дербес жұмыс жасайтын институт кітапханалары.
Дербес жұмыс жасайтын
Бас кітапханашысы: Искакова Айзада Арынбекқызы
Байланыс тел: 261-00-34
300-54-20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы