2019 жылдың 21 мамыры күні Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Республикалық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының  ұйымдастыруымен  биылғы жылы туғандарына 125 жыл толып отырған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Т.Шонанұлы, И.Тоқтыбай, А.Сейітов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндерге арналған «Тұлға және ұлттық тарих мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы барысында қоғам қайраткерлерінің ұлт тарихында атқарған қызметі мен ролі, ұлтқа сіңірген еңбектері, сол кезеңде қалыптасқан қоғамдық – саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып қарастырылды.

Конференция жұмысына Тарих және этнология институтының, Жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Әділет» қоғамдық қорының қызметкерлері, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан, Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығынан, Қ.А.Яссауи университетінен қонақтар және қуғын-сүргін құрбандары болған саяси тұлғалардың ұрпақтары мен туыстары да қатысты.

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылып отырған үлкен іс-шараға РМК «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге бүгінгі өткен конференция жұмысының негізі болған тұлғалардың әрқайсысының қоғамдағы рөлі, саяси қызметі, жарияланған еңбектері және кейінгі ұрпақтың олар туралы зерттеулері қойылды.

Т.Шонанұлының 1935 жылы жарық көрген «Әліппе»,«Самоучитель казахского языка» 1930 ж., «Қазақ тілінің оқу құралы» 1933 ж., «Қазақ тілінің грамматикасы мен емлесі»1934 ж., С.Қожановтың 1924 жылы Ташкентте шыққан «Арифметика»оқулығы мен 1928 жылы жарық көрген «К десятилетию Советской Автономии Туркестана» еңбегі, Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» повесті 1934 ж., «Шұға» 1935 ж., «Жалбыр» 1937 ж., С.Сейфуллиннің 1935 жылы жарық көрген «Айша», І.Жансүгіровтың 1936 жылы шыққан «Күйші» және т.б.кітапхана қорындағы басылымдармен таныса аласыздар.

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

NEW1

Menu

БІЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЖЕЛІДЕМІЗ !!!

VKontakte.svg    icone twitter  instagram


QR Ortalyq GK


 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ


«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КIТАПХАНАСЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГЫ

5 ElektronnaiaBiblioteka


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР


ЭЛЕКТРОНДЫ ҒЫЛЫМИ РЕСУРСТАР АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІКТЕ




 


БАННЕРЛЕР


ҚҰЖАТТАРДЫ

GO2

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖЕТКІЗУ

 


ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ