Кітап көрмесі Тәуелсіз Қазақстан тарихына арналған материалдардан басталды.
Көрмеге Елбасы, академик Н.Ә.Назарбаевтың 7 кітаптан тұратын 5 томдық таңдамалы еңбектерінен бастап, барлық ғылыми еңбектері және Егеменді ел болғаннан бергі атқарған істері туралы баяндайтын еңбектер қойылды.
Президенттің 1997 жылы жариялаған «Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауынан бастап, жыл сайын жарияланатын Жолдаулары қойылды.
Президент Н.Назарбаев еліміздің экономикасын көтеріп, халықаралық беделін нығайтуға қаншалықты күш-жігер жұмсағаны, оның Қазақстан және шетел жұртшылығына қаншалықты мәлім екенін көрсететін материалдармен танысуға болады. Атап айтсақ, еліміздің ішкі және сыртқы саясатына байланысты жазылған еңбектер, Дүниежүзі саясаткерлерінің Қазақстан, Президент туралы айтылған саяси пікірлері, ойлары туралы баяндайтын материалдар топтамасы қойылды.
Қазақстандағы Президенттік билік институты туралы да кітаптар қойылған.
Президенттің бастамасымен құрылып, биылғы жылы құрылғанына 20 жыл толып отырған Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қазақстанның ғылымы мен біліміне, ел тұрақтылығына, өсіп-өркендеуіне қосып отырған игілікті істері туралы баяндайтын материалдармен де танысуға болады.
Көрмеде Қазақстанның 2010 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ОБСЕ) Төрағалық етуі кезіндегі баяндамалар мен кездесулеріне арналған материалдар да бар.
Кітап көрмесінен Елбасының діндердің келісімін, этностық топтардың тату болып бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз етудегі ролін де айқын баяндайтын материалдарды табуға болады.
Елбасының тағы бір үлкен бастамасы шетелдегі бауырларды елге қайтару болса, ол туралы «Көш бастаған Елбасы»атты кітаппен танысуға болады.
Еліміздің абыройын асырып, бүкіл дүние жүзіне танытып, ел экономикасын көтеруге үлкен ықпал ететін тағы бір атқарылар үлкен іс «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынып отырғаны туралы да мәліметтер бар.
Сонымен қатар шетел дипломаттарының Президентке тарту еткен сыйлықтарының мұражай қорындағы коллекцияларымен де танысуға болады.
Кітап көрмесінен Ұлт көшбасшысы, Президент, Ұлттық ғылым академиясының академигі Н.Ә.Назарбаевқа арналған альбомдарды, Елбасы туралы түсірілген «Елбасы жолы.Путь лидера» киноэпопеясының түсірілуі туралы көптеген қызықты мәліметтерді алуға болады.
«Астана– Елбасының ерлігі» атты тақырыпқа Астананың бұрынғы тарихынанан бастап, күн сайын бой көтеріп жатқан зәулім ғимараттары, ондағы халықтың тыныс- тіршілігі, әлемге танылған салтанатты келбеті туралы баяндайтын әдебиеттер қойылды.
Көрмеге Елбасының айтқан нақыл сөздерінен цитаталар қойылып, суреттермен безендендірілді, барлығы 298 кітап қойылды.
Көшбасшы, академик Н.Ә.Назарбаев туралы слайдта көрсетіліп отырады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты