Халифа Алтай 1917 жылы 25 желтоқсан Шығыс Түркістанның Алтай өңірінің Шіңгіл ауданында дүниеге келген дін және қоғам қайраткері, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашқан. 1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған. 1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған. 1951 жылы Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды.

(https://youtu.be/spQELlweqCI)
АЛАШ Ұлттық-демократиялық партиясының құрылғанына 100 жыл
Алаш партиясы мүшелері Алаш құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Алаш ұлттық-демократиялық партиясының құрылғанына 100 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Алаш қозғалысына қатысты ғылыми-зерттеулер, энциклопедиялар және Алаш арыстары туралы әдебиеттер қойылды.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты