85 жыл

«Арттағыға сөзің мен ісің қалса,

Өлсең де, өлмегенмен боласың тең»

Абай

15 қазан Алматы қаласы кітапханалар күніне орай «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған «Хакім Абай даналығы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Ғылыми іс-шараға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студенттер, кітапхана және мұражай қызметкерлері қатысып, халқымыздың еш уақытта маңызын жоймайтын аса құнды рухани мұрасы болып табылатын ұлы Абай шығармашылығын жаңаша пайымдап, ғылым мен қоғамдық сананың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан зерделеп, ақынның шығармашылығы туралы пікір алысты.

Қазақтың бас ақынының баға жеткісіз тағлымдары мен терең ойының, асыл мұратының әлемдік өркениет пен еліміздің дамуына қосатын үлесі жан-жақты сараланды. Дөңгелек үстел ҚР БҒМ ҒК«Ғылым ордасы» РМК бас директоры Роза Оспанқызы Кәрібжанованың кіріспе сөзімен ашылды. Абайтанушы ғалымдар – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ф.ғ.д., профессор Жанғара Дәдебаевпен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д. Жамал Алшынбекұлы Шойынбет «Хакім Абай даналығы» атты тақырыпта, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, исламтану докторы Холид Ассаид Мухаммад Ғаним мырзаның «Абайдың діни пікірлері жайлы», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері қолжазба бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Тоқтар Кесімұлы Әлібеков пен Ежелгі және орта ғасырлар әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Серікбай Қылышбайұлы Қосанның «Абайдың қолжазба мұралары» жайлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і Түркология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Бақыт Әбжеттің «Қазақ даласындағы Ясауи мен Абай мектебінің дәстүрлі жалғасы», Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Шығыстану факультетінің ұстазы Рая Қадысқызы Оразованың «Абай және араб әдебиеті» атты баяндамалары тыңдалды. Сонымен бірге А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Хабиба Мұрзақанқызы Ақжігітованың «Біздің Абай. Электронды кітапхана» мен Семей қаласының Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Негізгі қорды сақтау бөлімінің меңгерушісі Жаңылгүл Әділбекқызы Манжибаеваның «Абай: сирек өлкетану дереккөздерінде» атты презентациялары көрсетілді.

Аталмыш шара аясында «Абай - дана, Абай - дара» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ғылыми кітапхана қорының құнды мұраларының бірі Абай Құнанбайұлының әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлының 1905 және 1910 жылдары жазылған қолжазбалары, ақынның алғаш 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында және 1922 жылы Ташкентте жарық көрген баспа кітаптары қойылды. Сонымен бірге Абай Құнанбайұлының осы кезге дейін жарық көрген барлық шығармалары мен ақынның шығармашылығына арналған барлық ғылыми еңбектер оқырман назарына ұсынылды.

Дөңгелек үстел материалдары жинақ болып шығарылады.

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • 2017-12-01 күнінен бастап статистика
  • Барлық қаралған: 18615
  • Барлық қолданушылар: 15222
  • Ораташа уақыт: 00:08:08
  • Парақша қолданушылары: 1
  • Барлық қолданушылар саны
    369.838