Халықаралық жаһандық зерттеу академиясының, Халықаралық жаратылыстану академиясының, Халықаралық инженерлік және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Парламентінің 4 дүркін депутаты, Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕНГЕ арналған жинақ жарыққа шықты.
Биобиблиографияға ғалымның өмірі мен еңбегін сипаттайтын мәліметтер, оның ғылыми еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілген.
Оразалы СӘБДЕН 1947 жылы 20 мамырда Тастұмсық ауылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.
1964 ж. орта мектепті бітірді. 1970 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химиялық-технологиялық институтын автоматтандырудың инженер-технологы мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1971ж. Шымкент қорғасын зауытында инженер-электрик, «Қазмонтажавтоматика» трестінде инженер болып бастаған.
Ғалымның 800-ге жуық ғылыми еңбектері бар, соның ішінде 97 монографиялары мен кітаптары жарық көрді. Жас ғалым ретінде ғылыми еңбектеріне 1980 жылы ғылым және техника жөнінде Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 2003 жылы «Қазақстанда нарық экономикасының дамуының концептуалды негіздері» атты 11 монографиялық ғылыми еңбектеріне ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Академик О. Сәбденұлы Ғылым мен әлемдік экономиканың дамуына қосқан ерен еңбегі үшін бірнеше медаль, ордендермен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы