2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланғаннан кейін еліміздің қозғаушы күші, болашағы жастардың ұйымдастыруымен жыл бойы Қазақстаннның барлық оқу орындары мен ұйымдарында көптеген жиындар өткізілді
2019 жылдың 28 қарашасында Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері: жастарды патриоттық тәрбиелеудің ғылыми-теориялық және зерттеу мәтініндегі практикалық қырлары» атты жас тарихшы ғалымдардың VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана «Ғылым ордасы» РМК «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден жастар саясатына арналған құжаттар, ғылым мен білім саласындағы жастардың әр түрлі жиындарда жасаған ғылыми баяндамалары, жетістіктері мен олардың қоғамдағы ролі туралы баяндайтын материалдар ұсынылды.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты, конференция бағдарламасы бойынша баяндамалар жасалды.
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы- ғалым, «Қазақ тілі» қоғамының құрметті Президенті, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына биыл 95 жыл толып отыр.
Әбдуәли Қайдар 1924 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті және пед.курсты аяқтаған ол өзі сұранып майдаңға аттанған. Майдандағы жауынгерлік ерліктері үшін бірнеше жоғары дәрежелі ордендер және медальдармен марапатталған. Майданнан елге оралған ол 1947 жылы С.М.Киров (бүгінгі аль-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті атанады.
1951-1954 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясында аспирант, кіші ғылыми қызметкер болып, түркі тілдері жайында ғылыми ізденістер мен зерттеулер жаза бастайды. Соның нәтижесінде 1955 жылы «Қазіргі ұйғыр тіліндегі қос сөздер» тақырыбында кандидаттық, 1970 жылдары «Ұйғыр диалектілері және әдеби тілдің диалектілік негізі» атты докторлық диссертация қорғайды.
1971 жылы «Қазіргі ұйғыр әдеби тілінің дамуы» монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлыққа ие болды.
Ә.Т. Қайдар 1972 жылы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1978 жылы Тіл білімі институтының директоры, ал 1983 жылы академик болып сайланады.
Осылайша аспиранттан академикке дейін өскен ғалымның бүкіл саналы ғұмырының жарты ғасырынан астам уақыты А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында өтті. Оның түркітану әлеміне, қазақ және ұйғыр тіл біліміне қосқан үлесін оның жазған ғылыми еңбектерінен, мектеп және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарынан көруге болады.
2019 жылдың 6 желтоқсанында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Халықаралыұ «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп академик Ә.Т.Қайдардың 95 жылдығына орай халықаралық форум өткізді.
«Ұлы Дала тұлғалары: қазақтану іліміндегі академик Ә.Т.Қайдардың тілдік әлемі» атты форум жұмысына Орталық ғылыми кітапхана РМК «Ғылым ордасы» ғалымның сан-салалы ғылыми мұрасы мен өнегелі өмірі туралы жазылған кітаптардан көрме ұйымдастырды.
2019 жылдың 3 желтоқсанында Ш. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен Тарих ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА корреспондент мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Федорович Дахшлейгердің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан тарих ғылымының дамуына Г. Д. Дахшлейгердің қосқан үлесі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Туған жері Одесса қаласындағы университеттің Тарих факультетінде студент болған ол, кейіннен оқуын Ташкенттегі Орта-азиялық университетте аяқтаған.
1946 жылы майданнан оралған соң ҚазССР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасына қабылданады. Оқуын аяқтағаннан кейін осы институтта ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1950 жылы «Түрксиб құрылысының тарихы» тақырыбында кандидаттық, ал 1966 жылы «Социально экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.)» атты монографиялық еңбегі нәтижесінде докторлық диссертация қорғаған.
972 жылы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады. 1979 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері атанды. 1982 жылы ұжымдық «Қазақ ССР тарихының» 5-томдық толық басылымы жарық көрген соң Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.
Г.Ф. Дахшлейгер 200-ден аса мақаланың, 5 монографиялық еңбектің авторы. Оның жетекшілігімен 3 докторлық, 14 кандидаттық диссертация қорғалған.
Аталған іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапхана РМК «Ғылым ордасы» ғалым еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдулиннің туылғанына 95 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде ғалымның ғылыми еңбектері, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Айтмұхамед Абдоллаұлы Абдулин – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанның және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ғалым-геолог, қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі.
1924 жылы 29 қарашада Жезқазған облысы Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында дүниеге келген.
1942-1946 жылдары Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына және Жапон соғысына қатысқан.
1946-1948 жылдары Шымкент облысы Бостандық аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалады.
1948-1953 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетінде оқып, Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтының аспирантурасын бітірген.
1953 жылы ғылыми еңбек жолын Қ.Сәтбаев атындағы Қазақстан Ғылым Академиясының Геологиялық ғылымдар институтында инженер болып бастаған.
1958 ж. кандидаттық, 1971 ж. – докторлық диссертациясын қорғады.
А.Абдулин 300 астам ғылыми еңбектер мен 10 монографияның авторы.
Қазақстан ғылымын дамыту жолында сіңірген еңбегі жоғары бағаланып«Қазақстанның Құрметті кен іздеушісі» атағы берілген, есімі Алматы қаласының Алтын кітабына енгізілген. Октябрь революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет», «Отан» ордендерімен, Моңғол Халық Республикасының орденімен, көптеген медальдармен, Халықаралық геологиялық конгрестің алтын белгісімен марапатталған.
Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер қойылды.
Көрнекті фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есет Құдайбергенұлы Жұбанов 1929 жылы 22 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
1951ж. Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген.
1951–1957 жылдары Петропавл педагогикалық училищесінің оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің нұсқаушысы және “Қазақстан мұғалімі” газетінде қызмет атқарды.
1957–1959 жылдары Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметкер,
1959–1961 жылдары осы институттың аспиранты,
1962–1991 жылдары кіші, аға ғылыми қызметкер болған.
1991 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетінде доцент, жұбановтану лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ эпостарының тілін, әдеби тіл тарихын талдауға арналған.
1967 ж. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу эпосының тілі жөнінде» деген тақырыпта кандидаттық, «Халық әдебиеті тілін зерттеудің лингво-стилистикалық аспектілері» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 150 ден астам ғылыми еңбектердің авторы.
2019 жылдың 15 қарашасында жоңғар қалмақтарына қарсы күресте аты аңызға айналған батыр, қолбасы, әулие-абыз баба Әлмерек Жаншықұлының туғанына 360 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру және Ұлы Даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Алматы облыстық әкімшілігі мен Әлмерек баба тарихи-мәдени қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген конференцияның мақсаты әулие-абыз бабаның өмір жолы, оның ұрпақтарының қазақ елінің бостандығын қорғаудағы ерен ерліктерін халыққа паш ету, олардың қоғамдағы ролі туралы жаңа деректермен таныстыру,ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру,
1754 жылы 96 жасында қайтыс болған Әлмерек абыз Алматы қаласының қазіргі Әлмерек елді мекені маңына жерленген. Ұрпақтары жиналып 1998 жылы «Әлмерек баба мәдени-тарихи қоғамдық қор» құрып, басына үлкен кесене тұрғызған. Әлмерек бабадан тарап Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай жерінде тұрып жатқан ұрпақтары қазақ халқының басынан өткен барлық тарихи оқиғаларға белсене араласып отырған.
«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы батыр бабаға арналған іс-шараға кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ-жоңғар шапқыншылығына арналған тарихи зерттеулер, Әлмерек абыз және оның ұрпақтары туралы әңгімелер, очерктер, өлеңдер, қазақ хандығы туралы зерттеулер және батыр бабаның ұрпақтары қатысқан Ұлт-азаттық көтерілістер туралы еңбектер қойылды.
Сонымен бірге кітап көрмесіне бүгін тұсау кесері өткен Әскер Тойғанбекұлының «Қайран елім» атты 3 томдық тарихи трилогиясы мен «Әлмерек абыз және оның ұрпақтары» атты бірінші бөліміне бүгінгі конференция материалдары енген жинақ қойылды.
Бүгінгі өткен конференция жұмысына отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар, ұрпақтары қатысты. Қоғам қайраткері, жазушы Н.Оразалин, Алматы облысының әкімінің орынбасары Б.Байжұманов, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяған, жазушы Б.Нұржекеев, академиктер М.Қойгелдиев, Н.Мамыров, Т.Омарбеков және т.б. қонақтар сөз сөйлеп, баяндамалар жасады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2019 жыл 28 қазан сағат 10.00-да Мұсабек Байзақұлының туылғанына 170 жыл және Орталық ғылыми кітапхана Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің құрылғанына 60 жыл толуына арналған «Молда Мұсаның әдеби мұрасы және Сирек қордағы ұлттық құндылықтар»атты халықаралық конференция өткізеді.
Аталған іс-шарада Мұсабек Байзақұлының шығармашылығы және Кітапхананың сирек қорында сақталған құнды қолжазбалар мен сирек кітаптардың сақталу тарихы, зерттелуі және осы қордағы жәдігерлердің Қазақстан тарихы, ғылымы мен әдебиетінен алатын орны жан-жақты қарастырылады. Мамандар қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтау мен оқырманға ұсыну мәселелерін талқыға салып, осы тақырып төңірегінде пікір алмасады.
Халықаралық конференцияға еліміздің қолжазба зерттеу саласы бойынша мамандар, ғалымдар мен кітап тарихын зерттеушілер және шетелдік ғалымдар қатысады. Сондай-ақ дөңгелек үстел аясында көрме ұйымдастырылады.
Халықаралық конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Қатысуға ниет білдірген ғалымдар төменде көрсетілген e-mailадрестерге мақалаларын жіберулеріне болады.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Дөңгелек үстелдің тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 үй
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы
Мақаланы рәсімдеу талаптары:
- баяндаманың атауы, автор(лар)дың аты-жөні, ұйымның атауы, лауазымы - баяндама көлемі – электрондық түрде 4-5 бет
- форматы – 12-ші шрифтпен Times New Roman
- үстіңгі және астыңғы жиектері – 20 мм., сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм
- бірінші жолда 1,25 см-ға шегініс жасау керек
- жоларалық интервал – 1,5
Ұйымдастыру мәселелері бойынша хабарласыңыз:
Қаймақбаева Қарлығаш +7 (727) 272-83-41
Абикова Гүлшат +7 (727) 261-02-70
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
1914 ж. 10 қазанда Қарағанды облысы Ульянов ауданында дүниеге келген.
1934-1939 жж. Алматы қ. Қазақ тау-кен металлургиялық институты геологиялық-барлау факультетінің студенті.
1939-1943 жж. Қазақ тау-кен металлургиялық институтының аспиранты.
1943-1946 жж. Қазақ ССР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының кіші ғылыми қызметкері.
1947-1960 жж. Доцент атағы берілді.
1960-1963 жж. Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының Кенді аудандардың геологиясы секторының меңгерушісі.
1963-1966 жж. Қазақ ССР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты директорының ғылыми мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары.
1963-1970 жж. Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының Түсті және асыл металдар геологиясы мен металлогениясы секторының жетекшісі.
1970-1987 жж. Қазақ ССР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының металлогения бөлімінің меңгерушісі.
1987-1989 жж. Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері.
1989-1993 жж. Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты жанындағы дирекцияның кеңесшісі.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Геология-минералогия ғылымдарының докторы Арықтай Қайыпұлы Қайыповтың туылғанына 105 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты «Информатика және қолданбалы математика» атты IV Халықаралық ғылыми конференция өтуде.
Конференцияда профессорлар Т.Н. Бияров, Вальдемар Вуйциктің 70 жылдығына және профессор Е.Н. Әмірғалиевтің 60 жылдығына арналған кеңейтілген ғылыми кеңес талқыланады.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, «Тұран» университеті, Люблин Техникалық Университеті (Люблин қ., Польша), «Ғылым ордасы».
Аталған іш-шараға байланысты «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерейтойлық көрмеге ғалымдардың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер, ғылыми еңбектері, мерзімді басылымдардағы мақалалары, естеліктері оқырмандар назарына және конференцияға қатысушыларға ұсынылды.
Институт информационных и вычислительных технологий КН МОН РК проводит IV Международную научную конференцию «Информатика и прикладная математика».
Расширенный ученый совет, посвящен70-летнему юбилею профессоров Биярова Т.Н., ВальдемараВуйцика и 60-летию профессора Амиргалиева Е.Н.
Организаторы конференции:Институт информационных и вычислительных технологий КН МОН РК, Казахский Национальный Университет им аль-Фараби, Университет «Туран», Люблинский Технический Университет (г. Люблин, Польша), «Ғылым ордасы».
Центральной научной библиотекой РГП «Ғылым ордасы» к мероприятию организована книжная выставка.
На юбилейной выставке читателям и участникам конференции представленынаучные труды ученых,периодические издания, мемуары, литература,посвященная их жизни и творчеству.
Фонд Центральной научной библиотеки РГП «Ғылым ордасы» пополнился электронными версиями научного юридического журнала «Право и государство», переданными Университетом КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева.
Журнал «Право и государство» издается с 1997 г., входит в перечень изданий, рекомендуемых Комитетом по контролю в сфере образования и науки Министерство образования и науки Республики Казахстан для публикации основных результатов научной деятельности по докторским диссертациям, включен в наукометрическую систему РИНЦ.
Отдел обеспечения информационными ресурсами, пропаганды фондов
Зал электронных ресурсов
Тел. 261-02-49
e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Еліміздің тарихында Алматының алар орны айрықша. Қаланың ерте замандардан қазіргі дәуірге дейінгі бастан өткерген бай тарихы бар. Біз мұны мақтан тұтамыз. Алматы XX ғасырдың басында Қазақ КСР-нің астанасы болып, республиканың барлық саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ошағына айналды. Алматыда ұзақ жылдар бойы мемлекеттік басқару мекемелері орналасып, Қазақстан тағдырына қатысты маңызды шешімдер – «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» мен «Тәуелсіздік туралы заң» қабылданды. Еліміздің тәуелсіздігін таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері де осы қалаға келді.
Жетпіс жылға жуық мемлекетіміздің астанасы болған Алматының тарихы мәдени шежіреге бай. Қаламыздың тамаша сәулеттік ғимараттары, көркем галереялары, әсем театрлары, концерттік залдары, тұңғыш университет, Ғылым академиясы – барлығы да Алматының құрамдас бөлігі.Асқақ Алатаудың бөктеріндегі әсем табиғат аясында үйлесім тапқан осы құндылықтарды ардақ тұтатын халқымыз Алматыны мәдени астанамыз деп әспеттейді.
Алматы күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Алматы – мәдени астана » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден «Алматы тарихы» 1-2 том(қазақ, орыc тілдерінде), «Алматы» энциклопедиясы, «Орта ғасырлардағы Жетісу өлкесінің астаналары», «Алматы - мыңжылдық тарихы»тағы да басқа әдебиеттермен таныса аласыздар.
1998 жылдың 20 қаңтарында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланған болатын. 2019 ж. Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі Елбасымыз атап айтқандай, «Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Сонымен қатар «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап көрсеткен.
Ата заңымыздың 7 – бабында:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деп көрсетілген.
Атаулы күнге орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден тіл білімінің тарландары, тіл саясаты, мәдениеті,тілдің қалыптасу тарихы, егеменді еліміздің мемлекеттік тілі туралы, Мемлекеттік тілдің қабылдануы тағы басқа да әдебиеттерді оқи аласыздар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Рабиға Сыздықова 1924 жылы Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келді. Орта мектептен кейін облыстың Темір қаласындағы педучилищені бітіріп, сол қаладағы мектептің және өзі білім алған училищенің оқытушысы болды.
1945 жылы Ақтөбе қаласындағы 6 мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет жасады және осы жылы "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін" медалімен наградталды.
1945 - 1947 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтының студенті болып, кейіннен осы институттың аспирантурасын бітірді.
1957 - 1961 жылдары Қаз ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері болды.
1959 жылы "Абай қарасөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық, ал 1971 жылы "Абай шығармаларының тілі" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1979 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
1980 жылдан бері ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі. Ғалым тіл мәдениеті жөнінде көптеген оқу орындарында дәріс беріп, Республикалық, халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда зерттеулері бойынша баяндамалар жасады. Қ.Жұбанов, М.Әуезов, Жамбыл, Х.Досмұхамедов және т.б. зиялы қауым өкілдері, Шал ақын Құлекеұлы, Ахмет Ясауи, Қадырғали би Қосымұлы шежіресінің тілін зерттеуде көп еңбек жасады, аталған тақырыптарда баяндамалар оқылды. Сонымен бірге өз замандастары жайлы да көптеген мақалалар жариялады. Республикалық көптеген журналдардың және Қазақ ССР Ғылым академиясының Редакция және баспа жөніндегі кеңесінің (РИСО) мүшесі болды. "Қазақ әдеби тілінің тарихы" атты монографиясы үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Ғалым еңбегі жоғары бағаланып өкімет тарапынан көптеген наградалар мен алғыс хаттар алды. 2019 жылдың 29 тамызы күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Рабиға Сыздықованың 95 жасқа толу құрметіне 1 дәрежелі "Барыс" орденін тапсырды."Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасы ғалымның мерейлі мерекесіне арнап ғылыми еңбектерінің көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден көп томдық шығармалар жинағының жарық көрген 14 томы, жеке монографиялары, мерзімді басылымдарда жарық көрген еңбектері және замандастары мен шәкірттерінің ғалым туралы жазылған мақалалары қойылды.
Көрнекті ғалым, елімізге еңбек сіңірген дәрігер, Қазақстанның Өлкелік патология институтының негізін салушы әрі үздіксіз басшысы болған ҰҒА академигі, соғыс ардагері, еліміздің шынайы патриот-азаматы Бахия Атшабарұлы Атшабаровтың туылғанына 100 жыл.
Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабаров 1919 ж. 1 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарақұс ауылында дүниеге келген.
Атшабаров Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғылыми еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған. Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал, Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабарұлы Атшабаровқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның өмірі мен шығармашылығы, алған марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер қойылды.
Жазушы, журналист, әдебиетші-ғалым, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтың туылғанына 90 жыл.
Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов 1929 ж. 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылында дүниеге келген.
1946 ж. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірді.
1946-1951 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімінде оқыды.
1951-1959 жж. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеті редакциясының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі.
1959-1963 жж. Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының аға оқытушысы.
1966-1967 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.
1986-1988 жж. ҚазССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры.
1988-2009 жж. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, Әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Әлем әдебиеті және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері.
Ш.Р. Елеукенов мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бүкіл саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне арнап келе жатқан көрнекті ғалым, ұстаз, жазушы, баспагер.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтың туылғанына 90 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Ата заңымыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белестерге шығарған тарихи маңызы аса зор құжат.
Егеменді ел Қазақстанда 1995 ж. 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы Конституция қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға еді. Халқымыз бірауыздан қабылдаған Конституциямыздың арқасында ұланғайыр өзгерістер болуда. Ата заңымыз тәуелсіздігімізді баянды етті. Дүниедегі ең мықты елдердің қатарына қосылдық. Конституция Қазақстанның жүйелі түрде қалыпты дамуына жол салып берді. Халықтардың өмір сүру деңгейінің артуы, бейбітшілік пен ынтымақтың орнығуы еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін нығайтты.
Бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістер Конституциямыздың уақыт сынынан сүрінбей өткенін дәлелдеп отыр.
Конституция – мемлекетіміздің Ата заңы. Ал барлық заңдар мен ережелер Конституцияға бағынуы тиіс. Конституцияда мемлекетіміздің құрылысы қандай болуы тиіс екендігі жазылған және Қазақстанда тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері анықталған.
Барлық азаматтар конституцияны сақтауға тиіс! Ата Заңымызға құрмет белгісі ретінде «Конституция» сөзі бас әріппен жазылады.
Атаулы күнге орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханада «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, егеменді еліміздің Ата Заңы Конституция туралы, қабылдануы тағы басқа да әдебиеттермен таныса аласыздар.
Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекелерінің бірі болып саналатын Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көрнекті тарихшы ғалым, қазақ халқының аяулы қызы Әуезова Ләйлә Мұхтарқызының туылғанына 90 жыл.
1929 ж. 30 шілде Ташкент қаласында дүниеге келген.
1952 ж. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
1952-1956 жж. Мәскеу мемлекеттік университеттің аспиранты.
1956-1962 жж. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнография институтының ғылыми қызметкері.
1963-1993 жж. Әуезов үйінің директоры болды.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Ғалым, тарих ғылымының докторы Әуезова Ләйлә Мұхтарқызының туылғанына 90 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ұлы жазушының үміт артқан адал перзенті, асыл ана, талантты ғалым, білікті басшы болған Ләйлә Мұхтарқызының өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған еңбектері мен мақалалары оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
ҚР ҰҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Қонаев Асқар Меңдіахметұлының туылғанына 90 жыл.
А.М. Қонаев 14 шілде 1929 ж. Алматы қаласында дүниеге келген.
1951ж. Мәскеудің болат және қорытпалар институтының металлургия факультетін бітірді.
1953-1955жж. ҚазССР Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтының аспиранты.
1955-1965жж. Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.
1965-1986жж. Металдардың физика-химиялық лабораториясының меңгерушісі.
1972-1974жж. ҚазССР Ғылым академиясының вице-президенті.
1974-1986жж. ҚазССР Ғылым академиясының президенті.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында ҚР Ғылым академиясының және Ресей Ғылым академиясының академигі А. М. Қонаевтың туылғанына 90 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, көрнекті ғалымның өмірі мен еңбегін сипаттайтын мәліметтер, қызметтестері, шәкірттері және замандастарының естеліктері, оның еңбектері және ол туралы әдебиеттер қойылды.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді ҚР Жоғарғы Кеңесі 1994 ж. 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 ж. 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 ж. 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 ж. 10 маусымда өтті. 1999 ж. Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. 2019 ж. 23 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
Нұр-Сұлтан – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның аумағы 797 шаршы шақырымнан, тұрғындар саны – 1 миллионнан асады. Қала төрт ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады.
Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлері үйлесім тапқан ерекше еуразиялық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Нұр-Сұлтан астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава.
Бүгінде Нұр-Сұлтан халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ –ның мерейтойлық саммиттері болды. 2017 ж. «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаһандық табысына айналды.
Елорда күніне байланысты «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін, Нұр-Сұлтан қаласының қазіргі келбетін баяндайтын әдебиеттерді көре аласыздар.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Әбенұлы Айтқожин 1939 жылы 29 маусымда Петропавл қаласында дүниеге келген.
2019 жылы маусымда ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы, ҚазССР Ғылым академиясы Молекулалық биология және биохимия институтын ұйымдастырушы және бірінші директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті, ірі қоғам қайраткері Мұрат Әбенұлы Айтқожиннің туылғанына 80 жыл толады.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында биология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Әбенұлы Айтқожинның туылғанына 80 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
2019ж. 20 маусымда М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әлем әдебиеті теориясы қазақ тілінде» атты тақырыптық дөңгелек үстел өткізді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарласмасы бағыттарының бірі - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған әлем әдебиеті теориясының жинақтары таныстырылды.
Аталған іш-шараға байланысты «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2019 жылдың 17 маусымында «М.О. Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Р.Бердібаев атындағы Халық университетінің кезекті дәрісі болды. Ол филология ғылымдарының докторы, академик Серік Смайылұлы Қирабаевтың шығармашылығы мен қоғамдық өміріне арналды. Дәріс барысында ғалым өз өмірі, қызметі, замандастары туралы тартымды әңгімелер айтты.
Серік Смайылұлы Қирабаев 1927 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Сондағы орта мектепті бітірген ол еңбек жолын мектеп қабырғасында жүріп бастап, мектепте, ішкі істер бөлімінде еңбек еткен. 1947-1951 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының студенті болған ол, оқудағы жоғарғы көрсеткіші үшін Сталин атындағы степендияның иегері атанады. Институтты үздік бітіргеннен кейін оқуын осы институттың аспирантурасында жалғастырды. Аспирантурада жүргенде ХХ ғасырдың басындағы көрнекті әдебиет өкілі Спандияр Көбеевтің шығармашылығын зерттеумен айналысқан. Сонымен бірге әдеби сын-мақалалар жазып, Жазушылар одағының жұмысына да араласа бастайды. Ал 1952 жылы Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданады.
Серік Қирабаев «Әдебиет және искусство», «Пионер» журналдарында , «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты қызметтер атқарды. 1956 жылы «Ғабиден Мұстафин» атты алғашқы зерттеу еңбегі, ал 1962 жылы «Сәкен Сейфуллин» атты монографиясы жарық көреді.
1988 жылы С.Қирабаев Қазақстан Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып тағайындалды. Басшылық қызметте жүріп алаш қайраткерлерінің мұрасын жинап, зерттеу ісіне де тікелей ат салысқан. Осылайша 1993 жылы «Жүсіпбек Аймауытов» атты монографиясы жарыққа шығып, аталған еңбегі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері атанды.
1994 жылы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды. Сыншы-ғалым көптеген монографиялық еңбектердің және мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың авторы. Ғалымның педагогтік, ғылыми, қоғамдық еңбегі өкімет тарапынан жоғары бағаланып көптеген наградалардың иегері болды.
Осы аталған іс-шараға арнап РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы академик еңбектерінің көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінен ғалымның өмірі, атқарған қызметтері, мерейтойлық конференцияларда жарық көрген басылымдар, ғылыми еңбектері, замандастары туралы жазған мақалалары және қазақ әдебиетінің алыптарымен бірге түскен суреттерімен таныса аласыздар.
2019 жылдың 14 маусымында ақын, драматург, ғалым Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және ұлттық әдебиет» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Шымкентте мектепті бітірген ол 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік институтының филология факультетін, кейін Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсын бітірген. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті»газеттерінде редакторлық қызметтер атқарды.1939-1943 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы болып қызметін жасады. Қаз ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. «Өмір және поэзия» атты еңбегімен кандидаттық, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. А.Пушкиннің, Т.Шевченконың, Г.Гейненің және т. б. орыс ақындарының өлең-жырларын қазақшаға аударған. Әбділда Тәжібаев лирика мен поэзия жанрын бірге алып жүрген ақын. Поэзия, проза, сын, драматургия саласында еңбек еткен ақынның өлеңдері 1927 жылы алғаш рет «Сыйлық» атты ұжымдық жинақта, ал жеке жинағы «Жаңа ырғақтар»деген атпен басылды. Погодинмен бірігіп «Жамбыл» көркем фильмінің сценарийін жазды. Пьесалары «Жүректілер» деген атпен жеке кітап болып басылды. Жазушылық, ғылым жолындағы еңбектері жоғары бағаланып Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, «Құрмет белгісі» ордендері және бірнеше рет медальдармен марапатталған. 1974 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ал 1985 жылы «Халық жазушысы» құрметті атағы берілді.
Осы аталған іс-шараға арнап РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы ғалым-жазушы еңбектерінің көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінен ғалымның өмірі, атқарған қызметтері туралы әдебиеттер, мақалаларымен таныса аласыздар. Кітап көрмесінен ақынның 1935 жылы жарық көрген «Күш» атты өлеңдер жинағы, Челюскиншілер туралы жазылған «Құтқару» поэмасы, 1929 жылы Қызылордада басылған «37 мемлекет» атты еңбегі,1934 ж. «Олқылық» атты поэмасы,1936 жылғы «Таңдамалы өлеңдер» жинағы, 1938 ж. «Екі жаһан»поэмасы,1949 жылы араб әрпінде басылған өлеңдер жинағымен таныса аласыздар. Сонымен бірге ақынның аудармаларын да осы кітап көрмесінен көре аласыздар.
"Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жазба жәдігерлер және рухани мұра ғылыми -зерттеу орталығы Кыршехир Ахи Евран университеті Түрік тілі бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған "Түркі тілдеріндегі тарихи қолжазбаларды зерттеу халықаралық симпозиумы " өтті. Осы симпозиумға орай сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмеге қойылып құрметті қонақтарға таныстырылды. Көрмені Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми - зерттеу институтының директоры Вакур Сүмер, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаз, Ахмет Ясауи университеті Өкілетті кеңес төрағасы Муса Йылдыз, Ахмет Ясауи университетінің ректор өкілі Женгиз Томар мырзаларда көрмемен танысты. Көрмеге келген қонақтар өздерінің қызығушылығын білдіріп, оң бағасын берді.
2019 жылдың 14 маусымы күні ҚР БҒМ ҒК Экономика институты Экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Балғожаұлы Кенжеғозиннің 80 жылдық мерейтойына орай оны еске алуға арналған «Қазақстан экономикасы: қазіргі болашаққа» атты халықаралық ғылыми –практикалық конференция өткізді.
Конференцияда М.Б.Кенжеғозин туралы көптеген естеліктер мен пікірлер айтылды.
Сонымен қатар конференцияда Қазақстан экономикасын басқару мен дамытудың өзекті экономикалық әеуметтік және пәнаралық мәселелері талқыланды.
Конференцияға белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, университет қызметкерлері, мемлекеттік орган, бизнес, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастық өкілдері қатысты.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы осы іс-шараға байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде М.Б.Кенжеғозиннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәлеметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары, оның редакциясымен шыққан әдебиеттер және экономика ғылымының дамуы,қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелер туралы әдебиеттер қойылды.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі.
1992ж. 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн жаңа Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгіге қалады.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті мемлекетіміздің ресми рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран.
Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды.
Елімізде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мелекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.
Мемлекеттік рәміздерге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.
Атаулы күнге орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, егеменді еліміздің рәміздері туралы, Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы тағы да басқа әдебиеттермен таныса аласыздар.
ХХ ғасырда қазақ халқының басынан кешірген ең бір зұлмат–1920-1930 жылдардағы ашаршылық екені даусыз. Ашаршылық–қазақ тарихындағы ең ауыр қасіретті кезең болды. Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру және оның зардаптары халықтың жағдайын, тұрмысын құлдыратумен бірге олардың ұлттық санасына да кері әсерін тигізді. Күштеп ұжымдастыру және табиғи климаттық жағдай халықтың әлеуметтік, экономикалық және демографиялық жағдайының нашарлауына, ауыл шаруашылығының құлдырауына әкеп соқты. Мал шаруашылығымен айналысып көшпелі ғұмыр кешкен қазақ жұртының жол бойында сүйегі шашылып, жинаусыз калды. Халықтың басына түскен ауыр жағдайды жеңілдету, жою мақсатында Алаш азаматтары өкіметке бірнеше рет хат жолдады, көмек сұрады,бірақ жауап болмады,аштықтан қырылған халық көбеймесе азаймады. Тозған жұрт арасында наразылық ,толқулар,көтерілістер де болып тұрды.
2019 жылдың 30 мамыры күні М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Нәубет жылдар шежіресі: тарих және көркем шындық» тақырыбында Р.Бердібаев атындағы Халық университетінің кезекті дәрісі болды. Дәрісті жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай жүргізді. Қазақстан киноматографистер одағының мүшесі Қалила Омаровтың «Ашаршылық» атты деректі фильмі көрсетілді.Сабақ барысында көптеген естеліктер айтылып, Алаш азаматтары туралы тың пікірлер тыңдалды.
Осы аталған даталы күнге арнап РМК«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрме 2 бөлімнен тұрады:
Көрменің бірінші бөлімінен: «Документы свидетельствуют:из истории деревни накануне и в ходе коллективизации». –М.,1989.-526 с., «Коллективизация с/х в СССР:пути, формы, достижения». –М.1982.-399 с., «Трагедия казахского аула:сб.документов 1928-1934».
Т.1 1928 – апрель 1929 гг.– Алматы,2013.-744 с.
Т.2 1929 - январь 1932 гг. – Алматы,2018.-744 с.
«1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты=Правда о голоде 1932-1933гг.». –Алматы, 2012.-336 б. «Ғасырларға созылған қасірет: Қазақстандағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған конф.материалдары».– Караганда, 2012.-278 б., «Қазақстандағы ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы = Голод в Казахстане: трагедия народа и уроки истории». Материалы конф. – Астана, 2012.-400 с., «Сталинские кочевники: власть и голод в Казахстане». –М., 2017.-382 с., Кучкин А.П. «Советизация казахского аула 1926-1929 гг.». – М, 1962.-431 с., В.Михайловтың жұтқа байланысты бірнеше кітабы, Т.Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті».–Алматы, 1997.-320 б. және т.б.еңбектермен таныса аласыздар.
Ал екінші бөлімге Алаш қозғалысы, алаш арыстары, сол заман талабына сай олардың атқарған еңбектері туралы көптеген материалдар қойылды.
Қазақтың экономист ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Евразияның Халықаралық экономикалық академиясының академигі Кенжеғозин Марат Балғожаұлының туылғанына 80 жыл.
Кенжеғозин М.Б. 1939ж. 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылында дүниеге келген.
1957-1962 жж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында экономист мамандығын үздік бітірді.
1995- 2005ж ж.ҚР БҒМ Экономика институтының директоры.
Экономикалық ғылымның дамуына, ҚР БҒМ Экономика институтының күшейуіне және дамуына, Институттың ғылыми зерттеулері деңгейінің жоғарылауы мен олардың нақты экономика мен мемлекеттік басқару органдарындағы сұранысының артуына үлкен үлес қосты.
Кенжеғозиннің жетекшілігімен және оның жеке қатысуымен дайындалған Мемлекеттің аймақтық саясат тұжырымдамасы Үкімет тарапынан қолдау тауып бекітілді. М.Б. Кенжеғозин ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Экономикалық Кеңестің мүшесі және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық Кеңестің мүшесі болып елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді араласты.
Ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі үшін ол ҚСРО Орталық статистика басқармасының, ҚР ҒМ Ғылым академиясының Құрмет мадақтамасымен марапатталды.
Көп жылдық ғылыми, ғылыми – ұйымдастырушылық, педагогикалық және ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу істерінде М.Б.Кенжеғозин өзін аса білімдар, жоғары білікті маман, ұйымдастырушылық қабілеті ерекше, талантты ғалым екенін көрсете білді. Мақсат-міндеттерді орынды қоя біліп, оларды дер кезінде ойдағыдай жүзеге асыра алды және әріптестерін де соған баулыды.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Балғожаұлы Кенжеғозиннің туылғанына 80 жыл толуына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктер, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәлеметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Рамазан-адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айын мұсылмандар тағатсыздана күтіп, ерекше құлшылықпен, игілікпен, имандылықпен өткізуге тырысады. Мұсылман қауымы аса қадір тұтқан Рамазан айына байланысты «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде: «Құран Кәрім», «Мұхаммед Пайғамбар», «Дінтану», « Ислам», «Религии в Казахстане», «Религиеведение», «Религиозная безопасность РК» және т.б.әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
Құрметті мұсылман қауымы, оқырмандар, әріптестер сіздерді мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы және Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
2019 жылдың 28 мамыр күні «31 мамыр – саяси-қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Жас мамандар кеңесі мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры,тарих ғылымдарының докторы Смағұлова Светлана Одепқызымен «Ашаршылық қасіреті» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда болған ашаршылықтар, оның шығу себебі мен салдары, аштықпен күрес барысындағы үкіметтің жүргізген іс-шаралары, қазақ зиялыларының, шетелдік ұйымдардың аштықты ауыздықтаудағы қызметі жан-жақты айтыл ды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық нәубетінен халқымыздың жартысына жуығына қырылып қалу қаупі төніп, орны толмас зардап шекті. Бұл зұлматтардың шығуына табиғи-климаттық жағдайдан басқа большевиктік сұрқия билік әсер етті. Аштық халқымыздың демографиялық жағынан ақсауына алып келді. Аштық қасіретінің жантүршігерлік зардаптары миллиондаған адамдарды тағдыр тәлкегіне ұшыратты. Толықтай қаншама отбасының түтіні түтенбей, қырылып қалды. Ауыл шаруашылығы ақсады, әлеуметтік жағдай толықтай төмендеді. Аштықтың зардабын тартқан халық басқа елдерге пана іздеп, боса көшіп, шетел асты. Ауылдар қаңырап бос қалып, тозып өлген адамдардың сүйектері далада шашылып, жинаусыз қалды. Адам етін жеу, өз баласын жеу сияқты сұмдықтар кеңінен орын алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы