85 жыл

Halifa AltayХалифа Алтай 1917 жылы 25 желтоқсан Шығыс Түркістанның Алтай өңірінің Шіңгіл ауданында дүниеге келген дін және қоғам қайраткері, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. 1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 жылы Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды.

 

1953 - 1954 жылдары Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. Сегіз жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды. 1991 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген.

1995 - 2000 жылдары Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды. 1995 жылы “Сияр нәби” (Хазірет пайғамбар Мұхаммедтің (ﷺ) өмірбаяны) атты кітапты қазақшаға аударып, Түркия Республикасының Дін істері басқармасының жәрдемімен Анкарада бастырды. Бұл кітап та халыққа кең тарады. «Қазақ түріктерінің шежіресі», «Естеліктерім», «Ата жұрттан Анадолияға дейін» «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген.

Түрік, татар, ұйғыр тілдерін жетік білетін Халифа Алтай «Құран-кәримнің» өзге туысқан халықтарға жетуіне де өз үлесін қосты. Халифа Алтай 1911 жылы Қазан қаласында «Ел-Итқан» деген атпен татар тілінде шыққан кітапты қайта қарап, қалыпқа келтіріп, 1984 жылы Ыстамбұлда басып шығарды. Бұл кітап Татарстанға ғана емес, сонымен бірге Жапония, Филиппинде тұратын театрларға да тарады.

1913 жылы Қазан қаласында шыққан «Құран-кәримді» де Халифа Алтай қалпына келтіріп, 1992 жылы Түркияда Фахд баспаханасында бастырып, 800 мың данамен шығарылып,таратылды. Одан бөлек, «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы болып табылады.

 

               icon video Халифа Алтай (видео)

               icon video Деректі фильм (видео)

                    9book Сандық кітапхана


 Halifa kitap    Алтай Халифа Ғақыпұлы: Биобиблиографиялық көрсеткіш / Құраст.: Г.Н. Балтабаева, С.Е. Әжіғали, С.С. Қорабай, Ғ. Ғаббасұлы, Р.С. Қожахметов, К.М. Қоңырбаева, Абд.Х. Алтай. – Алматы, 2017. – 249 б.: портр. ISBN 978-601-7815-30-1 ӘОЖ 02 КБЖ 91.9:6

 

 

 



ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚМӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ

Menu