85 жыл
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Түрксой орталығы және Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасына қарасты Имамдардың білімін жетілдіру институттарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Шағатай тіліндегі мәтіндерді оқу және зерттеу әдістері» халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Ісшара ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының 85 жылдық мерейтойына Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуына және ҚР президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткізілді.
Семинардың кіріспе сөзін ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК бас директордың ғылым және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы бастап, Жумһуриет университетінің (Түркия, Сиуас) профессоры қолжазбалар бойынша сирек маман Билал Южел мырза «Шыңғыснаманың зерттелу деңгейін: текстологиялық талдау», қолжазбатанушы-ғалым Мақсұт Шафиғи «Хандар шежіресі қолжазбасы туралы», «Нұр Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университеті, «Әбу Ханифа» орталығының жетекші ғалымы, ф.ғ.д., профессор, шығыстанушы, ҚР мәдениет қайраткері Ислам Жеменей «Орта ғасырдағы түрік тілі және Бабырнама» атты баяндамалар оқылды жәнеҚМДБ Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Мұрзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы да өз лебізін білдіріп, бірнеше отандық белгілі қолжазба зерттеуші мамандар мен ғалымдарымыз Серікбай Қосан, Ғарифолла Әнес, Өмір Тұяқбай ұзақ жылғы тәжірибелерімен бөлісті.
Орталық ғылыми кітапханаға 85 - жыл (видео)
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты