30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күні
Барша Қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!
Үндінің атақты кітапханатанушысы Ранганатан Тагордың осы екі заңыдылығы кітапханаларда көрініс табады.
Ғалым, профессор Мұхит Сыдықназаровтың «Тарих толқынында Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты кітабы кітапханамызда оқырмандардың қызығушылығын тудырып отыр.
Жуырда кітапханаға Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын Тортай Сәдуақасов келіп, бірегей басылыммен және оның беттерінде алғаш рет жарияланған карталармен танысып, еңбекті жоғары бағалады.
Кітапта 16-19 ғасырларда жанияланған 130 карта берілген, олардан Қазақ мемлекетін көре аламыз. Кітап оқырмандардың пікірінше, еліміздің мемлекеттілігінің тарихын зерделеумен қатар оның бүгіні мен болашағын түсіну үшін өте маңызды басылым.
Басылыммен танысу үшін Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеті бөліміне хабарласуларыңызға болады.
Халықаралық жаһандық зерттеу академиясының, Халықаралық жаратылыстану академиясының, Халықаралық инженерлік және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Парламентінің 4 дүркін депутаты, Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕНГЕ арналған жинақ жарыққа шықты.
Биобиблиографияға ғалымның өмірі мен еңбегін сипаттайтын мәліметтер, оның ғылыми еңбектері және ол туралы әдебиеттер енгізілген.
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым, аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамызға арналған отандық және шетел фарабитанушылары, ғылым мен өнер қайраткерлері, ЖОО орындарының ұстаздары, жас ғалымдар мен Алматы қалалық білім басқармасының мамандарының қатысуымен «Ғылым мен өнер тоғысқан Әл-Фараби шұғыласы» тақырыбында іс-шара өтеді.
"Орталық ғылыми кітапхананың Ғылыми басылымдары" атты мақала
Әли Еркежан, Сирек кітаптар қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімі
Мақаланы оқу үшін сілтемені басыңыз--> СІЛТЕМЕ
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 наурыз күні Ақжан Әл-Машанидің 115-жылдық мерейтойына арналған, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрылғанына 75 жыл толу құрметіне арналған, осы академияның іргетасын қалаушылардың бірі, корреспондент-мүшесі, Қазақстанның ғылым қайраткері Ақжан Жақсыбекұлының әл-Машанидің «Табиғат - матбуғат» кітабының тұсау кесер мерекесіне шақырамыз.
2022 жылдың 15 наурыз айында «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері үшін «Су ресурстары: Ұлттық әл-ауқат қоры қорларындағы ғылыми-білім беру ресурстары» атты Ақпарат күнін өткізді. Іс-шараға 24 студент қатысты.
Іс-шараға қатысушылар кітапхана тарихымен танысып, оқу залдарын аралады. Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Абдуллаева реферативтік журналдар қорымен, кітапхана шығарған табиғи және су ресурстары бойынша библиографиялық басылымдармен таныстырды. Абонементте студенттер кітапхананы пайдалану ережелері, электронды және дәстүрлі каталогтар бойынша әдебиеттерді іздеу туралы білді. Мерзімді басылымдардың оқу залындағы ғылыми басылымдар студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Бас кітапханашы Мұсабекова Л. мерзімді басылымдар қоры туралы ақпарат беріп, жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары, Ғылым академиялары шығаратын басылымдарға, анықтамаларға, ғылыми журналдарға шолу жасады.
Көрме барсысында, студенттерге сирек басылымдар, Қолжазбалар және Қазақ әдебиеті залында пән бейіні бойынша диссертациялардың авторефераттары, журналдар мен сирек басылымдар ұсынылды. ХХ ғасырдың басында және ортасында басылып шыққан Арал теңізі, Ақмола облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінің гидрологиялық зерттеулері бойынша әдебиеттер оқытушылар мен білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Орталық ғылыми кітапхана университет оқытушысы Галина Агаповаға іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.
Құрметті оқырмандар!
Жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми-білім беру процесін ақпараттық қолдау сапасын арттыру мақсатында Орталық ғылыми кітапханасы 2022 жылы 15-наурыз бен 15-сәуір аралығында «Ғылыми ақпаратқа деген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің ақпараттық қажеттіліктері» атты онлайн сауалнама жүргізетінін хабарлайды.
Сауалнамаға қатысуға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, жас ғалым-зерттеушілер шақырылады.
Сауалнама нәтижелері жалпы тұтынушылардың, ғалымдардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыздыруға бағытталып, жинақтау саясатын әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Барлық сұрақтар бойынша келесі анықтамалық-ақпараттық бөлімінің электронды поштасына хабарласуға болады.
2022 жылдың 24 ақпанында ҚР БҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, белгілі музыкатанушы Сара Әділгерейқызы Күзембайдың туғанына 85 жыл толуына орай "Әсемдікті әлпештеу мәңгілік рухани құндылық" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
Осы атаулы іс-шараға арнап Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның ғылыми еңбектері және редакциясымен шыққан ғылыми кітаптар қойылды.
2022 жыл ақпан айының 21 және 25 аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ «Құжаттардың реставрациясы және консервациясы» атты біліктілікті арттыру мақсатында тәжірибелік күрсы өтіп жатыр.
РМК «Ғылым Ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының қызметкері Жұрманова Құралай Таңатарқызы өз біліктілігін арттыруда.
5 күнге жоспарланған біліктілікті арттыру курсында «Реставрацияда қолданылатын құралдар мен материалдар», «Құжаттарды тұрақтандыру», «Дәстүрлі реставрация», «Тігіс тәсілдері мен түптеу негіздері», «Реставрациядан кейін құжаттарды толтыру» тақырыптарында дәрістер жүргізіледі.
Ғұлама ғалым өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін рим цифрымен нөмірлеп, бір парақ ақ қағазға жазып кеткен екен.
Ауыл мектебінде молдадан оқыған 7 жыл мерзімді қамтиды. Онда осы жылдарда алған білімі мен оқыған кітаптары туралы мынадай деректер келтірілген. Оны өзі араб санымен белгілеген екен:
✔️Араб әріптерінің қыр-сырын, мән-мағынасын түсініп, жақсы біліп алған.
✔️Құран Кәрімді түпнұсқадан оқи алатын дәрежеге жеткен.
✔️Араб-парсы тілдерінен хабардар болған.
Шағатай тілін жақсы меңгерген.
Осы орайда, "Ғылым Ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы қорынан 1959 жылы жарық көрген «Сөздің мағыналық сипаты хақында», 1959-1961 жылы басылған Түркітану тарихындағы тұңғыш сөздік – екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» кітапхана қорынан ала аласыздар.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2015 жылғы шешімімен 11 ақпан ғылымдағы әйелдер мен қыз балалардың Халықаралық күні деп жариялады.
Қазіргі уақытта ғылым саласында әйелдердің орны ерекше. Ағартушылық салада жаңалық ашып, өлшеусіз үлкен қосқан қыздар арамызда өте көп. Еліміздегі ғылым саласында гендірлік теңсіздік жоқ деп айтуға әбден болады. Себебі, біз кәсіби біліктілік пен біліміне баса назар аударамыз. ЮНЕСКО институтының статистикалық мәліметіне сүйенсек, әлемдегі әйел ғалымдардың үлесі 30 пайыздан асады екен.
16 ақпан күні сағат 12:00-де "ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруға конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес Wiley журналдарында мақалаларды қалай жариялауға болады" тақырыбында вебинар өтеді.
Вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Вебинар барысы
— Мақалаларды жариялау бойынша ҚР БҒМ конкурстық құжаттамаларының талаптары
— Scopus, Web of Science индикаторларына сәйкес журналдардың процентильдері мен квартильдерін түсінеміз
— Жариялау үшін WOL-да қажетті журналды қалай табуға болады
— WOL журналдарында мақала жариялау бойынша авторларға кеңес
Вебинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі
Вебинарға тіркелу үшін сілтеме: https://register.gotowebinar.com/register/847275285080174859
Сіздерді 2022 жыл 8 ақпан, сағат 10:00 - 12:30 аралығында өтетін Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға арналған «Springer Nature» виртуалды саммитіне шақырамыз. Саммит ағылшын тілінде өтеді және сізді Springer Nature стратегиясы бойынша ақпараттық сессиялар мен ашық қолжетімділік бағдарламасын жаңарту, содан кейін ғылыми жарияланымдар бойынша семинарал күтетін болады.
Саммит Zoom платформасында өтетін болады, бұл сізге сұрақтар қоюға және әріптестеріңізбен пікірталастар өткізуге тамаша мүмкіндік береді. Біз барлықтарыңызды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.
Тіркелу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.
Құрметті оқырмандар, 2022 жыл ақпан айының соңына дейін ақпараттық өнімдер мен қызметтерді жеткізуші East View компаниясы жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми журналдарға тестілік қолжетімділікті ашады.
Деректер базасына қолжетімділік Орталық ғылыми кітапхана аумағында мына сілтеме бойынша беріледі: https://dlib.eastview.com/
15 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында болып, Кәсіпорынның Орталық ғылыми кітапханасы, ғылыми мұрағаты және музейлерінің жұмысымен танысты. Министр мәдениет ошақтарымен танысу барысында, сонау ғасырлар қойнауынан сақталып келе жатқан, тарихы терең Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры, мұрағат және музей қорларының сақталу барысы, олардың бүгінгі таңда сандық қалыпқа түсірілу жұмыстарымен және зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілу сияқты іс-шаралардың барысымен кеңінен танысты. Кездесу барысында көптен бері қордаланып, шешуін таппай келе жатқан бірқатар мәселелер ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен жан-жақты қарастырылып, тарихымыз бен мәдениетіміз үшін аса құнды болып табылатын сирек кітаптар мен қолжазбаларды жылдамдатып сандық форматқа ауыстыру үшін қосымша арнайы өндірістік жылдам сканерлер алуға, тозығы жеткен құнды кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үшін реставрация жасайтын лаборатория ашуға, жалпы кітапхана, мұрағат және музей қорларының сақталуы үшін температуралық, ылғалдылық, өрт қауіпсіздігі және жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз ету сияқты кешенді мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар беріп, осы жұмыстарды іске асыру барысында Министрлік тарапынан қолдау көрсететілетіндігін мәлімдеді.
Құрметті оқырмандар!
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарованың шешіміне сәйкес «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы қаңтар айының 31 жұлдызына дейін оқырмандарды қабылдамайды. Өз денсаулығыңызды күтіңіз!
2022 жылдың 5 қаңтар және 31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Wiley баспасының ақпараттық ресурстарына - халықаралық деректер қорына, толық мәтінді ғылыми журналдарға және Кокрейн кітапханасына (дәлелді медицина базасы) сынамалы қолжетімділікті ұйымдастыратынын хабарлаймыз.
Бұл бастама Elsevier-ден кейінгі әлемдегі үшінші ірі баспа үйі және жарияланған мақалалардың сапасы бойынша бірінші болып табылатын Wiley-мен бірлесіп жүзеге асырылады. Баспа туралы толығырақ материал постерде ұсынылған. Сынақтық қолджетімділік барысында айына 2 рет вебинарлар өткізіледі. Іс-шараларды өткізу күндері туралы ақпарат қосымша берілетін болады. Біздің хабарландыруларымызды бақылаңыз.
Бүгін Орталық ғылыми кітапхана қорына келіп түскен жаңа журналдар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз!
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі білім- қазынасы!
Ал білім сипаты алуан түрлі!!!
Кітап таңдап талғап оқи білу оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі болып табылады!!!
Есен Әбікенұлы Бектұров 1931 жылы 14 желтоқсанда Ташкент қаласында дүниеге келді. Академик 1949 жылы Алматы қаласының №28 орта мектебін бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсті. 1954-1957 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты.
1958 ж. «Қос сұйық, жүйелерді физика-химиялық, талдауда уақыт әсері» тақырыбында химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Еңбек жолы:
1958-1963 жж. Қазақ ССР ҒА Химия ғылымдары институтының кіші ғылыми қызметкері;
1960 ж. Макромолекулалық химия бойынша Халықаралық симпозиумының қатысушысы;
1963-1966 жж. Қазақ ССР ҒА Химия ғылымдары институтының аға ғылыми қызметкері;
1970 ж.«Еңбектегі ерлігі үшін В.И. Лениннің туғанының 100 жыл толу құрметіне» медалімен марапатталды;.
1972-1974 жж. Қазақ ССР ҒА Химия ғылымдары институтының кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі Ғылыми кеңестің, ғылыми хатшысы;
1976 ж.«Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» мамандығы бойынша профессор атағы берілді;
1978 жылдан бастап Д.И. Менделеев атындағы БХҚ Орталық Басқармасының физикалық және коллоидты химия секциясының кеңес мүшесі;
1983 ж. ҚазССР ҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды;
2002 жылдан бастап ҚР ҰҒА академигі;
Ғылымды дамытудағы және жоғары квалификациялы кадрларды дайындаудағы жұмыстары үшін «Қазақ Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Павлодар және Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында ҚР ҰҒА академигі Есен Әбікенұлы Бектұровтың туғанына 90 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметінің негізі кезеңдері, еңбектері, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер оқырман назарына ұсынылып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялауы аясында «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі сирек қорымызда бар латын әріпінде жазылған балалар кітаптарымен бастау алып, әлем балалар әдебиеті және 2021 жылы басып шығарылған қазақ балалар әдебиеті классиктерінің ең үздік туындыларымен толықтырылған. Рухани әлемнің қайнар бұлағының бірі ол ертегілер. Ертегілер халықтың үміт-тілегінен, аңсар арманынан, ұшқыр қиялынан туған. Көрмемізде 1936, 1938 жж. латын әрпімен шыққан және 1957-1964 жж. ҚазССР ҒА Тіл және әдебиет институты шығарған Ертегілерден бастап, оқырман қауымның зор ықыласына ие болған А.С. Пушкин «Хан Салтан туралы ертегісі», Н.Носов «Дымбілместің Айға саяхаты», М.Алтынжанов «Алтын сақа», Қ.Әбдіқадіров «Қажымұқан», Ө.Тұрманжанов «Менің кітабым», «Аяз би», «Қырық өтірік» атты туындыларымен қатар ол кітапқа да, киноғда да арқау болған Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы, Алтын классика Disney сериясымен шыққан аударма топтамалары қойылды.
Құрметті оқырмандар, 2021 жыл желтоқсан айының 25 жұлдызына дейін ақпараттық өнімдер мен қызметтерді жеткізуші East View компаниясы жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми журналдарға тестілік қолжетімділікті ашады. Деректер базасына қолжетімділік Орталық ғылыми кітапхана аумағында мына сілтеме бойынша беріледі: https://dlib.eastview.com/
Құрметті оқырмандар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітап және кітапхана» журналының 2021 жылдың №4(20) санында «Ғылыми ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхана қызметкері, тарих ғылымының докторы Смағұлова Светлана Одепқызының «Сан ғасырдың құпиясын сақтаған» атты мақаласы жарық көрді. Аталмыш мақаланы Орталық ғылыми кітапхана қорынан оқи аласыздар.
Ергалиев Қуаныш Асылханұлы Орталық ғылыми кітапханасының қызметімен танысып, сирек кітаптар көрмесіне қатысты. Көрмеде Құран, «Житие святого Матвея», 1974 жылы Түркістан қаласынан табылған «Таурат. Еврей қолжазбасы», «Әбу Насыр ибн Тархан Әл-Фараби. Құмдағы сәуегейлік өнеріндегі жетістіктерге жету және оның түрлерінің тізімі туралы кітап» қолжазбасының фотокөшірмесі, сонымен қоса Абайдың шығармалары: Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбасы және басқада құнды кітаптар қойылды.
Құрметті оқырмандар!
Ғылым комитеті 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 15:00-де CleverConsult компаниясы «Web of Scince Core Collection-да ғылыми журналдарды іріктеу барысы және сапа критерийлері» тақырыбында вебинар өткізетіндігін хабарлайды.
Вебинар барысында журналды дербес бағалау және жақсартуды талап ететін параметрлерді анықтау мәселелері қарастырады.
Дәріскер – к.ғ.к., Тихонкова Ирина, Clarivate аймақтық шешімдері бойынша кеңесші.
Вебинарға қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет: https://us02web.zoom.us/j/84350734230?pwd=RkZCM1czTFUrNjJyQzBVdDNaL0h2Zz09
Pass word: 807249
2021 жылдың желтоқсан айының 7-8 жұлдызы аралығында, Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері Назарбаев Университеті кітапханасының онлайн форматында ұйымдастырылған кітапханалық технологиялар мектебінің семинарына қатысты. Семинар тақырыбы «Ақпаратты ұйымдастырудың заманауи халықаралық қағидаттары мен стандарттарын енгізу тәжірибесі. Деректерді басқару». Кітапхана мамандары Marc 21, LRM, RDA каталогтаудың халықаралық стандарттарын енгізетін Латвия, Украина, Ресей және басқа елдердің Ұлттық, академиялық кітапханаларының тәжірибесімен танысты.
Тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырған, Ресей мемлекеттік кітапханасының пайдаланушыға виртуалды ортада іздеуді жеңілдетуге бағытталған ашық деректер сөздіктерін енгізу тәжірибесі, сондай-ақ Назарбаев Университеті кітапханасының каталогтау процестерін басқару, халықаралық стандарттарды пайдалану және лицензиялық дерекқорларды пайдалану болды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы