ЖЕМЕНЕЙ И.Парсы және түркі жазба деректеріндегі қазақ тарихы
(Ежелгі және орта ғасырлық дәуір). / Ислам Жеменей. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2019. - 224 бет.
ISBN 978-601-80767-6-3
Бұл еңбекті жазу барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу- зерттеу жұмыстарын жүргізілді. Қазақтың б.з.д. 7-6 ғасырлардан түркінің ежелгі тарихи дәуірінен бастап, Қазақ хандығы құрылған 1465 жылына дейін, тіпті, одан кейінгі дәуірлердегі тарихи деректерді парсы жазбалары деректерінен кездестіреміз.
Бұл еңбекте жер-су мен адам аттарының жазылуын екі негізге сүйене отырып жазғандығымызды ескергенді жөн көрдік: 1) Деректердің түпнұсқада қалай жазылғанына арқа сүйедік. Мәселен: - Йәсі. Бізде Ясса деп жазылып келді; 2) қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес транскрипцияладық. Мәселен: Хайдар емес Айдар. Хасан емес Асан. Келешекте Тіл комитетінің араб, парсы, түркі және т.б. мамандарының қатысуымен аталған жайттарға байланысты барлық тарихи жер-су, адам аттарын бір ізге түсіріп жазуға жаңаша бағдарламаны іске асырады деп үміттенеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы