1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. Қазақстан Республикасының Рәміздері - саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Ту мен Елтаңба егемендік пен тәуелсіздік идеяларын көрсетсе, Әнұран осы ізгі ұғымдардың рухани жаршысы болып табылады.
Осы айтулы күнге орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі рәміздер туралы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, ондағы бейнелердің мәні мен маңызы жайлы, олардың авторларының өмірбаяны туралы мәліметтерді көре аласыздар.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
"Ұлы даланың жеті қыры"