Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Төрайымының 2021 жылдың 17- ақпанындағы №17-БҒҰ Бұйрығымен «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры лауазымына Абубакирова Лейла Пернебаевна тағайындалды.
Л. Абубакирова Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтын «былғары және мех технологиясы» мамандығы бойынша; Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша; М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша (магистратура) бітірген.
Осы уақытқа дейін «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті лауазымында қызмет атқарып келген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы