«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында биология ғылымдарының докторы, профессор, орнитолог ғалым Анатолий Федорович Ковшардың туғанына 80 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Тянь-Шань құстарыныңэкологиясына, қорық ісіне, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мәселелеріне арналған. 5 томдық «Қазақстан құстары» жинағының авторларының бірі. Осы еңбегі үшін ол басқа авторлармен бірге Қазақ КСР-ы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастырушылардың бірі және бас редакторы, зоолгия мәселелеріне арналған «Selevina» журналының бас редакторы.
Көрмеден ғалымның монографиялары, ғылыми еңбектері және ғалым туралы жазылған материалдармен танысуға болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы