Қайыңбаев М. Гильгамеш туралы дастан. (Орыс тіліндегі академиялық нұсқасынан аударған).
Алматы: «Кітап» баспасы, 2019. - 480 б, суретті
ISBN 978-601-7888-27-5
Дастан қазақ тіліне тұңғыш рет орыс тіліндегі академиялық нұсқасынан аударылып отыр.
Аталмыш еңбек қазақ қоғамындағы ғылыми зерттеу, оның ішіндегі аударма саласының жетістігі болып табылады. Бүгінгі күнге дейінгі орыс тілінде жеткізілген Гильгамеш туралы дастан енді қазақ тіліне аударылып, оқырманға жол тартпақ.
Гильгамеш туралы дастан - ежелгі Шығыстың ғажайып туындысы. Ол адамзатқа белгілі жазба көркем туындылардың ең бағзысы, кейінгі бүкіл поэтикалық көлемді дүниелердің анасы. Оның «жасы» «Иллиададан», кем айтқанда, мың жылдан астам үлкен. Гильгамеш туралы ауызша ән-жырлар біздің жыл санауымыздан III мың жыл бұрын айтылып жүрсе де, қыш кітаптарға шумер, аккад, хуррит, хетт тілдерінде түсіп, бізге жеткендерінің «жасы» одан 800 жылдай жас, яки, 8 ғасыр кейін пайда болған.
Дастанның қазақ тіліне аударылған тілі тартымды, бояуы қанық, қызықты, қисса стилінің негізі сақталып, орыс тіліндегі академиялық нұсқасына тепе тең тәржімаланған. Бір жағынан бұл ғылыми еңбек болғандықтан, поэтикалық тұрғыдан шектеулі екені белгілі, сондықтан аудармашы поэманы қалың көпшілікке қазақы, еркін жеткізуге тырысып, орысша аударманы демеу ретінде өз жанынан да сөздер қосты, олар дастанда тік жақшаның ішінде беріліп отыр.
Кітап ғалымдарға, студенттерге ғылыми дерек көзі ретінде, әдебиет қоғамында жаңаша қыр ашатын, аударма саласында өзіндік із қалдыратын қомақты еңбек болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы