Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым,Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ғылым ордасы» РМК мәжіліс залында «Мұхтар Омарханұлы Әуезов және ұлттық рухани жаңғыру» атты Халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Классик жазушыға арналған үлкен жиынға Қазақстан ғалымдары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, магистранттар мен студенттер, мектеп оқушылары қатысты. Сонымен қатар алыс және жақын шетелдерден қонақтар келіп, баяндамалар жасалды.

Аталған іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының латын әрпінде  1930 жылы басылған «Қазақстандағы ұлттар», 1934 жылы шыққан «Айман-Шолпан» пьесасы, Жанақтың айтуы бойынша жазылған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры, Әуезовті бүкіл әлемге танытқан «Абай» романының алғашқы басылымдары, 50 томдық шығармалар жинағы қойылды. Әр жылдары жарық көрген ғылыми және шығармашылық еңбектерімен қоса жазушы шығармашылығының зерттеулері де толығымен қойылды. Классик жазушының әлем тілдерінде шыққан еңбектері, жыл сайын өтетін «Әуезов оқулары» жинақтарын да осы көрмеден көре аласыздар.

«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасында М.О.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына арналған кітап көрмесімен 15 қазанға дейін танысуға болады.

                 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

"Ұлы даланың жеті қыры"


Ruhani zhangyru 001


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo