Menu

2017 жылы 25 қыркүйекте «Ғылым ордасы» РМК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілуі: ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың негізі» атты дөңгелек үстел өткізді.

ҚР Президенті Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін, мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін рухани жаңғыруымызға, ұлттық бірегейлігімізді сақтауымызға жөн сілтеп отыр. Рухани жаңғыруға нық қадам жасап, болашаққа сеніммен бет алуда қолға алатын міндеттерді де саралап берді. Олардың арасында таяу жылдары жүзеге асыруға кірісетін нақты жобалардың арасында – қазақ жазуын латын әріпіне көшіру мәселесі тұр.

Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, белгілі қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Дөңгелек үстелге РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының  қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге латын тілінде басылған А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, І. Кеңесбаев т.б. еңбектері, шығармалары және мектеп оқулықтары ұсынылды. Сонымен қатар қазіргі қоғамда өзекті мәселе болып талқыланып жатқан Елбасының, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің ой-пікірлері жарияланған газет, журнал материалдары қойылды.

                  24 kyrkuiek 02

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo