Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2017 жылдың 24 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Халифа Алтай Халықаралық қайырымдылық қоры және «Ер Жәнібек» қоғамдық қорымен бірлесе отырып түркі әлеміне кеңінен танымал дінтанушы-ғалым, қайраткер Алтай Халифа Ғақыпұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияөткізді.
Конференция жұмысы барысында Ұлы дала елі және Халифа Алтай тағылымы; Дінтанушы-ғалым және қайраткер Халифа Алтай; Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасының зерттелу барысы мен бағыттары тақырыбында өзекті мәселелер талқыланды.
Ісшараны Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы кіріспе сөзімен ашты, «Халифа Алтай Халықаралық қайырымдылық қоры» қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қасенов Қайнолла Зейнолұлы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім бастығы, т.ғ.д., проф. Әжіғали Серік Ескендірұлы, ҚазҰУ Түлектер ассоциациясының атқарушы директоры, т.ғ.к. Балтабаева Күлғазира Нұранқызы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкерлері т.ғ.д. Тоқтабай Ахмет Уалханұлы мен т.ғ.д., доцент Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., проф. Төлекова Мереке Құлкеқызы, «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызыжәне басқа келген құрметті қонақтар Халифа Алтайдың өмірі мен мұрасы туралы сөз сөйледі.
Конференция аясында «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» сериясында дайындалған «Алтай Халифа Ғақыпұлы» атты көрсеткіштің тұсаукесері өткізіліп,Халифа Алтайдың еңбектерінің көрмесі көрсетілді.
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Түрксой орталығы және Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасына қарасты Имамдардың білімін жетілдіру институттарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері» халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Ісшара ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының 85 жылдық мерейтойына Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуына және ҚР президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткізілді.
Толығырақ: «Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері»
2017 жылы шілде айының 20 күні ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімі мен ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы бірігіп, Алаш қозғалысының 100 жылдығына және белгілі библиограф Ү.Субханбердинаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Үшкөлтай Субханбердина және Алаш баспасөзі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге құрметті ағамыз Мақсұт Шафиғи, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, Үшкөлтай апайдың туыстары және ОҒК қызметкерлері қатысты.
ҮШКӨЛТАЙ ХАСЕНҚЫЗЫ СУБХАНБЕРДИНА (презентация)
432d26175a7010b9a9c6cfab64acedab XL
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
«Мұхтар Әуезов әлемі және рухани жаңғыру» атты Халықаралық ғылыми симпозиум
«Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі: ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізі»
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Рухани жаңғыру" атты көрмесі
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты