ҒЫЛЫМИ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ТАРИХЫ
Орталық ғылыми кітапхана – республикадағы ғылыми-библиографиялық ақпараттың жетекші орталығы болып табылады. 1950 жылдан кітапхананың құрылымында ғылыми-библиографиялық бөлімінің пайда болуынан бастап проблемалы-тақырыптық бағыттағы ретроспективті ғылыми-көмекші библиографиялық көрсеткіштер жүйелі түрде құрастырыла бастады. Бастапқыда Қазақ КСР Ғылым академиясының журналдарында жарияланған библиографиялық тізімдер болды, ал 1960 жылдан кітапхана ғылыми бағыттағы ретроспективті библиографиялық көрсеткіштер сериясын шығара бастады. ОҒК-да библиографиялық ақпараттық ресурстардың қалыптасуы үш ғылыми бағыттары бойынша жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, персонография. 2001 жылдан кітапхана: «Қазақстан және әлемдік қауымдастық», «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы», «Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері», «Ұлы тұлғалар» төрт библиографиялық серияларына зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы куәліктеріне ие болған.
Қазіргі уақытта кітапхана келесі ғылыми-библиографиялық бағыттар бойынша жұмыс істейді:
I. ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
1.1. Қазақстандағы ғылым және ҒЗЖ
Осы серияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында жинақталған бай ғылыми тәжірибе мен жетістіктерді талдау, оның перспективті дамуы; сондай-ақ ҒЗЖ-на күнделікті тәжірибе нәтижелерін енгізу; Қазақстанның ғылыми мұрасын насихаттау; шет елдердің озық тәжірибелерімен салыстыру болып табылады. Кітапхана 1932 жылдан осы уақытқа дейін (ҚР ҒА) (1932-2017 жж.) «Қазақ КСР Ғылым академиясы басылымдарының библиографиясы» көрсеткіштерін дайындады. Көптеген жылдар бойы бұл көрсеткіштер Қазақстанның ғылыми қоғамдастығында сұранысқа ие және қызықты болып табылады.
1.2. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы
Қоғамдық-гуманитарлық серияның басты мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және насихаттау; оларды танымал ету арқылы тарих пен мәдениеттің баспа ескерткіштерін сақтау және жаңғырту; қоғамның бұрынғы мұраға қарым-қатынасын зерттеу; ел тарихына қызығушылықты ояту. Серияның маңыздылығы тұтас библиографиялық жүйені құру үшін құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу арқылы тақырыптарды зерттеуде жатыр.
Осы серия аясында келесі: «1766-1955 жж. Қазақстан ғылыми қоғамдардың басылымдарында, «Қазақстан Түркістан жинақтары беттерінде», «Қазақстан XVII-XX ғғ. орыс басылымдарында», т.б. көрсеткіштер дайындалды және жарияланды.
«Қазақстан және әлемдік қауымдыстық» библиографиялық сериясының негізгі мақсаты – Қазақстанның басқа елдермен халықаралық қатынастары туралы отандық және әлемдік ақпараттарды жинақтау және зерттеу. Серияның ғылыми маңыздылығы – Қазақстанның әртүрлілігіндегі байланыстар, Қазақстан мүдделерінің ерекшелігі, әртүрлі континенттердің елдерімен қарым-қатынастарын нығайту кезінде Қазақстанның басқа елдермен байланыстарын анықтайтын құжаттардың библиографиясы бойынша зерттеу; қатынас тарихы, келешегі және байланыстарды нығайту (саяси, мәдени және т.б.). Осы серия аясында «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Түркия қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Ресей қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Иран қатынастары», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан және Күнгей Кавказ қатынастары», Қазақстан және Балтық елдері, Беларусь, Молдова және Украина», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Қытай қатынастары» көрсеткіштері даярланды және жарияланды.
II. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
2.1. 1712-2007 жж. Афидология бойынша әлемдік библиография
2003 жылы биология ғылымдарының кандидаты Фолкина М.Я. жинаған бірегей афидология бойынша жинағы (тляны зерттеу ғылымы) кітапхана қорына көшірілген, ол библиографиялық картотекалар мен құжаттардан, түпнұсқалар түрінде ұсынылған, таңбалар, фотокөшірмелер және микрофильмдерден тұрады. Бұл жинақты құру кезінде әлемнің көптеген елдерінің 2 жетекші кітапханалары мен ғылыми мекемелері пайдаланылды, оларға сирек кездесетін, ежелгі және бірегей, библиографиялық сирек құжаттар кірді. Кітапхананың бірегейлігі әлемде тұңғыш рет 295 жыл бойына афидология туралы ақпарат жинап, жинақтап және ұсынғаны болып табылады. Жұмыстың жаңалығы сол, ол алғаш рет орыс, ағылшын, неміс, француз және басқа тілдердегі тля таксондарының атаулары туралы әлемдік ақпараттарды біріктірді, олардың халықтық атаулары, этиологиялық талдау келтірілді, көптеген тляның атаулары бойынша каталогы құрастырылды. 2004 жылы кітапхана «1712-2007. «Афидология бойынша әлемдік библиография» атты іргелі, көп салалы мазмұндалған көрсеткіш бойынша жұмыс істей бастады.
2.2. Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстары
«Қазақстанның табиғаты және табиғи ресурстары» библиографиялық сериясының мақсаты ғылыми зерттеулердің ғана емес, табиғи байлықты пайдаланудың тәжірибелік мақсаттарын да ашатын көздері бойынша ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін көрсету; библиографиялық жұмыстарды қадағалау, Қазақстанның мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін ұлттық табиғи ресурстары жұмыс саласын көрсету болып табылады. 1970 жылдан 2018 жылға дейін «Қазақстанның су ресурстары», «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Қазақстанның топырақтары», «Қазақстанның өсімдіктері», «Қазақстан экологиясы» және т.б. 40-тан аса көрсеткіш жарияланды.
2004 жылдан бастап Орталық ғылыми кітапхананың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша табиғи библиографиялық ақпарат «Қазақстанның табиғаты мен табиғи ресурстары» бірыңғай библиографиялық көрсеткішінде көрініс тапты. Осы сериядағы көрсеткіштердің басты мақсаты – қазақстандық ғалымдар – ботаниктер, зоологтар, топырақтанушы ғалымдар, экологтар, биологтар, геологтар және т.б. жұмыс істейтін көптеген ғылыми бағыттары бойынша әдебиеттер туралы барынша толық ақпарат беру.
Көрсеткіштер табиғат мұрасын сақтау мен пайдалану мәселелерімен айналысатын тәжірибелі мамандарға арналған. Олар студенттердің, аспиранттардың, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға үлес қосады.
III. ПЕРСОНОГРАФИЯ
3.1. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы
Серияның басты мақсаты – ғалымның рөлі мен орнын анықтау, ұлттық және әлемдік ғылымның дамуына үлес қосу, сондай-ақ ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғалымдарының қазақ ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайын көрсету. Осы сериядағы материалдарды дайындау мен жариялау барысында белгілі бір тәжірибе жинақталды. 1970 жылдары басталған «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы» соңғы жылдары серияға енгізілген тақырыптар мәртебесі тұрғысынан, сондай-ақ жарияланымдарды дайындау әдістемесі мен технологиясыда кеңейтілді. Бүгінгі таңда кітапханада осы тұрғыда белгілі бір тәжірибесі бар. Ғалымдардың өмірі мен қызметіне арналған 200-ден астам биобиблиографиялық көрсеткіштер дайындалып, жарияланды.
3.2. Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері
«Қазақстан кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері» сериясының басты мақсаты республикамыздың жұртшылығын кітапхана мен кітапханалық-библиографиялық ісінің дамуына және қалыптасуына елеулі үлес қосқан кітапхана көсбасшылары, өз ісінің мамандарының қызметімен таныстыру болып табылады. «Дочь степи», «Кітапханаға арналған өмір», «Подвижничество», «Призвание – библиотекарь» және т.б. ғылыми-өмірбаяндық жинақтар дайындалып жарияланды.
3.3. Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері
Бұл серия Қазақстан ғылымның қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдардың шығармашылық және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарымен танысу үшін арналған. Серияның маңыздылығы ғалымның өмірбаянын библиографиялық зерттеу арқылы анықтау. Т.А. Бейсқұлов, М.Г. Ғабдуллин, О.А. Жәутіков, сондай-ақ Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президентіне арналған ғылыми-өмірбаяндық жинақтың бірінші томы, Қ.И. Сәтбаевқа арналған ғылыми және өмірбаяндық жинақтар дайындалып жарияланды.
3.4. Ұлы тұлғалар
Бұл серияны құрудың алғышарты – ХХ ғасырдың соңында елде болып жатқан тарихи оқиғалар еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болу, бұл барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерге айтарлықтай әсер етті. Елдің тарихи өткеніне үлкен қызығушылық туды. Кеңес дәуірінде болған «жабық» деп аталатын тақырыптар бұрын вакуумды толтыру үшін қажет болды. ОҒК 20-шы ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының өміріне библиографиялық зерттеулер бойынша үлкен жұмыстарын бастады, олардың есімдері тоталитарлық режимі жағдайында ұзақ уақытқа ұмытылып кетті. Олар – мемлекеттік және қоғамдық-саяси қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, драматургтер, педагогтар, публицистер: А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Тынышбаев, А.Ж. Машанов, Б. Майлин және т.б.
Ғылыми-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері барлығы 17 ғылыми-өмірбаяндық жинақтар дайындап, жариялады.
ОҒК-ның библиографиялық ресурстары туралы толық ақпаратты www.library.kz сайтынан «Ғылыми-библиографиялық көрсеткіштер» бөлімінен табуға болады.
050010. Алматы қ.
Шевчено к-сі, 28, 7 павильон, 14 каб.
"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапхана
Ғылыми-библиографиялық бөлім
Тел: 261-02-39, mail:
Бөлімнің құрылымы:
Қызметінің негізгі бағыттары:
Кітапханаға жазылу және қайта тіркелу, РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапхана ережесіне сәйкес. Сапалы және жедел ақпараттық қызмет көрсету құжаттарын пайдаланушылардың негізгі,газет-журнал және депозитарлық қорын оқу залдарында, бөлімдерінде, жеке және кітапхана аралық абонементте жұмыс істеу үшін ұйымдастыру.
Қордың сақталуын қамтамасыз ету қосалқы қорларға қажетті жағдайлар жасау, оларды сақтау және ұйымдастыру, оның барлық бөлімдерінде ашық қол жеткізу.
Заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқылы пайдаланушыларға қызмет көрсету.
Жаңадан түскен оқулықтармен оқу залында көрмелер ұйымдастыру.
Ғылыми- зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын зерттеу мақсатында ақпараттықа жеттіліктерін пайдалану.
Оқырмандардың категориясы, мамандықтарының құрамының сараптамасы.
Қорларды пайдалануды талдау.
Абонемент және оқу залы секторы:
Кітапханаға жазу, қызмет көрсету (абонемент, оқу залында қызмет көрсету);
Кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыру;
Оқырмандарды тіркеу;
Абонемент бойынша әдебиеттерді үйге беру;
Оқу залында жұмыс істеу үшін әдебиеттерді беру;
Келісім шарт бойынша қызмет көрсету (КАА);
Оқу залында барлық ғылым салалары бойынша:
520 аталымда орыс тіліндегі ғылыми журналдар (соңғы 5 жыл);
20-дан астамы шетелдік журналдар бар;
Ағымдағы жылдың қазақстандық және ресейлік газеттер;
Апта сайын жаңа түскен кітап-журналдар көрмесі ұйымдастырылады;
Негізгі қор секторында – 3 миллионнан артық орыс және шет тіліндегі әдебиеттер, мазмұны бойынша әмбебап оқу құралдары жинақталған.
Газет-журнал және депозиторлық қор секторы:
Орыс тіліндегі журналдар (1911 жылы ең ерте шыққан басылым «Новый Восток»)
Шетел тіліндегі журналдар (1802 жылы ең ерте шыққан басылым француз тілінде «JORNAL DE PHYSIQUE») жалғасатын басылымдар
Орыс тіліндегі газеттер (1911 жылы ең ерте шыққан басылым «Алтай»)
Қазақ тіліндегі газеттер (1931 жылы ең ерте шыққан «Лениншіл жас»)
ТМД тіліндегі газеттер ( 1940-1997 ж.ж.кезеңінде)
Қауіпсіздік және сақтау секторы сақтау бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асырады:
сақтау қорларының температуралық-ылғалдылық режимі құжаттарды түптеу жұмыстарымен қамтамасыз ету,материалдарды қалпына келтіру
Ғылыми – талдамалық, әдістемелік жұмыс бөлімі (ҒЗМ жаныңдағы кітапханалар желісі)
Негізгі бағыттары:
- Кітапхана ісінің қазіргі жай күйін зерттеу
- Кітапхана жұмыс тәжірибесіне озық тәжірибе енгізу
- «Ғылым ордасы» Ғылыми кітапханада кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруы
- Кітапханашыларға кітапхананың негізгі жұмысының бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету
- Ғылыми-тәжірибелік құрал дайындау
Негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің қазіргі жай- күйін талдау және оны болжау
- Шет елдердін кітапхана ісі бойынша жұмыс тәжірибесін теориясын зерттеу
- Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмыстарын ұйымдастыру
- Статистикалық сапалы деректерді талдау
- Кітапхана ісі бойынша ақпаратты электрондық режимде таратуды қамтамасыз ету.
ҚР БҒМ Ғылыми – зерттеу мекемелерiнің жанындағы кiтапханалар желiсi
ҚР БҒМ «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапхананың ғылыми- зерттеу мекемелерiнің жанындағы кiтапханалар желiсi 615 мың данадан астам әдебиет қорын құрайды. Филиалдардағы қорлар ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң тақырыптық қызметiне сәйкес салалық-ғылыми қордан тұратын, орталықтандырылған жинақтау арқылы толықтырылып, құрастырылады. Филалдар кiтапханасының құрылуының негiзгi мақсаты – ғалымдарды қажеттi ақпараттармен белсендi және тиiмдi түрде қамтамасыз ету. Қазiргi уақытта Ғылыми кітапхана 10 кiтапхананы бiрiктiрiп отыр, соның ішінде 4-і дербес жұмыс жасайтын институт кітапханалары.
Дербес жұмыс жасайтын
Бас кітапханашысы: Искакова Айзада Арынбекқызы
Байланыс тел: 261-00-34
300-54-20
РМК "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапхана "Кітапхана технологияларын автоматтандыру бөлімі"
Кітапхана технологияларын автоматтандыру бөлімі РМК "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасының құрылымдық бөлімшесі. Бөлімнің құрылуы заман талабына байланысты туындады және кезең-кезеңмен жүзеге асты.
1983 жылы мамыр айында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ҒА Орталық ғылыми кітапханада 3 адамнан тұратын ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) тобы құрылды. Ақпараттық қызмет үшін абоненттер шеңберін анықтауға сәйкес жұмыс атқарылды.
ОАСИ БЕН өкілдерімен ЭВМ ИММ КазССР арқылы математикалық қамтамасыздандыру процесстерді бейімдеу жүргізілді, автоматтандырылған жүйемен сұраныс бойынша сынақ үлгісі өткізілді.
1984 жылы ААЖ жұмысына ИРИна режимінде автоматтандырылған қызмет көрсетуге 2 химия институтын және катализ және органикалық электрохимия институты қосып алды. 1984 жылдың қазан айында Орталық ғылыми кітапханада кітапханалық-библиографиялық процестерін механизмге келтіру және автоматтандыру бойынша туындаған проблемалар бойынша отырысы болып өтті, ҚКСР ҒА ОҒҚ ААЖ тобының жұмысы дұрыс деп бағаланды.
1994 жылы ОҒК-ны автоматтандыру дамуына байланысты ААКЖ «Mark 3.73» жергілікті нұсқасын электронды кітапханаға енгізу басталды.
1999 жыл «Жаңа ақпараттық технологияларды зерттеу және кітапханалық - библиографиялық процестерді автоматтандыру» бөлімі құрылды, ОҒК-ның бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру жөніндегі бөлімінің ведомстволардың арасындағы технологиялық сілтемелерді шешуде құқықтары мен міндеттері кеңейді.
2000 жылы АБИС-та «MarkSQL» желілік нұсқасында жұмыс басталды.
2004 жылдан бастап құжаттарды сандық түрге көшіру жұмысы басталды. 2012 жылдан бастап сандық түрге өткен құжаттар ОҒК-ның қолданушыларына сайт арқылы қол жетімді болды.
2013 жылы, ЕМК «Орталық ғылыми кітапхана» ҒК ҚР БҒМ (№231 бұйрығымен. 04.10.2012 жылғы.) таратылуына байланысты ОҒК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі ретінде енгізілді. ОҒК-ның бөлімшесінде кітапхана технологиясының автоматтандыру бөлімі құрылды.
2012 жылы желтоқсанда ОҒҚ толықтай жаңа ААКЖ «МегаПро» ауысты, «Мега Про» бағдарламасы көп функциональды, әмбебап, ақпараттық кітапханалар жүйесінің 4-ші буыны болып табылады, жаңа заманауи архитекторлық шешімдер мен дамыту құралдары негізінде толықтай веб-жуйе ретінде жасалған.
Автоматтандырылған ақпараттық - кітапханалық «Мега Про» бағдарламасы кітапхананың барлық негізгі технологиялық жұмыс барысының модульдер жиынтығын қамтиды. Кез келген модулмен жұмыс локальды есептегіш жүйесі, сонымен бірге Интернет желісі арқылы да жұмыс атқарады.
Бөлімді құрудың басты мақсаты ОҒҚ-да және Ғылыми – зерттеу мекемелерiнің жанындағы кiтапханалар желiсiнде автоматтандырылған ақпараттық-библиографиялық процестерді дамыту.
Кітапхана технологияларын автоматтандыру бөлімінің негізгі жұмыс бағыты:
1. Оқырмандарға заманауи ақпараттық технологиялар көмегі арқылы автоматтандырылған қызмет көрсету
2. Кітапхананың автоматтандырылған ақпараттық - кітапханалық «МегаПро» жүйесіне толықтырулар, жаңартулар енгізу
3. Кітапхананың ақпараттық қорын жетілдіру
4. Орталық ғылыми кітапхананың ақпараттық технологияларын жетілдіру
5. Ғылыми-методикалық жұмыс
6. Біліктілікті жоғарылату
Бөлімнің өндірістік қызметі:
1. Орталық ғылыми кітапхананың кітапханалық - ақпараттық және телебайланыс инфрақұрылымының технологияларын автоматтандыру жұмысын жетілдіру және жоғары сатыға көтеру
2. Орталық ғылыми кітапхананың жеке өзекті электронды қорын жасау
3. Wев сайтты жетілдіру, Орталық ғылыми кітапхана қорын сайтқа қою
4. Қор жинақтауды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сақтау және электронды каталогтың мәліметтер базасы мен кітапхананың ақпараттық массивін жүргізу
5. Кітапхана құрылымдарына техникалық қызмет көрсету, жаңа ақпараттық технологияларды игеруге және өзгерістер енгізуге қолдау жасау.
Бөлімнің қызмет көрсету мақсаты - пайдаланушыларға кітапханадағы кітапхана-ақпараттық процестерін жоғары дәрежеге жеткізу арқылы, сонымен бірге жаңа ақпараттық технологиялар қолданысқа енгізу негізінде қызмет көрсету болып табылады.
Бөлімнің ақпараттық жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: автоматтандырылған кітапханалық - библиографиялық процесін енгізу арқылы кітапхананың қызмет көрсету аясын кеңейту; ақпараттық қорды пайдаланушыларға ұсыну, сонымен қатар шетелдік пайдаланушыларға да; дәстүрлі және электронды түрде анықтамалық-библиографиялық аппарат құру, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; ақпараттық мәдениеттілік қалыптастыру; ҚР БҒМ Ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі кітапханалар желісіне методикалық көмек көрсету.
Кітапхананың ақпараттық қызметі мен мақсаттарына сәйкес автоматтандырылған ақпараттық - кітапханалық «МегаПро» бағдарламасын енгізеді, жедел бағдарламалық қамтамасыз етеді, жұмыс орындарының қызметін автоматизациялау арқылы кітапханадағы процестерді оңтайландыру, ақпараттық технологиялар негізінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсетуді жетілдіру.
Автоматтандырылған ақпараттық - кітапханалық «Мега Про» бағдарламасы көп функциональды, әмбебап, ақпараттық кітапханалар жүйесінің 4-ші буыны болып табылады, жаңа заманауи архитекторлық шешімдер мен дамыту құралдары негізінде толықтай веб-жуйе ретінде жасалған.
Автоматтандырылған ақпараттық - кітапханалық «Мега Про» бағдарламасы кітапхананың барлық негізгі технологиялық жұмыс барысының модульдер жиынтығын қамтиды. Кез келген модулмен жұмыс локальды есептегіш жүйесі, сонымен бірге Интернет желісі арқылы да жұмыс атқарады. Толығырақ "МегаПро"
Автоматтандырылған ақпараттық - кітапханалық жүйеде Орталық ғылыми кітапхана электронды каталог қорын жүргізеді:
РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының меншікті генерациясы
Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс барысында маңызды бағыттарының бірі толық мәтінді қор жасау, кітапхананың ақпараттық қорын жетілдіру, пайдаланушыларға кітапхананың толық мәтінді қорына қол жеткізу.
Жасалынған толық мәтінді басылымдар Орталық ғылыми кітапхана сайтына қойылып, пайдаланушыларына www.library.kz. сайты арқылы «Толық мәтінді электронды қор» рубрикасы арқылы қол жетімді, сонымен қатар сілтемелер Электрондық каталог арқылы автоматтандырылған ақпараттық - кітапханалық «Мега Про» бағдарламасының сандық түрдегі көшірмесі "Электрондық кітапхана" дерекқорында қолжетімді болады.
Толық мәтінді электронды жинақ «FlippingBook» бағдарламасы арқылы PDF форматында жасалады.
Орталық ғылыми кітапхананың Wев сайты ақпарат таратудың виртуалды дерек көзі ретінде қойылған хабарламаларды кез келген уақытта, кез келген көлемде және алыстан пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сайттың мақсаты – ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, ғылым докторларына, ЖОО студенттеріне Орталық ғылыми кітапхананың қорынан өте сирек кездесетін құжаттар мен ғылыми басылымдарға, қолжазбаларға, сирек кітаптарға, саны аз құжаттар және басқа да құжаттарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, қол жетімсіз құжаттармен таныстыру болып табылады.
Кітапхана сайтына қойылған толық мәтінді басылымдар пайдаланушылар үшін www.library.kz. арқылы қол жетімді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми журналдарын PDF форматында жүктеуге және сактауға мүмкіндік берілген. ҚР ҰҒА журналдары - 9 серияда (2011 жылдан бастап 1 серия тоқтатылған).
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми журналдары (электронды нұсқасы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен келiсiлген.
1. ҚР ҰҒА Хабаршысы. 1944 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар аралығында жарияланған)
2. ҚР ҰҒА Баяндамалары. 1944 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар аралығында жарияланған)
3. ҚР ҰҒА Хабарлары. Биология және медицина сериясы 1946 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар аралығында жарияланған)
4. ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология сериясы 1940 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар аралығында жарияланған)
5. ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы 1963 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар аралығында жарияланған)
6. ҚР ҰҒА Хабарлары. Физика-математика сериясы1963 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар аралығында жарияланған)
7. ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы1945 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2010 жылдар аралығында жарияланған) 2011 жылдан бастап шығарылмайды
8. ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия сериясы 1947 жылдан берi жарық көредi. Мәтiн қазақ және орыс тiлдерiнде (2006-2015 жылдар аралығында жарияланған)
9. ҚР ҰҒА Хабарлары. Аграрлық ғылым сериясы 2011 жылдан бері жарық көреді. Мәтін қазақ және орыс тілдерінде (2012-2015 жылдар аралығында жарияланған).
Қызмет көрсету:
- Құжаттардағы, кітаптардағы, мақалардағы мәтіндерді танып білу, анықтаусыз сканерлеу
- Құжаттардағы, кітаптардағы, мақалардағы мәтіндерді танып білу, анықтау арқылы сканерлеу
- Электрондық кітап, журналдар жасау
- Баяндамалар және бейне роликтер жасау
- Компьютерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәтін теру
Байланыстар:
КТАБ жұмыс уақыты: 9-00 ден 18-00
Түскі ас: 13-00 ден 14-00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
Айдың соңғы бейсенбісі –Тазалық күні
Мекен-жай: Алматы қаласы
Құрманғазы көшесі 29
№3 бөлме
Телефон: 8(727)264-02-40
8(727)272-36-00
e-mail: cnbrk@mail.ru
Қорларды жинақтау мен есепке алу, әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру, ХКА бөлімі ғылыми зерттеулер бағыттары мен оқырмандардың ақпараттық сұранысына сәйкес, ғылыми тұрғыда негізделген және жедел түрде құрылған ғылыми кітапхана қорымен, ҚР БҒМ ҒЗМ-нің кітапхана жүйесін оңтайлы қамтамасыз ету, ОҒК қорларын библиографиялық ашу, дәстүрлі және электронды каталогтар, ӘОЖ бойынша ғылыми еңбектерді индекстеу арқылы анықтама-библиографиялық ақпаратты жетілдіру мақсатында құрылған. Кітапхананың ғылыми қоры соңғы ғылыми жаңалықтарға және пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес төмендегі жолдармен қалыптастырылады:
1. Сатып алу (кітап сауда ұйымдарынан);
2. Халықаралық кітапалмасу арқылы (ғылыми басылымдарды эквиваленттік айырбастау саясаты бойынша);
3. EBSCO желісі бойынша шетелден, Ресейден, Қазақстаннан шығатын ғылыми журналдарды жаздырып алу арқылы;
4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ("Әлеуметтік маңызы бар басылымдар" бағдарламасы бойынша);
5. ҚР ҰҒА журналдары (Хабарлар, Хабаршы, Баяндамалар);
6. Кітапхана пайдаланушылардан, авторлардан және ұйымдардан сыйға алу арқылы;
7. Ғылыми кітапхананың басылымдары: библиографиялық көрсеткіштер;
8. Сандық форматқа көшірілген құжаттар.
Ғылыми өңдеу секторы қызметінің негізгі бағыттары:
1. Құжаттарды ғылыми жүйелеу мен каталогтау (Каталогтау- бұл кітапханалық каталогтарды құру мен жұмысын ұйымдастыру. Каталогтау жұмысына: библиографиялық өңдеу, библиографиялық жазба, библиографиялық деректерді енгізу мен каталогтық карточканы басу, каталогтарды ғылыми редакциялау кіреді);
2. Электрондық каталог жұмысын дамыту (Электрондық каталог- бұл пайдаланушыларға арналған дәстүрлі каталогтың электронды түрі. Ғылыми кітапханада 20 астам мәліметтер базасы бар);
3. Ретроконверсия
4. Құжаттарды каталогтау мен жүйелеу жұмыстары бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
5. Ғалымдардың еңбектерін ӘОЖ бойынша индекстеу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы