Menu

Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

Алдыңғы жазбалардың жалғасы ретінде Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған Әбу Насыр әл-Фарабидің құнды мұраларымен өздеріңізді таныстырудан жалықпаймыз.

Келесі бір қолжазба Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың әл-Фараби туралы жазған қолжазбалары. Ақжан Машанов- геолог ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі болған. Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы. Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де танылды. Тіпті әл-Фарабидің Дамаскідегі Баб ас-Сағир қорымынан қабірін тауып, құлпытас орнатуға ат салысқан.

 Суретті жылжытып қарасаңыздар Ақжан Машановтың өз қолтаңбасы қойылған және "Осы бір өзгеше еңбектің бір данасын Академия библиотекасына (кітапханаға) сыйлық етемін. Адамдарға пайдасы болғай" деген сөздерін көруге болады.

                   

 

 

Геометриялық пішін дәлдіктеріндегі табиғат сыры мен руханиат күші

(Ал-Хиал ар-руханийа уа асрар ат-табиғийа фи дақа'иқ ал-ашкал ал-хандасийаһ). Қолжазбаның тұпнұсқасы Швециядағы Уппсала университетінің кітапханасында сақталған. Бұл қолжазбаның көшірмесі біздің кітапханаға 1968 жылы арнайы Халықаралық кітапалмасу арқылы әкелінген. Ең қызығы бұл қолжазба 933 жылы 19-шілдеде Әбу Насыр әл-Фарабидің өз қолымен жазылған.

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл толуына орай Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған құнды мұрамен сіздерді таныстыра отырып, ғалымдар тарапынан тереңірек зерттеліп, ғылыми құндылығы анықталып, өз оқырманын тапса деген ойдамыз.

                     

 

 

Құм бетіндегі бедер мен пішін жасауды білуге құмарлық 

Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған, Әбу Насыр әл-Фарабидің "Құм бетіндегі бедер мен пішін жасауды білуге құмарлық" (Китаб буғийат ал-амал фи синағат ар-рамл уа такуим ал-ашкал) деген трактатын ұсынамыз. Қолжазбаның түпнұсқасы Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында сақталған бұл трактаттың қолжазба көшірмесі біздің кітапханаға арнайы 1968 жылы Халықаралық кітапалмасу арқылы әкелінген.

Бұл кітапта тоғыз нүктенің бейнесі мен оның орналасуы көрсетілген. Автор сол нүктелердің қандай пішінде түсуі мүмкін екендігіне тоқталып, оның мағынасына терең үңіліп, кестелік жүйеде түсініктеме жасаған. Шығыстанушы мамандар бұл қолжазбаны сол замандағы болжам жасаудың бір әдісі деп топшылайды. Ең қызығы қолжазба осы уақытқа дейін еш жерде жарияланбаған, бұрын-соңды зерттелмеген.

Әлемге әйгілі ойшыл, философ, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл толуына орай Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған құнды мұрамен сіздерді таныстыра отырып, ғалымдар тарапынан осы еңбектің тереңірек зерттеліп, ғылыми құндылғы анықталып, өз оқырманын тапса деген ойдамыз.

            

 

 

       Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.


 

 

 

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚМӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРЫ

Menu

NEW1

Яндекс.Метрика