Халықаралық музейлер кеңесінің Мәскеу мен Ленинградта өткен конференциядағы ұсыныстары негізінде 1978 жылдан бері 18 мамыр– Халықаралық музейлер күні деп аталып өтіліп келеді. 2018 жыл «Гиперкоммуникациялар дәуіріндегі музейлер: жаңа тәсілдер, жаңа аудиториялар» жылы.
Атаулы күнге орай «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге музейтануға байланысты ғылыми кітаптар, Қазақстан, әлем музейлері туралы кітаптар, Лувр, Прадо, Венаның өнер тарихы музейі, Берлиндегі мемлекеттік музейлер, Метрополитен, Эрмитаж және т.б. шетелдік музейлер туралы көптеген мәліметтер ұсынылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
"Ұлы даланың жеті қыры"